Дамытушы ойындар

Тәрбиеші: Тұяқбаева Қ.О

Баланың аты-жөні: Нұртаза Муслима

Баланың жасы: 4

ПМПК тұжырымдамасы:

  1. Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы
  2. Психикалық дамудың тежелуі
  3. Сөйлеу тілінің бұзылысы «жалпы сөйлеу тілі дамуының 1-деңгейі

Анықтама

Сәуір айының 22 жұлдызында Нұртаза Муслимамен дидактикалық ойындар жүргізілді.

«Ғажайып қобдиша»

Қобдиша ішіне қолын салып ішінен алған затын айтып таныстыру және бірдей заттарды ажыратып нұсқау арқылы топтастырып қойды. Тәрбиешінің нұсқауы арқылы ойынды қызыға ойнады.

«Түсіне қарай топтастыр»

Түрлі-түсті асықтарды бір-біреуден алып, нұсқау арқылы түсін ажыратып, түстеріне қарай қойып шықты. Асықтарды қолымен ұстап, бірінің үстіне бірін қойып, тізіп қойып қызыға ойнады.

«Түрлі- түсті доптар»

Түрлі-түсті шарларды түсіне қарай ұяшықтарына түсіру. Нұсқау арқылы түсін ажыратып, түстеріне қарай ұяшықтарға қойып шықты. Қызыға ойнап тәрбиеші нұсқауымен доптарды ұяшықтарға қозғалтып отырып салды.


Дамытушы ойындар

Тәрбиеші: Тұяқбаева.Қ.О

Баланың аты - жөні: Ақылбек Артур. Кенжебек Айсел

Баланың жасы: 3 - 4

Анықтама

Сәуір айында Ақылбек Артурмен Кенжебек Айселмен дидактикалық ойындар жүргізілді.

«Кім жылдам, кім епті?» ойыны арқылы түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың ептілігін, шапшаңдығын және ойлау қабілетін дамыту. Балаларға түстерді айтып, сол түсті қолымен басып тауып, асық дегенде кім жылдам асықты алса жеңімпаз болатыны түсіндірілді. Тәрбиешінің нұсқауы арқылы ойынды қызыға ойнады. Ойын 3 - 4 рет қайталанып, жылдамдықпен Артур жеңіске жетті.

«Түрлі түсті шарлар» ойыны арқылы балалардың ептілігін, дәлдей білуге үйрету. Түрлі түсті шарларды өз ұяшықтарына дәлдеп отырып түсіру керектігін көрсетіп түсіндірілді. Ойынды қызыға ойнап, ұяшықтарға түсіргендеріне қуана ойнады.


Дамытушы ойындар

Тәрбиеші: Сәдібекова А.М

Баланың аты-жөні: Нұртаза Муслима

Баланың жасы: 4

ПМПК тұжырымдамасы:

  1. Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы
  2. Психикалық дамудың тежелуі
  3. Сөйлеу тілінің бұзылысы «жалпы сөйлеу тілі дамуының 1-деңгейі

Анықтама

Қараша айында Нұртаза Муслимамен дидактикалық ойындар жүргізілді.

«Жемістер мен көкөністер»

Алма, алмұрт, ананас, банан суреттерімен таныстыру және олардың түсін ажыратып нұсқау арқылы көлеңкесін тапты. Тәрбиешінің нұсқауы арқылы ойынды қызыға ойнады.

 

Түрлі-түсті пішіндерді бір-біреуден алып, нұсқау арқылы түсін ажыратып, жіпке тізбектеп жинап салды. Жіпке тізілген пішіндерден шеңбер жасап, қолымен ұстап, домалатып ойнады. Ойнап болған соң оларды ретімен орнына салуды үйренді.


Анықтама

Қаңтар айында Нұртаза Муслимамен дамытушы ойындар жүргізілді:

-түрлі-түсті сақиналарды көлеміне қарай, ретімен орналастыру;

-түрлі-түсті доптарды қорапқа жинау;

-түрлі-түсті ойынщықтарды түсіне қарай сәйкестендіру;

 

Муслимамен ең алдымен сәлемдесуден бастадық. Апаймен, үлкендермен оң қолын жүрек тұсына қойып, басын иіп сәлемдесуді үйренді. Түрлі-түсті сақиналарды көлеміне қарай, үлкеннен бастап қызыға ретімен орналастырды.

Түрлі-түсті доптарды алдына шашып, барлығын қайта қорапшаға жинады. Әр түстегі доптарды бір-бірден алып, парта үстінде домалатып ойнады. Осы ойынды қызыға бірнеше рет қайталап ойнады.

Түрлі-түсті ойыншықтарды түсіне қарай өз ыдыстарына орналастырды. Ойыншықтарды араластырып, қайтадан түсі бойынша кеселерге салып жинады.


Қарым-қатынасты дамыту

Педагог-психолог: Төлегенова Ф

Баланың аты-жөні: Нұртаза Муслима

Баланың жасы: 4

ПМПК қорытындысы:

1. Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы

2. Психикалық дамудың тежелуі

3. Сөйлеу тілінің бұзылысы (жалпы сөйлеу тілі дамуының І деңгейі)

1. Қарым-қатынасты дамыту.

- Көз контактісін орнату.

«Ку-ку» ойыны

2. Негізгі қозғалыстарға еліктеу

- Сәлемдесу мен қоштасуды білу

- Бала атын естігенде бұрылып қарау

- Әуен-ырғаққа еліктеу

Сәлем! Сау бол!

