«Алпамыс»  бөбекжай бақшасы  КМҚК

 

«Қоштасамыз бақшамен»

 

«Жас ізденімпаз» мектепалды тобы

Тәрбиеші:Тұяқбаева Қ

 

Қызылорда , 2023ж

Тақырыбы: «Қоштасамыз бақшамен»

Мақсаты:Балалардың мерекелік көңіл күйін көтеру,шаттық сыйлау.Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу,тақпақ өлеңдерді мәнерлеп айту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.Балабақшадан алған білімдерін үлкендерге алғыс білдіре отырып,көрсетуге үйрету.

/Ертеңгілік өтетін орын тақырыпқа сай безендіріледі. Свет сөндірулі, қараңғы болып тұрады.

Тақтадан: Сәлем! Қалайсыздар! Қош келдіңіздер! Шапалақ, Қаттырақ, естілмейді. Келесі әріптерді дауыстап оқыңыздар. Ааааа, Оооо, Ееее, Лллл,Рррр. Айғай шу, Шапалақ, Бастаймызба? Тыныштық. Бастаймыз! Үш,екі, бір, Ааалллл кеттік! Дауысымызды қатты шығарамыз «Жас ізденімпаз» мектепалды тобы. Ууууу. Бір, екі, үш «Қоштасамыз бақшамен» Оооо Шапалақ.

(Жәй әуен ойналып тұрады)   Нұрзинат: Жіп тоқып отырады.

Қызжібек: Жүгіріп кіреді, Әженің қасына отырып жылайды.  

Нұрзинат: Жылама, неге жылайсың, қоштасуға барасыңба, үлгермей қалдың ба?

Қызжібек:  Сіз қайдан білесіз?

Нұрзинат: мен бәрін білемін, жылаудың қажеті жоқ. Мен саған көмектесемін.  Мында қара, бұл гүл жәй гүл емес, сиқырлы гүл. Ол сенің барлық қалауыңды  орындайды.

Қызжібек: Қандай керемет гүлдер,  Ол қалай орындайды?

Нұрзинат:Ол жәй ғана, қарашы қанша түс бар екен?

Қызжібек: Жеті түсі бар екен.

Нұрзинат: Біреуін жұлып алып, Ұшшы-ұшшы гүл күлте, Алыс, алыс белеске. Барлық жерді аралап, Қалауымды орында, деп айтасың, қане қайталашы. (Бастап айтып жатып ұмытып қалған болады, қайталап айтады. )

Нұрзинат: Ал қызым сен өз түсіңді таңдап, қалауыңды айта бер.

Қызжібек: Әже сізге көп көп рахмет. Мен қызыл түсті күлтені  таңдаймын Ұшшы-ұшшы гүл күлте, Алыс, алыс белеске. Барлық жерді аралап, Қалауымды орында, Достарыммен бірге,Қоштасуда болуға. –деп айналып шығып кетеді. (Сахна артынан балалар әуенмен шығады. )

Осман: Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар мен  қымбатты қонақтар. «Жас ізденімпаз» мектепалды  тобының «Қоштасамын бақшамен» атты  кешіне  қош келдіңіздер!   

Айсұлтан: Здравствуйте, дорогие наши родители и гости!Сегодня вас ждет волнующи торжество.У нас необычный праздник.  Мы начинаем наш выпускной!!!     

Осман: Құттықтау сөз кезегі  балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызына беріледі.

Қызжібек: Сәлем достар, мен сондай қуаныштымын, мерекелерің құтты болсын. 

Осман: Сәлем , қайда жүрсің, біз сені ұзақ күттік ғой. Қолыңдағы гүлді қайдан алдың? 

Қызжібек: Достар бұл сиқырлы гүл, сендерді»  әнін орындап берейік.

Хор:  «Балабақшам бақ ұям»         

Санжар: Достар мереке құтты болсын,  бізде  жыр шумағымызды айтып берейік.  Тәрбие берген ұямыз,Тәртіпті бала боламыз Қоштасып балабақшамен Біріншіге барамыз. Сүйгендей  өз қыз, өз ұлын. Бөбегім деп аянбай Балабақша өз үйім.         Апай болды анамдай. 

Айсұлтан: 

Этот праздник наш весёлый,

Потому что скоро в школу

Только жаль,прощаться надо

Нам с любимым детским садом. 

Даниал: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін                                                                          

Осман: Қошеметтеріңізді аямаңыздар, достарымыздың ән жинағын қабыл алыңыздар.  (Ахмедияр-Раяна, Абылайхан-Айша, Ертуған-Хадиша)   

Нұрзинат: Достар бүгінгі кеште достарымыз түгел, ал апайларымыз қайда?

Апайларымызды  өлеңдетіп  неге шақырмасқа?

Е.Досымжан: Таласып  таңмен  оянар,

Жұмысына  ерте  кеп.

Бүлдіршінін, қарсы  алар,

Біз  келеміз  еркелеп.

Әр  баланың  қалауын,

Орындаудан  жалықпай.

Жазуы  мен  санауын,

Үйретеді  асықпай.

