Рөлдерде: Моана, Беласнежка, Эльза, Рапунцель, Золушка.

Сахна ертегі әлеміне  сай безендірілген.

(Сахнада ханшайымдар отырады) (кенеттен төбеден топ етіп бөтен әлемнен келген бала түседі) (ширманың үстінен Қызжібекті секіртіп жіберу)

(ханшайымдар шошып кетіп, барлығы шабуыл жасауға тырысады)

Қызжібек: Сәлем! Оау-оау ханымдар тоқтаңдар мен бәрін түсіндірейін. Мен ммм мен мұнда қалай тап болғанымды білмеймін.

1 Ханшайым: Тоқта! Не дейсің? Сонда сен қалай келдің мұнда?

Қызжібек: Білмеймін өзімде. Бірақ мен бұл жаққа келгеніме қуанып тұрмын.  Мен сендерді танимын. Сен мұздардың ханшайымы Эльза емессіңбе? Ал сен Ұзын шашты Рапунцельсіңғой. (күліп қатты қуанып сікіріп жүреді) Ал сен.......

2Ханшайым: Тоқтай тұр, тоқтай тұр сонда сен кәдімгі адамсыңба?

3 Ханшайым:Бізге құрған тұзағың бар шығар

Қызжібек: Жоқ

2 Ханшайым: Сенің қолдарың сиқырлы ма?

Қызжібек: Жоқ

4Ханшайым: Әлде шашың сиқырлы ма?

Қызжібек: Жоқ

1 Ханшайым: Жануардың тілін түсінесің бе?

Қызжібек: Жоқ

2 Ханшайым: Әлде бізді улау үшін келдің бе?

Қызжібек:Жоқ-жоқ –жоқ қойыңдаршы болды жетер менен қорықпаңдар.

3 Ханшайым: Сен мыстанмен келісіп құйрығыңды адам аяғына ауыстырып алған шығарсың.

Қызжібек: Не деп тұрсың ондайға кім келіседі. Мен адаммын таңғайып оқиға болып осы әлемге түсіп кеттім. Өздерің туралы айтыңдаршы мен ертегіні қатты жақсы көремін. (қуанып)

1 Ханшайым: (бәрі қасына келіп таң қалып ұстап көреді) Сені ұстап көруге болады ма?  Киімің қандай керемет кім тікті? Ешқашан мұндай киім көрмеппін.

Қызжібек: Ой ескі киімғой (күліп)

Ханшайымдар: Менде де осындай киім болса ғой. Менде де.......

2 Ханшайым: Сен ертегі әлеміне қош келдің!

Беласнежка:А-А-А-А-А (Құстар ұшып өтеді Құстардың фыррр етіп ұшу дыбысы кетеді)

Ән: Клип: (Белоснежка бастайды)                            

Қош келдің біздің ертегі әлемге

Бұл жерде әркез орындалат арман

Шаттанып қуанып қалықтаймыз бірге

ұшамыз

Ертегі әлем, ғажайып әлем, қиялменен армандап      

Ә....н............ саламын .

Аңдар да құстар да оянып бірге

Таулар да тастар да күлімдеп бізге

Табиғатты біздер аялап бірге

қорғаймыз

Ертегі әлем, ғажайып әлем, қиялменен армандап

Сиқыр......әлемге..... сенемін. 

  

Қызжібек:Қандай керемет ертегілер әлемін көзбен қолмен ұстаған бөлек сезім екен.(Таң қалып тұрады)

Эльза: Сенің көретінің әлі алда. Сен мына кереметті қара –(деп қолынан сүйреп алып кетеді)

Ән: (Эльза мұз әлеміне апарады )

Ақ боранмен тау мен дала

Құлазыған айнала

Тұнжыжараған ақ әлемнің         

Әміршісі мен болам

Енді мінекей бар әлем

Бағынып маған бас иген

Әмір етемін далама  шексіз

Қ\сы: Қанат қақ қалықта

Жер мен тілдес аспанмен                 

Қанат қақ қалықта

Тағдырың өз қолыңда

Күшімбар әлем таралған

Рухым менің

 

Қызжібек: Керемет! Қандай ғажайып өз көзіме өзім сенбеймін түсім бе, өңім бе?

Рапунцель:Сен таң қалудан шаршамадың ба? (күліп жүгіріп ортаға сүйреп алып кетеді)

Ән: (Рапунцель ұзын шашымен биік башнясына апарады)

Жайнайды ашық таңың атып бірге     

Күніміз жарқырайды көк аспаннннн

Бұл менің ғимаратым өте биік

Ғажайып сиқырлы менің үйім білсең

Ал менің шаштарым

алтындай жап-жарық                       

Ұп-ұзын қолаң шаш

Гүлдермен өрілген

Қаласаң менімен

Аралап әлемді

қызығын көреміз біз бірге

 

Қызжібек: Шынымен де өзіңнің шашың ба?Алтын сияқты жарқырайды екен қандай шампуньмен жуасың? Вашен гоумен ба әлдепантин ба? (күліп)Не деген қолаң шаш-(деп шашын ұстап ұшына дейін жүгіріп шығады) Менің де шашым ұзын болса ғой шіркін...  

Моана-Золушка:Менің туфлиімді киіп көргің келеді ме? 

Қызжібек: (қуанып кетеді)Иәәәә әрине бірақ менің аяғыма болады ма?өлшемім 33-қой

Золушка: Менің де өлшемім 33, сондықтан ғой мені Золушка деп атағаны.(майысып)қанекей киіп көрші.

(туфлиді кигізеді, Қызжібек қуанады)

Моана: (қайықта отырады)  Золушкааа, Золушка (қолымен сермеп шақырады)

Ән: (Моана, Золушка ән салады)(2куп б)

Жүзіп бірге әлемді шарлайық терең                  

Қиялдайық жүрші  ертегі әлемге

Суға түсіп бірге жүзе білсең әлем

тербейд бізді есті сен табиғатты

Теңізәрдайым

толкиды тасып

ғажап балықтар

билейді сүңгіп

Мөлдір суға сен

Тамсана қарап

Керемет емес пе?

Желкенді қайықпен біз есіп барамыз

Ертегі, әлемге

Табиғат көркімен бұл әлем ғажайып

Сиқырлы,  қадамымыз нық жүзейік алға

\Сұлулығы теңіздің, мөп-мөлдір

Тап-таза,  тып-тынық   /әдемі/

Қызжібек: Ертегілер әлемі қандай ғажап адам сенгісіз.Мен сондай бақыттымын.....

Ән:Мен сендерге риза болдым (ааааааа)

Ертегі әлем сұлулары   (вааау)

Таңғажайып жұмбақ әлем

Таныс болдым енді мен

(сен,сен,сен)

Табиғат сұлуы сен (беласнежка)

Мұз-қар әміршісі сен (эльза)

Қолаң шашты аруым

Құрбы болдық бәріміз

Ляяяяя-ляяяя-ляяяя-ляяяяяя (бірге)

Жасасын ертегі әлемммммм.

(Қызжібек әнді айтады соңынан ханшайымдар қосып бірге ән салады. Ханшайымдар Қызжібекті көтіріп, ұйықтатып орнына апарып отырғызады)(Ханшайымдар бір сәтте ғайып болады)

(Қызжібек оянғанда алдында ертегі кітабы тұрады)

Қызжібек: Ой түсім бе, өңім бе?

 Мен мына ертегіні көрдім (кітаптарды ақтарып)

мынаны да көрдім сосын мына ертегіні де көрдім.

Мен ертегі әлемінде болдым алақай анашым, анашым тыңдашы саған айтарым бар сенесізбе?(деп жүгіріп сахнадан шығып кетеді)