«Айналайын ақ анам»

Әсем безендірілген залда «Анашым» әні баяу естіліп тұрады. Перде ашылады Ер балалар шляпамен төмен қарап джентелмен болып билеп тұрады. Қыздар билеп жүрекшенің ішінен шығады.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен

Қымбатты ақ жаулықты әжелер,абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз. Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көктем күніндей шуақты, көктем гүлдеріндей нәзік те, жайдары болсын деп тілейміз.

Бәрімізге осынау өмірді, әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Балалар: Ол-Ана!

Олай болса бізге осыншама қымбат нәрселерді сыйлаған аналарымызға гүл сыйлайық. Балалар: Ол гүлдерді қайдан алсақ екен?

Осы кезде музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек:

Сәлеметсіз бе? Мен қайда келдім?

Жүргізуші;

Сәлеметсіз бе! Балалар, бұл кім, сендер таныдыңдар ма?

Балалар: Қызыл телпек

Жүргізуші;

Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл сол ертегідегі Қызыл телпектің дәл өзі ғой. Қызыл телпек сен бізге қалай келдің?

Қызыл телпек:

Мен орманда әжемнің мерекесіне гүл шоғын сыйлаймын деп көп гүлдер іздеп адасып кеттім.

Жүргізуші;

Ендеше Қызыл телпекті ренжітпей оған көмектесейік. Солай ма балалар?

Балалар: Ия, көмектесейік.

Қызыл телпек:

Олай болса балалар барлығымыз сол әдемі гүл шоқтарын бірге іздейік, сендер келісесіңдер ме?

Жүргізуші;

Әрине аналар мерекесінде аналарға гүл сыйлауға біздің балалар дайын. Гүлді табу үшін өнерден шашу шашсақ гүл шоқтары тез табылып қалар. Ал біздің балалардың мерекеге арнап дайындаған өнерлерін тамашалайық.

Хор: «Көп жаса анашым»

Тақпақтар;

Нұркелді:

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен.

Фатима:

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Сипаған ылғи басымнан

Құшағын нұр шашылған

Айналайын ақ мамам!

Гүлдана: 

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің

Алихан:

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Әбілмансұр:

Бәріңізде анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым.

Ернұр:

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

Шыңғыс:

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіне

Мейірімді күннен де

Адина:

Би: «Жүрек жылуы» ұлдар биі

Ән: «Жаңбыр»

(Айкөркем, Алинұр, )

Жүргізуші;

Ал балалар сендер біраз өнерлеріңді көрсеттіңдер, бірақ гүл шоқтары табылар емес.

Осы кезде есік қағылып, ішке Қызыл телпектің әжесі кіреді.

Әже: -Амансыңдар ма, балаларым! Сендер менің немерем Қызыл телпекті көрмедіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Жүргізуші;

-Сәлеметсіз бе, әже! Сіздің немереңіз Қызыл Телпек біздің балалармен бірге жүр. Ол сіздің мерекеңізге арнап гүл шоқтарын іздеймін деп адасып, біздің балаларға жолықты.

Қызыл Телпек: Әжетайым , сені мен гүл шоқтарымен қуантқым келген бірақ мына балалар бәріміз болып іздеп, әлі таппадық.

Әже:

-Е-е-е, енді түсінікті болды. Жақсы балалар екенсіңдер,менің немеремді сендердің орталарыңда көргеніме қуаныштымын. Ал мені қандай өнерлеріңмен қуантасыңдар, балалар?

Жүргізуші;

Әже біздің балалар өте өнерлі.

Біздің балалар аналарға арнаған көптеген әндерін айтып, өлеңдерін оқыды. Енді ортамызда отырған әжелерімізге және сізге арнап әже туралы ән шумақтарын айтып берсін.

Ән: «Әжем менің айдай»

(Медина, Мансұр, Шахмардан)

Тақпақтар:

Гүлдана: 

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің

Алихан:

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Әбілмансұр:

Бәріңізде анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым.

Ернұр:

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

Би: «Бабушки- старушки»

Әже: Ой, балалар сендерге көп-көп рахмет!

(Осы кезде әдемі әуен естіліп, ішке Көктем келеді.)

Көктем:

Сәлем, сәлем балақайлар,

Әзиз әже назды апайлар.

Мен шуақты ала келдім

Қуаныңдар алақайлап,

Жерге кілем жаба келдім,

Құстар әнін ала келдім.

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнді сала келдім.

Әп-әдемі шоқ гүлдерді,

Даладан мен жинай келдім.

Қызыл Телпек:

-Ой, балалар қараңдаршы қандай керемет гүлдер! Ал мен болсам осындай гүлдерді іздеген болатынмын.-деп мұңайып қалады.

Жүргізуші;

Сен мұңайма, Қызыл Телпек, бұл көктем гүлдері. Ал көктем гүлдерін ең алғаш көктем береді, олай болса біздер сол әдемі гүлдерді көктемнен сұрайық. Көктем сен біздің балаларға және Қызыл Телпекке әдемі гүл шоқтарын бересің бе?

Көктем:

-Әрине беремін. Қызыл Телпек мына гүлдерден саған да беремін бірақ сендер маған өз өнерлеріңді көрсетсендер беремін.

Би: «Гүлдер» қыздар

Қызыл телпек:

Ой балалар мен қуанып тұрмын. Осы гүл шоқтарын мен ұзақ іздедім. Сол гүлдерді бізге Көктем ала келді. Ендеше бәріміз Көктемге алғысымыз ретінде ән айтып берейік.

(Нұркелді, Әбілмансұр, Заңғар,)

Хор: «Апатайым - анашым»

Жүргізуші:

Ер жетіп есейгенде балапаны,

Арайлап атады екен дала таңы,

Иіскеп маңдайымнан сипайтұғын

Қымбат қой аналардың алақаны.

Асыл анам, ардақты анам, жан анам

Сендей жанды қайдан іздеп таба алам

Кім кімнің де қымбаттысы бар шығар,

Ал мен үшін саған жетпес жан адам.

Ендеше осындай балаларды дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға бәріміз бас иейік, және қолымыздағы шоқ гүлдерімізді сыйға тартайық

 

Жыр арнайық оларға жігері ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық қуатын беріп жастың Осымен аналар мерекесіне арналған «Айналайын ақ анам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Алтын аналарымыз бен абзал әжелеріміз , қызғалдақтай қыздарымыз аман болсын!