«Алпамыс » бөбекжай бақшасы

Жоба: Балабақшадағы театр

Тәрбиеші: Тұяқбаева Қалдан Орынбасарқызы

Жобаның түрі: шығармашылық,ақпараттық.

Жобаның құрамы: Топтық

Жобаның ұзақтылығы: Ұзақ  мерзімді 

Жобаға қатысушылар:тәрбиеші, мектепалды даярлақ тобының балалары, ата-аналары.

Жобаның  негізгі бағыты:
1.Театр түрлерімен таныстыру.

2. Балаларда театрлық-ойын әрекетіне қызығушылығын арттыру.

3.Театр әрекетінде ересектер мен балалардың бірлесу әрекетіне жағдай жасау.

4.Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға үйрету.

5.Еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.

Жобаның мақсаты: Балаларды және олардың ата-аналарын театржәне қазіргі заманғы театр қызметіне деген қызығушылықтарын қалыптастыру, балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.  Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстырып және  жұмбақ шешуге үйрету.

Міндеттері:

-  Театр әлеміне қызығушылықты дамыту.

-Коммуникативтік дағдыларды дамыту .Рөлдермен жұмыс  түрлерін түсіндіру (диалог, монолог сөйлеу, интонациялық бейнелілігі, дикция)

-Ертегілер арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.

- Балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу;

-Театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері саусақ,үстел үсті,көлеңке және тағы басқа  түрлерімен таныстыру.

-  Кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарап ертегі, әңгіме құрастырады.

- Сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл – күйін жеткізеді.

- Ертегілердің  қызықты үзінділерін қайталап айтады.

Жобаның өзектілігі:

-Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау,диалог құру дағдыларын қалыптастыру

- Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға,  ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

Ата-ана үшін:

-Театр жобасына деген қызығушылықтарын арттыру.

-Театрдың әр түрін алуға, қоюға ата-аналарды қызықтыру және үйде балалармен және топта ойнау тәсілдері туралы ақпарат беру;

-Ата-аналардыбірлескеніс-шаралардықұруғатарту;

- Жұмыстың неғұрлым тиімді нысандарын іздестіру және енгізу арқылы
балаларға театр жобасын үйрету процесіне ата-аналарды қатысуға баулу;

-Театр бұрышын ұйымдастыруға қызықтыру.

-Ертегі кейіпкерлерінің газеттер,атрибуттар,буклеттер,альбомдар  ұйымдастыруға баулу.

Тәрбиешілер  үшін:

- Балалардың театр әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру,балаларды театр түрлерімен таныстыру, оның ішкі құрылымын түсіндіру, әдемі ғимараттардың фотосуреттерін көрсету.

-Ертегілер картотекасы, жұмбақтар, мультимедия, саусақ театры,қуыршақ теарты,көлеңке театры, жалпы театр түрлерінің  шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.

-Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
-Заттық-дамытушы ортада көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуын қадағалау.(суреттер театр,саусақ театр,үстел театр,көлеңке театр,қуыршақ театр,марианетка театр,конус театр,қасық театр,қолғап театр,маска театр,орамал театр,мультимедия театр, мультипликация).

Жобаны іске асыру кезеңдері

І.Дайындық кезең:    

  1. Балаларды театр түрлерімен таныстыру (саусақ театры, маскалар театры, қуыршақ театры, көлеңкелі театр, қуыршақ театры).
  2. Ертегілерді  рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру.
  3. Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу.

 ІІ.Негізгі кезең:

  1. Театрдағы тәртіп ережелерімен.
  2. Театр әлемінде балаларға  рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
  3. Театр әлемінде балалар өзіне берілген рөлді мәнерлі дербес орындауға баулу.
  4. Ақпараттық стендтер; ата-аналарға арналған жаднамалар, буклеттер арқылы театрдың маңызы туралы ақпарат беру.

ІІІ. Қорытынды

Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жоба сипаттамасы

Мектеп жасына дейінгі балалар театр түрлерімен таныстырады.
Балалармен жобалық жұмыста қажет театр түрлері:

1.Суреттер театр
2.Саусақ театр
3.Үстел театр
4.Көлеңке театр
5.Қуыршақ театр
6.Марианетка театр
7.Конус театр
8.Қасық театр
9.Қолғап театр
10.Маска тератр
11.Орамал театр
12.Мультимедия театр
13.Мультипликациялық театр

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, зерттеу,талдау, қорытынды жасау.

 

Жобаның мектепалды даярлық тобына арналған тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Театр түрі

1

Аңқау қарға мен айлакер түлкі ертегісі

Үстел театр

2

Аю мен қояндар

 Конус театр

3

Аю мен қояндар

сахналық қойылым

3

Алдар көсемен Шықбермес Шығайбай

Марианетка

4

Екі қаз бен бір бақа ертегісі

Мультстудия  театр

5

Түлкі мен тырна

Орамал театр

6

Бір үзім нан ертегісі

Көлеңке театр

7

Жолбарыс пен қоян ертегісі

Қолғап театр

8

Ұр тоқпақ

Қолғап театр

9

Масақ ертегісі

Қуыршақ театр

10

Ауылдық қалалық тышқан

Суреттер театр

11

Бака ханзада

Маска тератр

12

Қалайы солдат

Орамал театр

13

Қояннын қалындығы

Саусақ театр

14

Құс тұмсық патша

Қасық театр

15

Шынашақ

Конус театр

16

Ұйқыдағы ару

Көлеңке театр

17

Алтын сақа ертегісі

Суреттер театры

18

Әлібек батыр ертегісі

Мультимедия театр

19

Хан мен құмырсқа ертегісі

Қуыршақ театр

20

Ай мен күн ерегісі

Мультимедия театр

21

Құйын батыр ертегісі

Орамал театр

22

Жақсылық пен жамандық ертегісі

Конус  театр

23

Қазанбай батыр ертегісі

Қасық театр

24

Қаратай ертегісі

Мультипликациялық театр

25

Сыншы бала ертегісі

Марианетка театр

26

Бақыт құсы ертегісі

Үстел театр

27

Боран  батыр ертегісі

Көлеңке театр

28

Тазша бала ертегісі

Қуыршақ театр

29

Қаңбақшал ертегісі

Орамал театр

30

Екі қаз бір бақа ертегісі

Қолғап театр

31

Тазша бала ертегісі

Суреттер театр

32

Тасбақаның айласы ертегісі

Көлеңке театр

33

Қасиетті құдық ертегісі

Қуыршақ театр

34

Ер Төстік ертегісі

Марианетка театр

35

Екі әтеш ертегісі

Қуыршақ театр

36

Батыр бала ертегісі

Маска тератр


Атауы Жүктеу
1 Балабақшадағы театр жобасы әдістемелік ұсыным

Ата - анамен жұмыс

Ертегі түрлері

Балабақшадағы театр жобасына ата-аналармен бірлескен жұмыс