«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы КМҚК
Тобы: «Зерттеуші бүлдіршін» ересек тобы
Тәрбиеші: Смағұлова Н.Н
Қызылорда қаласы, 2024-2025 оқу жылы
«Қоянның үйшігі» ертегісі
Автор: Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден еріп кетті.
Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.
Түлкі :— Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
Ит: — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
Қоян: — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім...
Ит: — Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.
Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
Түлкі: — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Автор: Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. «Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.
Аю: — Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың?
Қоян: — Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
Аю: — Жылама! Мен оны қуып шығамын.
Қоян: — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.
Аю: — Көресің, қуып шығамын.
— Аю үйшіктің алдына келіп:
Аю: — Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! — деп ақырады.
— Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! — деп қорқытты.
Автор: Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
Әтеш: — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
Қоян: — Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
Әтеш: — Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
Қоян: — Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!
Әтеш: — Жүр, көрерсің! Қуамын!
— Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын, — дейді.
Әтеш: — Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! — деп әтеш қайта әндете бастайды.
Автор: Түлкі сасқалақтап: «Қазір — қазір, тонымды киіп жатырмын!» — дейді.
Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді.
Аман — сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.