Тәрбиеші: Шардарбекова А
Тобы: «Әмбебап балдырған» мектепалды топ
2025 оқу жылы
Тақырыбы: «Қош бол,балабақшам!»
Балалардың залға ерекше кіруі. Сахна қоштасуға сай безендірілген.
Түрлі-түсті шамдар.
Аудио жазба:
Жания: Рамазан, мен кішкене қорқып тұрмын, сен ше?
Рамазан: Жания, маған да оңай боп тұрған жоқ, бірақ бұл кеш біз үшін өте маңызды. Өйткені біз енді Мектеп атты үлкен кемеге жол тартамыз.
Жания: Иә, Рамазан, дұрыс айтасың, бірақ мен қатты қобалжып тұрмын. Бала шақтан болашаққа қадам басу оңай емес екен. Бүгін біздің сүйікті ойыншықтарымызбен қоштасатын күн.
Деген кезде балалар сахнаға екі-екеуден арнайы дайындалған музыка арқылы ойыншықтарымен билеп шығады. (краски Старший брат әнін аудару қазақшаға)
Бидің ортасында Рабия шықсын музыканы тоқтатып былай дейді:
Рабия: Тоқтатыңдар. Бұларың не? Қанекей жинақталыңдар, Неге бәрің ойыншық,ойыншық деп жылап отырсыңдар.Қойыңдар ойыншықтарыңды. (ойыншықтарын қояды өздері) Көңіл-күйді түсірмеңдер бүгін сендердің жарқырайтын күндерің емес пе?
Айгүл Ізетқызы сендерге не үйретті,білімді, қайсар, батыл, мықты болыңдар деді емеспе? Біз кімбіз? Ал Қазақтар ешқашан жолындағы кездескен қиындыққа мойынсынбаған. Сендердің бойларыңда батырлардың рухы бар. Қазақ елінің болашағы біз емес пе? Музыка басталу керек РУХ әнін айту. (шахмат болып тұрады , 4 ұл ортасынан бір қатармен шығып айтады)
Елжан. Шерхан. Жәңгір. Омар.
Рабия: Рахмет жігіттер рухымызды көтеріп тастадыңдар. Бізге дәл осылай үйреткен, тәрбие берген, білім берген тәрбиешілерімізге қанша алғыс айтсақ та артық етпейді. Олай болса үлкен қошеметпен Айгүл Ізетқызын ортаға шақырайық!
Тәрбиеші: Рахмет менің кішкене жұлдыздарым. Ал Құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар. Бүгін міне санаулы уақытта сүйікті балабақшаларымен қоштасып үлкен қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің «Бала шақтан-болашаққа қадам » атты балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер. Мені балаларым қошеметпен ортаға шақырса, ендеше мен де болашақ жұлдыздарымды да ерекше етіп бір таныстырып қояйын.
Балаларды теңеумен шығару.
Танысу біткесін Жания жылап қалады.
Тәрбиеші:
Саған не болды Жания?
Жания: Айгүл Ізетқызы, мен сонда да қорқынышымды жеңе алмай тұрмын.Мен балабақшада ойыншықтармен қала берсем ше?
Бәрі: - Жоооқ! Ол мүмкін емес!
Тәрбиеші: - Әр нәрсе өз уақытымен болуы тиіс, табиғаттың заңын бұза алмайсың.
Ж. Жания: Сен сонда үлкееен болғанша балабақшада ойыншық ойнап отырасың ба? (деген кезде Жания анасының топта кішкентай балалардың арасында өгіздей боп тамақ ішіп ойыншық ойнап отырған видеосы шығады.) Балалар күледі.
Жоғиии, деп Жания айтады.
Сол кезде Рамазан: - Олай болса, Алисадан сұрап көрсек ше?
Табылған ақыл!
Рабия. – Алиса , біз бала шақтан болашаққа аттануға, балабақшамызбен қоштасуға қимай кеткіміз келмей тұр, не істесек болады?
Алиса: - Сәлеметсіңдер ме! Бұл сұрақтарың маған ұнады. Мен қазір жауап беруге тырысайын. Балабақша — баланың жүйелі түрде білім — тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді.
