Топ: «Жас ізденімпаз» мектепалды тобы

Тәрбиеші: Бегалиева К.У.

Көптілеуқызы Ә.

2025 оқу жылы

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі сценарий

«Билет болашаққа»

(Ұшақтағы концерт)

Зал іші ұшақ салоннына ұқсатып безендірілген, қабырғаларда иллюминатор (терезе)  "WELCOME ON BOARD", "БОЛАШАҚ РЕЙС-2025" жазулары.

(Музыка ойналады)

Балалардың кіруі; Лэд экраннан балалардың топта отырғаны, акт залға келе жатқан көрінісі көрінеді. Экран жақтан жақтан РАҚОШ,МЕЙІРХАН,ХАНТӨРЕ,НҰРИСЛАМ,ҒАБОШ шығады. Би қимылын жасайды. Қыздар шығады: ТОҒЖАН,ЕРКЕЖАН,АЙСҰЛУ,ХАНШАЙЫМ

Ортаға келіп, би қимлын жасайды.

Айша қолында конфеті бар ойнап шығады. Балалар мазақтап,күледі.

Ханшайым: Тууу,Айша бәрін құрттың ғой.балалар күледі.

Рахош; Айша сенкәмпит жеп, ойын алаңында ойнап жүре бересің бе?енді сен үлкен болдың, мектепке  барасың, біз сенің өзгергеніңді көріп, қуанғымыз келеді.

Айша; Жоқ, мен мектепке бармаймын, мына тәттілерімді, ойыншықтарым ды, сүйікті балабақшамды қимаймын.

Рахош; Досым, мен сені мектепке шақырамын!Жаңа біліммен қызық оқиғаларға  толы мектеп өмірі басталды. Мектепте тек жаңа достармен кездесіп, қызықты сабақтарға қатысып қана қоймай, шығармашылық ой мен жаңа білім алуға көп мүмкіндіктер бар. Мен саған сенемін!

Бәрі бірге: Біз саған кенеміз,Айша!

Пролог; Ән: «Алтын өмір ай» Тоғжан, Айару, Айша

Айару ән айтып болғанда лэд экран жақтан қалған балалар шығады.

Айша: «Мен бүгін кәмпитімді, ойыншықтарымды артта қалдырып, үлкен мектеп әлеміне аттанамын!Болашақтағы білім мен достыққа жол ашылып жатыр. Менктепте мен өзімді жетілдіріп, армандарыма жететінімді білемін, мен дайынмын, себебі жаңа әлем мені күтеді!»

Рахош: Жарайсың! Біз бірге оқып, бірге өсеміз, әр сабақта жаңа шыңдарға жетуге

Барлығы бірге:ұмтыламыз.

Мейірхан: Расында, біз бүгін үлкен өмірге аттанғалы тұрмыз! Ал біздің тәрбиеші апайларымыз қайда?

Тоғжан: Біздің жүрегімізді жылытып,

Хантөре: Әрдайым жанымызда болып,

Мариям: Тәлім тәрбие берген,

Ғабидин: Бізді күтіп баптап жүрген

Әмина: Ерекше құрметпен

Барлығы бірге: Шақырамыз

Ән: «Тәрбиеші мен түлектер»  Еркежан,Рахош апайларымен

Баршагүл:

Жылы сөзбен жұбаттың,

Жанымызды ұқтыңда

Тәрбиелеп баптадың

Үлкен өмірді күттің де

Қадам бассам мектепке

Сіз берген күш бойымда

Сізге деген алғысым

Мәңгі сақталар ойым да

Қош бол, менің тәрбиешім

Асыл анамдай қамқорсың

Өзің сепкен нұр дәні-

Мәңгі гүлдеп жайнайсың!

Күнзипа апай: Ерте,ерте,ертеде тәрбие атты өлкеде,

«Алпамыс» бөбекжай бақша аттысарайда,

Білім шашқан маңайға,

Бір патшалық өмір сүріпті.

Ішіне бақ пен жұлдыз қоныпты.

Сол сарайдың бірінде 2021 жылдың күзінде 24 бала келіпті. Сол кішкентай балалар ақылды, парасатты, тәртіпті, алғыр болып өсіпті.

Балалар хормен: Біз ақылды баламыз,

Білімге бас қоямыз

Ұстаз айтқан сөздерді,

Жүрекке нық қоямыз.

Әсел: пісіп оймен саннамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз, дей келе, біздің сарайымыздан 2025 жылдың көктемінде «Жас ізденімпаз» түлектері болып, «АРМАН ҰШАҒЫМЕН» болашаққа сапарға шыққалы тұр.

Күнзипа апай: Әрқайсысының жүректеріңде армандар, үміт және жаңа білімнің нұры жайнайды. Осы ұшу арқылы сіздер үлкен әлемге жаңа достарға және қызықты  оқиғаларға сапар шегесіздер!

Фон музыка, кассадан билет алу.

Балалар билет алып жатқанда диктор дауысы естіледі;

Құрметті жолаушылар! Ұшаққа отыру басталды, сапараларыңыз сәтті болсын!Ақ жол!

Би: «Чемодан» (Айсұлу,Мариям,Әдеміай,Айару,Асыл,Тоғжан,Сымбат Әмина)

(Залда ұшақ моторының үні)

Стюардесса;

Құрметті жолаушылар! Сіздерге «БОЛАШАҚ» әуе жайының 2025жылғы арнайы рейсімен ұшуға қош келдіңіздер!

Ұшақ бағыты: БАЛАБАҚШАДАН-МЕКТЕПКЕ

Ұшу бағыты: БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН-ҮЛКЕН ӨМІРГЕ.

Бүгінгі рейстің жолаушылары кішкентай, бірақ арманы асқақ балалар!

(Фондық әуен қосылып, ақпарат тақтасында «Ұшуға дайын болыңыз, құрметті жолаушылар!» деген хабарлама естіледі) балалар орындыққа отырады

Ұшқыш-Хантөре:

Сәлем достар! Мен бүгінгі рейстің ұшқышы мен  Құрбанәлі Хантөре

Стюардесса:

Құрметті кішкентай жолаушылар, біздің ұшаққа қош келдіңіздер! Бүгін сендербалабақша күндерінің тәтті естеліктерін артқа қалдырып, жаңа оқу әлеміне, мектепке ұшу үшін аттануға дайын боласыздар. Сапар алдында әуежай басшысы Қ.Қапашқызы сәттілік тілейді.

Меңгеруші сөйлейді

Хор: «Алпамыстың жұлдызы» (Баршагүл, Хантөре, Мариям, жұлдызды алып шығады да, ішін ашқанда балалардың суреті шығады)

Би: «Шармен» (Мейірхан, Мүслима, Рақош, Айша, Ғабидин, Ханшайым, Гүлфайруз, Еркежан)

Бәрі хормен: Билет-Болашаққа, ұшуға дайынбыз!

(Ұшақтың ұшу дыбысы) балаларды киіндіру

(Қарындаш; Елдар, Гүлсая, Елжан,

Бояулар; Хантөре, Нұрислам, Аяла,

Қайшы; Баршагүл,

Өшіргіш; Бекжанкиіндіру)

Әсел: Ұшу барысында сіздер керемет концертті тамашалайсыздар, балабақшамен қоштасу-көңілді де әсерлі саяхат болмақ!

Ән: «Маленькие звёзды» Ханшайым, Әмина

Стюардесса:

Құрметті жолаушылар! Ұшағымыз «Білім елі» қаласына қонды.

Көрініс: «Біздің дос бояулар мен қарындаштар»

1. Ханшайым: (Таңқалған киіп)-Қараңдаршы менің достарым осында екен! Қара қарындаштар қалай тізіліп тұр! Тура ертегідегі батырлар сияқты

2. Еркежан: (қуанған киіп)–ал мына бояулар ше? Әрқайсысы түрлі түсті әлемнің қақпасын ашатын сиқырлы бөтелкелер сияқты.

3. Сымбат қағазды көтеріп: - қағазда бізді күтіп тұр! Ол біздің суреттерімізді сақтайтын нағыз дос қой!?