Мақсаты: Баланың ересек адаммен эмоционалды байланысын дамыту, байланыс орнату.

Ойын барысы: педагог балаға жақындап, сәлемдесу кезінде қолын бұлғайды. – Сәлем! Сәлем!

Содан кейін ол баланы сәлемдесуге жауап беруге шақырады.

- Сәлем айтайық. Қолыңызды бұлғаңыз! Сәлем!

Қоштасу кезінде ойын қайталанады – педагог қолын бұлғайды.

- Сау болыңыз! Сау бол!

Содан кейін ол баланы қоштасуға шақырады.

- Қоштасу үшін қолмен сермеңіз. Сау бол!

Бұл кездесу-қоштасу рәсімі сабақтың басында және соңында үнемі қайталануы керек. Бірте-бірте бала осы жағдайды қайталай бастайды, педагогты кездескенде өз бетінше амандасып, қоштасу кезінде қол бұлғауды үйренеді. Бұл ойын адамдар арасындағы мінез-құлық ережелерін үйрету арқылы пайдалы болып табылады.

1. Қарапайым сөздік нұсқаулықтарды түсіну.

- Заттар мен әрекеттерге еліктеу

- Жасырын заттарды іздеу

- Дене мүшесін білу

2. Біріңғай командаларды орындау

- «Бері кел»

- «Қолыңды көтер»

- «Көзіңді жұм» сияқты нұсқаулықтарды түсініп орындау

3. Сұрақтарға жауап беру

- Айтылым қозғалыстарына еліктеу

- «Бұл не?» сұрағына жауап беру

- «Бұл кім?» сұрағына жауап беру

4. Айналадағы заттар

- Үстел, орындық және т.б.

- Кітаптағы суреттерді көрсету

- Заттардың мағынасын түсіндіру

5. Түстер

- Түстерді тану және ажырату

6. Пішіндер

- Пішіндерді тану және ажырату

«Сәйкесін тап» ойыны

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін арттырып, зейін қоюын, есте сақтауын, сөздік қорын молайту.

7. Ұсақ қол моторикасын дамыту

«Көңілді баулар» ойыны

8. Жалпы моториканы дамыту


Дамытушы ойындар

Қаңтар айында Нұртаза Муслимамен дамытушы ойындар жүргізілді:

- түрлі-түсті цилиндр блоктар;

- түрлі-түсті ыдыстар;

- түрлі-түсті сақиналар ойыны.

Цилиндр блоктарын қорапшаның ішінен алып, қатарға тізбектеп орналастырды және түстеріне сәйкес қайтадан қорапшаның ішіне жинады. Цилиндр блоктарын алақан арасына салып, қызыға ойнады.

Түрлі-түсті ыдыстарды нұсқау бойынша сыңарын тауып, қатарға тізбектеп қойып шықты. Ыдыстарды араластырып, қайтадан түстері бойынша бір-бірінің ішіне салып жинады.

Түрлі-түсті сақиналарды бір-бірден алып, партаға қойды. Сақиналарды парта үстінде домалатып ойнады. Ойнап болған соң, көлеміне қарай сақиналарды орнына таяқшаға орналастыруды үйренді.


"Логоритмика"

Ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары

Күні: 09.01.2025 ж.

Логопед: Каршыгаева Айдана

Баланың аты-жөні: Нұртаза Муслима

ПМПК тұжырымдамасы:

1.Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы

2.Психикалық дамудың тежелуі

3.Сөйлеу тілінің бұзылысы (жалпы сөйлеу тілі дамымауының I-деңгейі

 

Дамыту жұмыстарының бағыттары

1

Қарым – қатынас дағдасын қалыптастыру

Қарапайым нұсқауларды орындауға үйрету

«Сәлем» - қол бұлғау.

«Сау бол».

2

Жалпы моторикасын дамыту. Сенсомоторлық дағдысын дамыту

Логоритмика. Ересек адаммен бірге әуенге қосылып ырғақты қимылдар орындау. АОУЭИЫ.

3

Дыбыс айтуды қалыптастыру

Ерте генездік дыбыстардың айтылуын нақтылау. АОУЭИЫ.

М-ма-ме-му

Б-ба-бу-бе-бо

П-па-пе-пу-по

4

Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру және дамыту

Музыкалық аспаптар дыбысын ажырата білуге үйрету.

5

Заттық әрекетін қалыптастыру

Шарикті ұста және лақтыр. .

6

Қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру.

Зейінін дамыту.

«Үлкен-кіші» ойыны. Үлкен-кіші тақтайшаларға үлкен-кіші пішіндерді орналастыру.

7

Ұсақ моторикасын дамыту

Моншақты жіпке тізу,

8

Сөйлеу тілін дамыту

Дауысты дыбыстарды айту, қайталату.

Кезектік – реттік кестеде дыбыстар айту –

А О А О А О...

Буындарды қайталату.

МА МО МА МО...

-Тыныс алу-су бетіндегі гүлді түтікшемен үрлеу.


"Артикулияциялық жұмыстар"


"Түстер" тақырыбында ерекше баламен жеке түзету - дамыту жұмысы


Консультациялық пункт айдары


Ойын мен ой түйеміз" тренинг

Атауы Жүктеу
1 Ойын мен ой түйеміз тренинг 
2 Ата-ана тренингі Смағұлова Н.

"Бала тілі неге кеш шығады?"


Атауы Жүктеу
1  Консультациялық пункт жоспары 2023-2024
2 Кесте 2023-2024
3 Тәрбиешілердің жұмыс кестесі