Кім  десеңіз, айтайын,

Қалдан  апай  ол  біздің

Қимай  кетіп  барамыз,

Бізбен  өткен  әр  күнін!

Батырхан:

Тәтті  тамақ  бізге  берген  қашан  да,

Бізбен  бірге  күліп  жүрген әр  таңда.

Жаны  жайсаң  мейірбан  ғой  әрдайым,

Қарап  тұрсам  жақсы  жандар  осында.

Болды  бізге  екінші  ол  анадай,

Біз  тәртіпті, сізге  болдық  баладай.

Алма  апай  сізді  қимай  тұрмыз  біз,

Жүз  жасаңыз, бізден  тілек  осындай!      

Абдуррахим: Апайларым шөл қандырар,көл ме едің Білім бердің,көп қой сенің еңбегіңТентек болсақ,алдыңда бас иеміз      Біздер үшін ренжіп те шөлдедің Ұмытпаймыз тәрбиеші апайлар   Әр баланы,өз балаңнан бөлмедің. Ұстаздарым сенің арқаң болады   Бұл өмірде көп болса егер жеңгенім.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, кешіміздің сыйлы  қонақтары бүгін міне бұл залға соңғы рет жиналып отырмыз. Бүгін біз мәпелеп  тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,  мектепке шығарып салғалы отырмыз, қадамдары оң болсын!

Тәрбиеші: -Айналайын балалар, Алдарыңда мектеп ана бар,Өздеріңнен өседі,Өнерлілер, даналар,Өтті қызық көп күндер, алты жасқа жеттіңдер.  Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Өсті міне бойларың,Өсті ақыл ойларың. Қуанышқа ортақпын. Құтты болсын тойларың.

Қызжібек: Қоштасуға келерде, Сиқырлы әжей берген гүл, Бір күлтесін жұлыңыз, Қандай сиқыр бар екен. Ұшшы-ұшшы гүл күлте, Алыс, алыс белеске. Барлық жерді арала, Қалауымды орында, мен жасыл түсті таңдаймын. Балалар мен сендермен ойын ойнауды қаладым. Сендер әріптерді танып, білесіңдер, әріптерді үйреніп қана қоймай, сандарды танып, санауды, есеп шығаруды да үйрендіңдер. 

Ойын: «Тез ойлан» 

Осман: Достар қызық ойын болды , ұнады ма? Ал сіздерге ұнады ма? Алдарыңызда облыстық, республикалық байқау жүлдегері Сұлушаш пен Даниалдың «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар. 

Ән: «Әліппе»     Сұлушаш пен Даниал

Қызжібек: Қандай керемет ән. Келесі гүлімнің  күлтесін жұлдырып көрейік. (Ақ түс) Ой достар тақтада кімдердің суреті шықты? Мұғалім, құрылысшы т.б. Бір сөзбен қалай айтамыз? Мамандықтар. Дұрыс айтасыңдар. Осы кеште осы маман иелерінің барлығы да бар. Достарымыздың жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. 

Мұстафа :Меңгеруші апайға:

                Бақшадағы басты тұлға анамыз,                                 

                Шуағыңа бөленіп,мейіріміңе қанамыз.                        

                Бала қамын ойлаған,меңгеруші апайым,

                Қоштасамыз, қимай сізді барамыз.

Ернұр : Әдіскер апайға:

              Білімнің байыбына барып терең,

              Байқадың көрсеткішін байыппенен

             Тынымсыз атып жүрсіз әрбір таңды.

             Биіктен көремін деп әр баланы 

Бекарыс: Медбике апайға:

             Ауырсаң жазып емдеген,

             Жүзінен шаршау көрмеген.

             Еңбегің жансын бақшада

             Бүлдіршін үшін терлеген.

И.Айсұлтан: .Әуез-биші апайға:

             Үйретіп түрлі билерді, әндер менен  күйлерді

             Өткізеді кештерді, дайындайтын біздерді.

             Әуезді әнші апаймен, мың бұралған биші апай,

             Ұмытпаймыз сіздерді!

Бекболат:    Аспаз апайға:

             Түрлі тағам пісірген                                     

             Үлгі көрем ісіңнен

           «Ас  болсын!»-айтып біздерге

            Денсаулық жайын түсінген

Ақсұлтан: .Кір жуушы:

             Жатар орын сүлгіміз,

            Таза болып тұрады.

            Есте қалар үлгіңіз

          «Тазалық» басты ұраны.

 Мақсат:  Жақсылыққа  құмармыз,

      Жақсы  адам  болып  шығамыз.

     Таза, сәби  жүректен,

                    Қабылдаңыз  мың  АЛҒЫС! 

Осман: Алғыс білдіре отырып  «Тәрбиеші» әнін қабыл алыңыздар.  Хор: «Тәрбиеші»

Қызжібек: Сіздерге өнеріміз ұнап жатыр ма?

Осман: Қызжібек саған тәрбиеші болған ұнайды ма?

Қызжібек: Әрине ұнайды, қызық та, қиын мамандық. 

Асхат: Достар тоқтаңдар мен өскенде режиссер болғым келеді.

Қызжібек: Режиссер деген не?