Қарындаштар; Елдар, Гүлсая, Елжан: -Сәлем достар! Бізбен бірге сурет салуға дайынсыңдар ма?

Бояулар; Хантөре, аяла, Нұрислам (шаттана) - Біздің көмегімізбен әлемді түрлі-түсті арманға айналдырайық

Қайшы-Баршагүл; (Бұйыра сөйлеп) – Қағазды шебер қиюға дайынсыңдар ма?біз сендермен бірге керемет туынды жасаймыз! 

Өшіргіш-Бекжан; (Жымиып) – Қателесуден қорықпаңдар!мен әрқашан сендерге көмектесемін.

Барлығы; Біздің оқу құралдарымыз –ең жақсы достарымыз! Олар бізді шығармашылыққа баулиды, армандарымызды қағаз бетіне салады!

Би: «Оқу құралдары»

(Сымбат, Елдар, Гүлсая, Елжан, Хантөре, Аяла, Баршагүл,Бекжан)

Биден соң фон қосылады

Ханшайым: Достар сендерде бізбен еріп жүріңдер

(Балалар ұшаққа мініп, қайта ұшады)

Әзіл әңгіме: ( Тоғжан, Мариям, Мүслима)

Тоғжан: Мектеп деген үлкен әлем дейді! Мен дайынмын!2 қарындаш, 3 өшіргіш,4 дәптер болса болды,(көрсетеді, пакетке салады) ал Әліппе қайда? ой оны ұмытып кетіппін! Ештеңке етпес әліппесіз-ақ мектепке бара беремін!

Мариям: Ал, Ұстаздар сұрақ қойса ше? Оның сұрағына жауабым дайын Білмеймін, бірақ мүмкіндігімше айтуға тырысармын

Мүслима: -Мектепке тәртіп керек дейді, мен тіпті үйде отырғанда да орындықта тыныш отыра алмаймын, мектепке арнайы отыратын белдік алып алайын, сосын белдікті байлап орындықта тыныш отырармын

Тоғжан: Балабақшамыз қандай күшті қимайда тұрмын, бес мезгіл тамағы бар, ойнайтын ойыншығы бар, қандай керемет тәрбиеші апайларымыз бар, оларды қалай қиып кетеміз?

Мариям: Тоғжан мектептеде  тамақ береді дегенді естідім, ол жақта  апайларды да  өте мейірімді жақсы дейді.

Мүслима: Я бәрін айтта, бірін айт сабақтан соң үй тапсырмасы болады екен! Ал мен мультфильм көруге уақытты қалай  табамын?

Тоғжан, Мариям екеуі бірге; Мүслима несін уайымдайсың біздің К.Убиқызы мен Ә.Көптілеуқызы бізге көр нәрсе үйреткен жоқ па, оқуды, жазуды тәртіпті болуды, бір сөзбен айтқанда барлық жақсы қасиеттерді.

Мүслима: Дұрыс айтасыңдар  енді біз  –болашақтың үлкен оқушыларымыз!

Әліппемен, сөмкемен, оқу құралдарымен дос боламыз, оларды арқалап мектепке барамыз, бірақ балабақшаны сағынамыз!

Бірге: Қош бол менің сүйікті апайларым және  балабақшам!

Ән: «Шаршама ұстаз, шаршама» Гүлфайруз, Ғабидин

Стюардесса:

Келесі аялдама-Алғыс мекені!

Бұл елдің адамдары адамдары сондай мейірімді, бір-біріне үнемі сыйлық жасап, алғыстарын айтып жүреді екен

Нұрислам: Қандай керемет! Менде сыйлық  алғанды ұнатамын!

Гүлсая: Достар, бізде өзіміздің бақшамыздағы қызметкердерге алғысымызды жаудырайық

Нұрислам: Яя әрине

Алғыс айту балалардың тақпақтары:

Елжан:

Меңгеруші апай-мейірімнің нұры

Ұжымның да, баланың да шын сыры

Ұйымдастырып әр кезде тірлікті

Жетелейсіз жақсылық пен бірлікті

Таңмен бірге ашылады есігіңіз

Жан жылуыжүрегінің күші бұл

Әр балаға бір-бір гүлдей қарайсыз

Жасадыңыз мейірммен ісіңізді

Қ.Қапашқызына мың алғыс!

