Тақырыбы:«Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты:Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар мен балалар! Бүгінгі Рәміздер күні құтты болсын! Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы–мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отанқуат, нәрбереді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызына беріледі.
Жүргізуші:Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?,- дей отырып келесі кезекті балалардың мерекеге деген ыстық лебізіне береміз.
«Білімділер бекеті» тобының бүлдіршіндері.
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған.
Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.
Дуэт: «Елімнің ертеңгі иесі біз»
Омар және Адия
Жүргізуші:
Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР – ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Балалар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Балалар: Мереке: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Мереке: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қарашаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Жұлдызай: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз – ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алтықатаспанға ұшып, жетіқат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Аяна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын! Қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоты қсезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл – қыздар молая берсін!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |