«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК

«Астана - елімнің жүрегі!»

Тобы: “Талантты бөбек” ортаңғы топ

Тәрбиешілер: Сейітхан А.Ж, Сәдібекова А.М

Қызылорда, 2024ж

«Астана - елімнің жүрегі!»
Міндеті: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!

 

- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

 

Ирада: 

Асқақтай бер Астана

Берекеге бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

 

Ханшайым: 

Астана - елімнің бас қаласы,

Астана - ән қала,

Астана - сән қала.

Еліңмен егеменді өркендей бер.

 

Жүргізуші: Біз балдырған тек басқан

Дос құшағы кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын көк аспан - дей отырып қыздар өз биін сыйлайды.

Би: «Қыздар» 

 

Балалар сендердің қаншалықты сурет сала алатындарыңызды көргім келеді. Маған сурет салып беріңдерші?

Қәнекей, балалар «Астана - елімнің жүрегі!» тақырыбына қатысты жерге түрлі - түсті борлармен әдемі деәем қылып сурет салып көрейікші.

(Балалар бояу бормен асфальтқа сурет салады)

Жүргізуші: Қане балалар, барлығымыз сурет салып болсақ ортаға жиналайық.
Балалар, сендер қандай сурет салдыңдар? Қанекей, кім айтады?
Балалардың жауаптары: Байтерек, күн, бұлт, балалардың шар ұстағаны, т.б. суреттер.

 

Жүргізуші: Қане балалар, барлығымыз сурет салып болсақ ортаға жиналайық.
Балалар, сендер қандай сурет салдыңдар? Қанекей, кім айтады?
Балалардың жауаптары: Байтерек, күн, бұлт, балалардың шар ұстағаны, т.б. суреттер.