Мүслима:

Әдіскер апай, ақылшы жан

Тәрбиешіге жол сілтеген жан

Сабақтарды жүйелеп, бағыт бердің

Бала үшін әрқашан қам жеген жан

Біз ойнадық, үйрендік, дамыдық та

Сіздің біліміңіз-үлгі орта баршаға

Әр ісіңіз өнеге біз үшінде

Айтамыз алғыс шын жүректен!

Әлима Мерекеқызына!

Гүлфайруз:

Әр мереке сізбен қызықты өтеді

Күлкіге толып, шаттық жетеді

Идеяңыз мықты, өнеріңіз зор

Біз үшін сіз-ең керемет қор!

Педагог ұымдастырушы Гүлмейрам Болатбекқызына Мың алғыс!

Әдеміай:

Алғаш рет отқансың санамды

Алғаш рет ұстатқансың қаламды

Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсыменен жаманды

Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды қып өсірген

К.Убиқызына мың алғыс!

Ханшайым:

Күнімізді жарқыратқан

Анамыздай қамқорлықпен

Әрбір күнді нұрға бөлеп

Тәрбие берген сіздер едің

Әр әріпке баулыдыңыз

Жақсылыққа шақырдыңыз

Сабырлы сөз, мейіріммен,

Жүрекке жол таптыңыз

Ә.Көптілкуқызына мың алғыс!

Әмина:

Топта бәрін тазалап

Бізге жәйлы орын ап

Күнімізді жарқын қып

Жанымызға жылу боп

Үлкен алғыс сізге

Жақсылықтың ізінде

Тазалықтың үлгісін

Көрсеткенсіз біздерге

А.Мәдиқызына мың алғыс!

Аяла:

Көңіліміз жабықса

Жылылықпен демедің

Жан дүниемізді ұғып,

Ақыл кеңес бердіңіз

Ф.Мейрамбекқызына мың алғыс!

Рахош:

Сізбен бірге билегенде

Әлем шіркін өзінше

Қанат байлап армандарға

Ұштық қиял көгіне

И.Сматуллақызына мың алғыс!

Тоғжан:

Ән үйреткен апайым

Әуенге қосқан шабытым

Әр әніңмен көктедім

Арманға қанат байладым

Әуезбен бізді тербетіп

Көңілімізді гүл еттің

Әр үйреттің жүректен

Сезімді әсем тіл еттің

А.Болатбекқызына мың алғыс!

Мейірхан:

Секірдік, жүгірдік, ойнадық

Күш жігерге толтырып тоймадық

Таңертеңгі жаттығу дәстүр боп

Апай сізбен шынығып бой жаздық

М.Маратқызына мың алғыс!

Сымбат:

Медбике апай қамқор жан

Денсаулық үшін үлгің зор

Әр баланың амандығын ойлаған

Мейіріммен  күтесіз аялап

Сізге алғыс айтамыз шың жүректен!

Мариям:

Ас бөлмеде ас әзірлеп

Дәмдә тағам сыйлаған

Таңғы, түскі, кешкі ас

Күттің бізді ұдайы

Аспазшы апайларға мың алғыс!

Гүлсая:

Төсегіміз кірлесе

Жуып таза қылдыңыз

Иісі аңқыған, тап-таза

Жаңа төсек сыйладыңыз

Кір жуушы апайларға мың алғыс!

Ән: «Ұстазым»

Елдар: достар білесіңдер ме, ұшақ  аспанға ұшқанда құстармен амандасып өтеді! Егер ұшақ амандаспаса құстар ренжіп қалады екен!

Нұрислам: Шын ба?

Елдар: Иә шын айтам

Нұрислам: Қалай сонда амандасады?

