Ата-аналардың театрландырылған көрінісі

 Тобы: «Талантты бөбек» , «Ғажайыптар әлемі» ортаңғы топ


2024 оқу жылы
"Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегі

Автор:
Бұлт шалған биік бастарын
Таулардың жайлап тастарын
Айдаһар өмір сүріпті
Патша боп көп жыл тұрыпты
Жылдардан жылдар өткенде
Кәрілік жылжып кеткенде
Қайраты қайтып бұрынғы
Айдаһар дертке ұрынды
Өмірдің соңғы кешінде
Айдаһар алды есіне
Құдіретті күшті кездерін!

Айдаһар:
Қанекей халқым! Менің дертіме шипа табатын бақсы - балгерлерді, емшілерді жер- жерден іздеп табыңдар!

Автор:
Айдаһар еттен арылды
Тынысы әбден тарылды
Нөкерлер сасып сабылды
Не істерін білмей аһ ұрды
Адырдың арты жар еді
Қу түлкі сонда бар еді
Кей дертті емдеп жазатын
Ауруға түлкі келеді
Тамырын ұстап көреді

Нөкерлері:
Ау, қу түлкі, қу түлікі
Патшамыз дертке шалдықты
Құдіреті күшті патшаның
Дертіне шипа табар деп
Сені іздеп келдік тау асып.
Түлкі:
Ай патшамыз, патшамыз
Дертіңе шипа табамыз!
Өнерім менің бар еді
Кей дертті емдеп жазатын.
Автор: Біз тұмсық маса бар еді
Ішкені ылғи қан еді
Келмеске сөзге ол енді
Шөлмекті алып жөнелді
Маса: Тәтті қан іздеп табамын
Патшаны өзім жазамын!

Айдаһар: Тәтті қанды кім іздеп,
Дертіме дәру табады?!
(Маса есекке келіп)
Маса: Етің арам есекжан
Шағайын сені сонда да.

Автор: Масадай майда зұлымға
Зұлымдық жасау қиын ба
Бесікте жатқан нәресте
Ең жұмсақ жемтік емеспе?
Маса:Шипа болар осы қан
Патшамыздың дертіне
Автор: Деді де шақты баланы
Шырылдап бала қалады.
Айдаһар сынды алып та
Қайтадан келмек қалыпқа
Дүниені ойран шаң қылмақ
Зұлымдыққа жаны қас
Бар еді бір қарлығаш
Естіп мына сұмдықты
Жүрегі оның түршікті
Жөнелді іздеп масаны
Қырлардан қырға асады.
Қарлығаш:
Менің атым қарлығаш
Зұлымдыққа жаным қас
Бұл қанды ішсе айдаһар
Қайтадан келмек қалыпқа.
Дүниені ойран шаң қылмақ
Адамзатты жоқ қылмақ
Айдаһарға жеткізбейм
Тиісті емді еткізбейм
Менің атым Қарлығаш.
Зұлымдыққа жаны қас

Автор: Қатерсіз күрес қайда бар
Қарлығаштың айдаһар
Құйрығын жұлып алыпты
Айыр болып содан қалыпты
Сонымен нәзік қарлығаш
Болсада нәзік талдырмаш
Көрсетіп ерлік табанды
Халықты қорғап қалыпты.