Рабия:Туу Алиса басқа қандай қызықты ақпарат білесің?дейді біреуі
Алиса: - Мхм Басқа ақпарат дейсің бе, сендердің балабақшада Мектепке апаратын жолды нұсқайтын «Ғажайып сандықша» бар сол сандықтың ішінде барлық сұраққа жауап таба аласыңдар.
Сол кезде толпа балалардың артынан біреуінің дауысы шығады.
Омар: Ғажайып сандықша мынау емеспе мен таптым!
Балалар бәрі сандыққа қарай келеді. Сандықты ашқан кезде ішінде ғарыш әлеміне кіріп кетеді. Кенет залдың бір шетінен сиқырлы "ғарыш періштесі" шығады (жарқыраған костюмде, қолында таяқша).
Ғарыш періштесі:
– Сәлем, кішкентай жұлдыздар! Мен – ғарышперіштесімін! Мен планетама қош келдіңдер.
– Сендерді бүгін Ғажайып Планеталарға саяхатқа шақырамын. Бұл саяхат ерекше – ол жүрекпен сезіледі, достықпен жалғасады, біліммен бекемделеді!
Балалар дайынсыңдар ма?
– Иә! Біз дайынбыз!
Тәрбиеші:
– Ғарышқа бару үшін алдымен зымыран құрастырамыз! Бірақолжайзымыран емес – олармандардантұрады!
Балаларкезекпен "Зымыранбөлшектерін" әкеледі:
"Досжүрек" – жүрекпішіндібөлшек Нұрия.
Ән саламыз бас қоса
Бақшаменен қоштаса
Күніміз тұрсын күлімдеп
Жүрейікші достаса
Көңілді өскен баламыз
Шырқап әнге саламыз
Кеншімізге сән беріп
Әзілді әнде айта аламыз.
"Қиялоты" – от бейнеленген макет Жанбота.
Барамыз біз мектепке
Бір белестен өттік біз
Өсті міне бойымыз
Өсті ақыл ойымыз
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойымыз
"Білім қуаты" – кітап бейнесі Малика.
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым
Мынау есеп кітабым
Мынау әйбат әліппем
Бәрін жинап сақтадым
Білімге жол аттадым.
"Арманбағыты" – жұлдыз компас Жәңгір.
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық көп білдік
Елмен Отан жайында
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғындар
Туған Отан қуансын
Ер жетті деп бөбегім
(Әр бөлікті әкелгенде балалар тақпақ айтып тұрады.)
Ғарыш періштесі зымыранға сиқыр шашып, оны "тірілтеді" (жарық жанады, дыбыс қосылады).
3-БӨЛІМ: ҒАЛАМҒА ҰШУ
Періште: Бұл зымыранмен ұшу үшін, бірліктерің жарасқан достықтарың мықты болу керек, жолда неге кездессеңдерде сендер бір-біріңе көмектесулерің керек. Сендерге жол көрсетейін.Дайынсыңдар ма? (қолын созады бір бала , бір сол қолға бірігеді. Зымыран әнімен М.Жүгінісов). Зымыранның ұшуы көрсетіледі.
Періште:
– Ендеше, жол басталды! Сендердітөрт ғажайып планета күтуде...
1-ПЛАНЕТА – БІЛІМ ПЛАНЕТАСЫна жол тартасыңдар. Мен сендерді бақылап жүремін жолдарың болсын балалар.
(Сахнада әріптер сандар шашылып жатады.)
Лед экраннан жасанды интелектімен инополонетян сөйлейді.
Сәлеметсіңдер ме. Хош келдіңдер. Менің планетамда ақылдылар, білімділер өмір сүреді.
– Балалар, мектепкеапараржол осы жерденбасталады!
Қараңдаршы менің әлемімде әріптер мен сандар өте көп,қане әріптерді сөйлетіңдерші.
Кәусар: маған Қ әріпі ұнайды.