Елдар: Міне былай (көрсетеді ұшады, тоқтайды) Құс алдымнан кездесті сәлем деп қол бұлғаймын

Стюардесса: ой қандай ақылды жолаушы! Онда барлық жолаушылар терезеге қарап  құстарға «Сәлем»  деп қол бұлғайық, құстар ренжімесін

(барлық бала терезеге қарап қол бұлғап аманадасады күледі)

Асыл: ал біз биікте болғанда тамақ ішсек , тамақ аспан дәмімен тәтті болады екен.(Балалар таң қалып, күліп жатады)

Бәрі: Қой ра спа!

Асыл: Яя әрине рас! Себебі; бұлттар тамақ істегенде дәм береді екен

Бәрі: қойшы сенде деп күледі

Стюардесса: Келесі аялдама Достық мекені!

Хантөре:

Балабақша достық мекені

Махабаттың, жылылықтың өлкесі

Достарыммен бірге өстім ержеттім,

Енді мектеп жаңа кезең басталды!

Ән: «Қош бол менің балабақшам!»(Мүслима, Мейірхан, Ханшайым, Гүлсая, Хантөре, Айсұлу)

(Лэд экраннан клип жүріп тұрады)

Стюардесса:

Құрметті кішкентай жолаушылар! «Болашақ рейс-2025» сіздермен бірге ұшқанға қуанышты. Сіздер Арман әлеміне сәтті қондыңыздар. Болашақтың соңғы аялдамасы арта қалды, алда мектеп атты жаңа мекен.

(Сахнаға Арман елшісі Мейірхан шығады, қолында кітаппен кілт бар)

Мейірхан: Қош келдіңдер, жас балғындар! Сендер балалықтың әуежайынан биік арманмен ұшып келдіңдер. Бұл қала – білімнің, ізденістің, жаңлықтың мекені.

Елжан: Бұл қала расымен арманымызды орындай ма?

Мейірхан: Иә әрине. Қандай армандарың бар, айта қойыңдаршы?

Елжан: Мен болашақта дәрігер болғым келеді!

Кім түшкірсе-дәрі берем,

Кім жыласа құшақтаймын!

Ақжарқын апай сияқты,

Қамқорлықпен ұдайы қараймын!

Елдар: Мен ғарышкер болғым келеді! Тәрбиеші апай айтқан: "Сен аспанға да жетесің" деген. Сондықтан мен балабақшадан кейін бірден Марсқа ұшамын!

Айша: Мен тәрбиеші болғым келеді! Балаларға мен тақтада 2+2 деп үйретемін! Өзім әлі жазуды жаттап жүрсем де, бір күні "Директор апай" болам десем сенбеңдер!

Айсұлу: (байсалды қалыппен) мен болашақта  музыка жетекшісі болғым келеді?

Балалар (Таңырқап) –Қалайша? Сен стюардесса емессің бе?, музыка жетекшісі бола алмайсың ғой! Деп күледі

Айсұлу: (бірден сенімділкпен)  несі бар? Неге бола алмаймын? Қазір дәлелдеймін, қараңдар!(қалпағын шешіп, қолына "Дирижёр таяқшасын" ұстап, сәл ауысады дирижёр кейпіне енеді)

Фон музыка ойнап тұрады; оркестрдің заттарын дайындау

(классикалық н/се күлкілі оркестр әуені) (Аяла-тұяқша, Гүлсая-сылдырмақ, Әдеміай-қобыз, Асыл-скрипка, Сымбат-флейта,Хантөре-бубинчик,Бекжан-барабан)

Айсұлу дирижёр: Дайынбыз ба? Оркестр! Ал бастаймыз1-2-3!

Қызықты сәттер; Ғабидин түшкіреді дирижёр тоқтады.

Айсұлу: Ғабош, сен не тұмауратып қалғанбысың?

Елжан барабанды қатты соғады

Айсұлу: Елжан жәй-жәй-жәй бұл рок емес қой! Ал, кеттік! (музыка ойнайды, Айсұлу қолымен нұсқап көрсетеді де:)

Айсұлу: Жоқ, мен дирижер бола алмайды екенмін. Көмекшіме берейін, Мариямға береді.