Асхат: Қызықты,  түрлі кино түсіремін. Ол үшін бүгіннен бастап түсіріп көру керек. Осман: Дәл қазір ме? Олай болса тамашалап көрейік.

Асхат: Мен қызық кино түсіру керекпін. Нұрзинат сен мамасы боласың үйдің тірлігімен айналысасың, Даниал папасы боласың, жұмыстан шаршап келіп, демалып  газет оқып отырасың. Досымжан баласы боласың, мектепке бар.  Сардар камера түсіруші боласын, Хадиша сен менің көмекшім боласың.  Киноның аты тағыда екі.

Хадиша: Кадр бір, дубл бір.

Досымжан: Мама,мама мен екі алдым.

Мамасы: Әкесі,әкесі балаң екі алды.

Әкесі: ау, біздің бала екі алды ма? менің ременім қайда?

Асхат: Тоқта, тоқта. Дұрыс емес, өзгерту керек, бұл жерде көңілді болу керек

Хадиша: Кадр бір, дубл екі.

Әкесі: біздің бала екі алды ма ? Екеуі билейді.

Асхат: Тоқта, тоқта. Дұрыс емес, өзгерту керек, бұл жерде спорт  болу керек.

Хадиша: Кадр бір, дубл үш. 

Әкесі: біздің бала екі алды ма ?  Менің ременім қайда? Жаттығу жасайды.

Асхат: Тоқта, тоқта. Дұрыс емес, өзгерту керек, бұл жерде көңілсіз болу керек.

Хадиша: Кадр бір, дубл төрт. 

Әкесі: біздің бала екі алды ма ?   Менің  дәрім қайда?  Жерге құлайды.

Асхат: Міне нағыз мен түсіретін кино.

Қызжібек: Асхат қалаған маман иесі бол. Киноң жақсы екен, бірақ мен сабақтан бес алдым деп түсірші.

Асхат: Жарайды бұл тек дайындық.

Қызжібек: Қошеметтеріңізді аямаңыздар. Кино ұнады ма?  Алдарыңызда «Жұлдыз болып жанайын» әнімен Осман мен Нұрзинатты қарсы алыңыздар.

Дуэт: «Жұлдыз болып жанайын»       Осман мен Нұрзинат   

Осман: Бәрімізде әншіде, бишіде, күйшіде болғымыз келеді, біздің достарымыз ансамбьлде ойнап береміз диді. Қабыл алыңыздар.   

Ансамбль:  «Көңілді аспаптар» 

Қызжібек: Керемет. Гүл күлтеміздің тағы біреуін таңдатып көрейік. (Көк түсті) Ұшшы-ұшшы гүл күлте, Алыс, алыс белеске.Барлық жерді аралап, Қалауымды орында,  (Тақтадан билеп жатқан  суреті) Би: «Микс» 

Осман: Біздің биімізге қошеметтеріңізді аямаңыздар, қатты-қатты соғыңыздар. Естілмейді? Қызжібек: Сіздерге ұнап жатыр ма? Келесі  гүл күлтесін  жұлдырып көрейік? Ұшшы-ұшшы гүл күлте,

Алыс, алыс белеске. Барлық жерді аралап, Қалауымды орында, (Күлгін  түс )   Сіздерге барлығы ұнап жатыр ма?Керемет . Достар, балабақша сендерге ұнайды ма? Әрине біздің екінші үйіміз, бәрі жақсы ойын ойнаймыз, көңілді ән айтып, би билейміз, достарымыз көп, тәтті тағамдар, бәрі керемет? Олай болса, бізде бәрі керемет « Ай бәрі керемет, ай бәрі керемет»                                                                                                                                                        

Тәрбиеші: Республика, облыстық гран при иегері, бірнеше ақшалай жүлде , басжүлде, бірінші орын иегері әнші қызымыз, бірнеше ертегі қойылымдарының бас  кейіпкері  Айдосқызы Қызжібек  «Әнші құс» әнімен , қарсы алыңыздар.   

Қызжібек: Міне осымен , жеті түсті гүлдің сиқырын көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге ұнады ма?                                                                                                            

Осман: Қоштасатын сәт келді. Апайымызға арнап тілегімізді айтайық.  Балалар тілек айтады.    

               

Тәрбиеші: Керемет, рахмет  балапандарым барлығыңда өнерлі, берген білімді бойларыңа сіңіріп үздік оқушы болады деп сенемін. Балаларға арнап «Қоштасу әні»

Қызжібек: Соңғы күлте қалыпты жұлдырып көрейін. Ұшшы-ұшшы гүл күлте,

  Алыс, алыс белеске.  Барлық жерді аралап,   Қалауымды орында, (Қызғылт түс) 

Хор: «Балабақшамен қоштасу»

Осман: «Балабақша бітіруші түлектеріне  диплом мен сыйлық тапсыру үшін ортаға балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызын  шақырамыз!

Тәрбиеші: Балалар, алдарыңда мектеп ана бар,  сендерге ақ жол тілейміз.

Осман: «Жас ізденімпаз» тобы мектепке ұшуға дайын. Қош, сау болыңыздар!