«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК

«Теңіз қазынасы!»

Тобы: “Талантты бөбек” ортаңғы топ
Тәрбиешілер:Сейітхан А .Ж, Сәдібекова А.М
Қызылорда, 2024ж

«Теңіз қазынасы!»
Міндеті: балықтар туралы түсінік қалыптастыру, балаларды оқытудың тиімді әдістері арқылы бақылауға, сынауға үйрету. Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!

Достармен бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз Күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
Міне біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан біз біргеміз.

Жарайсыңдар балалар!
Балалар қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Қармақпен не істеуге болады?
- Жарайсыңдар балалар! Бұл жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
Олай болса теңізге саяхатқа шығамыз.
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды.)

Жарайсыңдар, балалар !
Ойын: «Кім жылдам?»
(Балалар түрлі түсті жолақтардан тепе теңдікті сақтай отырып, түрлі түсті доптарды аяқтарымен алып, ыдысқа жылдам жинайды.)

Ойын: «Төгіп алмай, тез жина?»
(Балалар екі топқа бөлініп, бірреттік стаканмен төгіп алмай суды жинау қажет.)

Ойын: «Түрлі түсті шарлар?»
(Балаларға түрлі иүсті шарлар беріледі. Шарларды қолымен немесе аяқпен жару қажет)

Осымен «Теңіз қазынасы!» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.