Оркестр: Бекжан,Нұрислам,Баршагүл, Сымбат, Мүслима, Гүлфайруз, Айсұлу, Еркежан, Мариям, Рақош, Әдеміай, Елжан, Елдар, Ғабидин, Аяла, Гүлсая

Балалар оркестрде ойнайды

Айсұлу: Ал қалай  ұнады ма?Көмекшіме рахмет!

Елжан: Қандай ғажап! Шынымен де армандарымыз орындалады екен.

Мейірхан: Мен сендерге Арман қаласының кілтін тапсырамын. Ол тек сендердің жүректеріңдегі сенім, достық ынта арқылы ашылады. Мектеп сендерді күтуде! (Айшаға тапсырады)

Елжан: Арман елшісі Сіздің үмітіңізді ақтаймыз. Мектепте озат оқушы боламыз!

Барлығы бірге: Балабақша-бал күлкі,

Қимастықпен қалды артта

Арман қала  күтіп тұр

Мектеп аттты ғажайып!

(Ұшақтан түсу сәт. Таң қалу, қоңырау дауысы естіліп мектепке келгендей фон болу)

Ән: "Попури"

1."Мектебім аяулы мектебім" Мариям, сымбат

2."Біз мектепке барамыз" асыл, Әдеміай

3."Риза апай, ағайда" Әмина, Баршагүл

Би:  «Қоштасу биі»

Бақытжан жақта қыздар тұрады: Мүслима, Ханшайым, Гүлфайруз, Еркежан, Гүлсая, Тоғжан, Аяла, Мариям, Әдеміай, Сымбат, Асыл, Баршагүл

Терезе жақта ұлдар: Мейірхан,Нұрислам, хантөре, Ғабош, Рақош,Бекжан,Елжан, Елдар,Айсұлу,Әмина,Айару,Айша

Күнзипа: Құрметті менің кішкентай бүлдіршіндерім! Кеше ғана көздеріңде балалықтың таңғы шықтай тап-таза нұры бар, сәбидей аңқау болып балабақшаның табалдырығын аттадыңдар. Енді міне көз алдымда өсіп, саналарың толысып, үлкен өмірге мектепке қадам басқалы тұрсыңдар, сендермен  өткізген  әрбір  күн мен үшін үлкен бақыт және ұмытылмас естелік, балалардың әр бір жетістіктері біз үшін қуаныш және мақтаныш

Құрметті  менің ата-аналарым  бүгін балабашамыздан ұшып бара жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деп тілегімді айтамын!

Әсел: Бүгін сендерүлкен сапарға аттанғалы тұрсыңдар. Мектептің жаңа белестері, жаңа ұстаздары, жаңа достары сені күтуде,бірақ қайда жүрсеңдерде  балабақшада өткен осы тәтті шақтарың  мен сендерді мәпелеген жанашыр жүректер әрқашан естеріңде болсын. Сендерге тек биік армандар, ашық аспан нұрлы болашақ тілеймін! Білімге құштар, тәртіпті, мейірімді елге пайдалы азамат болып өсіңдер. Біздің жүрегіміз сендер үшін әрқашан ашық.

Бірге: Қош болыңдар, біздің сүйікті балапандарымыз! Ақ жол балғындарым!

Хор: «Балабақшамызға мың алғыс!»

Күнзипа апай: Бүгінгі қуанышқа толы шарамыздың ерекше сәті – кішкентай бүлдіршіндерімізге алғыс хаттар мен дипломдар табыстау сәті келіп жетті. Бұл – олардың жыл бойғы еңбегі мен жетістігінің жемісі.

Осы салтанатты сәтте бүлдіршіндерімізге марапаттарын табыстау үшін, балабақша меңгерушісі Қ.Қ.Қапашқызын сахна төріне шақырамыз!

Арман елшісі-Мейірхан: Арман қуған кішкентай бүлдіршіндер!Мектеп атты жаңа үлкен әлемге қош келдіңдер! Қадамдарың оң болсын!

Деп есікті ашып, балалар есіктен шығып кетеді.