Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған алғашқы балабақшалардың бірі – «Алпамыс» бөбекжай бақшасы. 2010 жылдың 01 маусымында ашылуы рәсімделді. Балабақшада 8 топта 180 бала тәрбиеленіп отыр. Бөбекжай бақшаның тәрбиешілерінің осы жылдар ішінде аймақтық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде іс-тәжірибелерін таратып мектепке дейінгі білім ұйымының өсіп жетілуіне қосқан үлестері зор.
- 2012 жылы «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» номинациясы;
- 2014 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2014 жылғы 09 қазанындағы №408 бұйрығына сәйкес типтік бағдарламасын сынақтан өткізу, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану бойынша Республикадағы 77 сынақ алаңына енген балабақшалардың бірі;
- 2016 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізген «Ата-аналарға арналған ең үздік консультациялық пункт» Республикалық байқауының Бас жүлдесі;
- 2016 жылы балабақша ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Білім және Ғылым министрлігімен ұйымдастырылған «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауының бас жүлдесі;
- 2017 жылы Қызылорда қаласының әкімдігінің «Алғыс» иегері;
- 2019 жылы Зинабдин Ғибрат «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты Республикалық балалардың мәнерлеп оқу байқауының ІІ-орын иегері;
- 2020 жылы Мұхан Мәди, Абдулла Бегімсұлу «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға аналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жобалау қызметінің Республикалық конкурсының І – орын иегерлері;
- 2020 жылы Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңінің үздік іс-шара жоспары» облыстық сырттай байқауының ІІ – орын иегері;
- 2021 жылы логопед Сағидуллақызы Жанна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының маманы» номинациясы бойынша ІІ орын иегері;
- 2021 жылы «Алпамыс» бөбекжай бақшасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа 30 ойын» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар фестиваліне белсенділікпен қатысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудағы кәсіби шеберлігі үшін Грамотамен;
- 2022 жылы «Алпамыс» бөбекжай бақшасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Балалар жылы аясында наурыз мейрамын тойлауға арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауында «Ханталапай» ойыны бойынша ІІІ орын алғаны үшін Дипломмен;
- 2022 жылы дене шынықтыру нұсқаушысы Али Бақытжан Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Балалар жылы аясында өткізілген «Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Грамотамен;
- 2022 жылы тәрбиеленуші Сәбит Кәусар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Балалар жылы аясында өткізілген «Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен;
- 2022 жылы тәрбиеші Туякбаева Калдан Орынбасаровна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің шебер-сыныбының республикалық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен;
- 2022 жылы «Алпамыс» бөбекжай бақшасының «Тпай-тпай» би тобы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ «Балалық шағымның шуақты биі» би байқауының республикалық (сырттай) «Көркем орындау шеберлігі» номинациясы бойынша;
- 2022 жылы тәрбиешісі Махмутова Гульмейрам Болатбековна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауына қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.