«Үш аю» ертегісі
Сахналық қойылым.
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен
тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және
мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды
екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті. Бір күні үшеуі
әңгімелесіп отырып, бір аю былай дейді:
-Айтыңдаршы, бізге күштің керегі не?
-Керегі несі қалай?, өз жерлерімізді қорғауға керек.
-Ешкім шабуылдамаса ше?
-Ал, шабуылдаса ше?
-Ой сендерде, күшті әркім өз пайасына асыра алады.
-Қалай сонда?
-міне былай, қараңдар, қазір көрсетемін:
-Қасқыр, қасқыр, қасқыр.
Қасқыр:
-Не болды? Не болып қалды? Мені кім шақырды?
Аю:
-Қане, бері кел. Неге шақырғанда бірден келмедің? -деп басынан бір қояды.
Қасқыр:
-Ұрмашы аю, ұрмашы
Аюлар:
-Әй мұның не сенің?
-Мені сыйласын деп қасқырды тәрбиелеп жатырмын.
-Зорлықпен сыйлата алмайсың. Бұлай етсең сенен қорқатын болады, кек сақтап жүреді.
-Не? Маған кек сақтамақсыңба? - дейді аю қасқырға.
-жо-жоқ сыйлайтын боламын, айтқаныңды екі етпей орындаймын, - дейді қорыққанынан қасқыр.
-Бұтақты ал да, үстіме қонған шыбынды үркіт - дейді аю.
-Күшті осылай қолдану керек.
-Жооқ, біз күшімізді бұлай қолданбаймыз, және сенімен дос болмаймыз, кеттік одан аулақ жүрейікші, - деп екі аю бауырлары кетіп қалады.
-Мейлі, кетсеңдер кете беріңдер, күшті пайдалана білу керек, - солай ма қасқыр? - деп қасқырға қараса, қасқыр да қашып кетіпті.
-Қашып кетіпті ме? Осыдан кездессін, аямаймын, - дейді ашуға мінген аю.
Осы сәтте кетіп бара жатқан түлкіні көріп:
-Әй түлкі, бері кел.
-Маған айтасың ба? Не болып қалды?
-Қасқырға шыбындарды үркіт деп едім, қашып кетті.
-Ой, не деген жаман қасқыр? Олай еткені жөн болмапты.
-Оның сазайын берсем деймін, қасқырды маған ертіп кел, -деп бұйырады аю.
-Қазір ертіп келемін, қазір табамын, -дейді түлкі.
-Ха,ха,ха менен қорқып, жүгіріп барады, деп күледі аю.
Сол кезде қасқыр:
-Мені несіне іздейсің, мен мұндамын, - дейді қасқыр.
-Қане, бас аяғыңды, -дейді аю.
Қасқыр:
-Міне, достарым да осында, сенімен танысамыз дейді.
-Ой не деген көпсіңдер, қане, бір-бірден келіңдер, - дейді аю.
-Неге бір-бірден? Бәріміз бірге болсақ күштірекпіз, бәріміз бірге саған жабыламыз, дейді қасқырлар.
Қорыққан аю қаша жөнеледі де, бір талдың төбесіне шығып кетеді.
Аю:
-Осыдан қара да тұрыңдар, төменге түскен соң бір-бірлеп ұстап алып, сазайларыңды беремін.
-Біз енді жеке дара жүрмейміз, ағашты тербеңдер бауырлар - деп ағашты тербейді, аю құлай қоймайды:
-Жә осы тербегеніміз де жетер, әйтеуір бір түсер, қайта келеміз деп кетеді.
Зәресі ұшқан аю әрең қашып құтылады. Алдынан түлкі шығып, не болған мән-жайды сұрайды. Аю болған жағдайды түлкіге айтып жатқан кезде, қасқырлар келіп қалады.
-Ааа, мұнда ма едің аю, деп қасқырлар жабыла келе жатқанда, түлкі оларды татуластыруға әрекет етеді.
-Қасеке, ашуыңызды басыңыз, аю қатесін түсініп, барлығыңыздан кешірім сұрағысы келеді, солай емес пе аю?
Аю:
-Иә, досарым мені кешіріңдерші, мен дұрыс жасамадым.
-Мен өзімнің бауырларымды да ренжіттім, олардан да кешірім сұрағым келеді, деп аю өз қатесін түсініп, достары мен бауырларынан кешірім сұрайды.
Осылайша күшті өз орнымен пайдалану керектігін түсінген аю достарына күш көрсетпеуге уәде береді.