Азима: Ал Менің атым А әріпінен басталады. Мен А әріпін жақсы көремін
Бексұлтан: Мен бананды жақсы көремін . Ол Б дан басталады.
Аизия: Ой мынау Қ ма осы сенен басталатын сөздер қырғын шығарады да жүреді а?. Ары тұршы!
Кәусар: Ойй мына Ж нестеп тұрсың? Сен айтшы осы неге үнемі жан-жағыңды жайпап жылайсыңда жүресің а???
Бексұлтан: МММ сен чета үндеми тұрсың ғой.
Нұрсая: Мен сендерге таң қалып тұрмын. Айналаға қарашы бәрі математикадан тұрады. Түсті , пішінді, уақытты , кеңістікті бағдарлауды бәрін менен үйренесіңдер емеспе?
Жәңгір: ЕЕЕ , соны айтамын одан да есеп шығармайсыңдарма. Сандарым қайдасыңдар келіңдер.
Сабина: Уф биыл шықпай кетемізбе депедік. Қане мықты болсаңдар есеп шығарыңдар.Сабина. Каусар.
1+5. 5+4 3+4 10-6 6-2
Бексұлтан: Біз болашақ бақытты
Азима: Ақылды, айбатты
Жәңгір: Тәртіпті
Жания: Өнерлі
Кәусар: Қазақстанымызды қорғайтын қайсар, қайратты
Аизия: Жігерлі, Жалындаған Бірге: жастармыз!
Дует «Біз бақытты баламыз»
Сабина: Біз қанатын биікке самғаған бақытты баламыз!
Би «Біз бақытты баламыз» қанатпен
Би: Біз бақытты баламыз
Тәрбиеші: Сендер қандай білімдісіңдер. Ендеше саяхатымызды жалғастырайық. Келесі аялдама- АРМАН ПЛАНЕТАСЫ
Жарық сөнеді, жұмсақ әуен ойнайды.
Балалар жабық көзбен ортада отырады.
Елжан: Сәлеметсіңдерме . Менің есімім профессор - Арман. Арман планетасына хош келдіңдер Менің планетамда шексіз армандап қиялдай аласыңдар.
Мамандықтар ортаға біртіндеп шығады. Әр бала айтқанда сол мамандық суреті шығады.
Ақгүлім: Ал мен ұстаз болуды армандаймын. Сендердің армандап отырған барлық мамандықтарыңа білім беріп үйрететін ұстаз емес пе?
Хор «Шаршама ұстаз»
Оркестр қасықпен бітісімен 3 бала сөзге келіп калады.
Параса пен Жәңгір. Нұрисламға таласып қалады
Парасат: Нұрислам жүр ойнайық.
Жәңгір: Нұрислам менімен ойнайды.
Екеуі: менің досым мен ойнаймын деп жаға ұстасады.
Нұрислам: Достар сендерге не болды, қойыңдар.
Тәрбиеші: балалар бұларың не , сендер барлығың бір үйдің баласындай дос емессіңдер ме? Қанша жыл бойы бірге ойнап , бірге күліп, бірге ән салып би билеп, бір нанды бөліп жеп келесіңдер. Бұларыңды көрсе ғарыш періштесі келесі планетаға өткізбей қояды ғой.( қолыңнан ұстап музыкасы фон)
Жарайсыңдар балалар балалар келесі аялдамамыз ДОСТЫҚ ПЛАНЕТАСЫна жол тартайық.
Зал түрлі-түсті шарлармен, күлімдеген беттермен безендіріледі.
Ортасында "Айдос"ханзада шығады
Айдос ханзада Шерхан: Мен достық планетасының ханзадасымын. Есімім Ай ДоссМенің планетамда тек көмектесетіндер, күлетіндер, достар ғана өмір сүреді. Сендер де сондайсыңдар ма?
– Иә! Біз достықты бағалаймыз!
Кәусар: Бүгін ерекше күн. Біз балабақшамен қоштасамыз. Осы жердегі сәттерді ұмытпаймыз.
Адия: Біз мұнда көп нәрсені үйрендік. Әріптерді таныдық, сандарды санадық, сурет салдық. Тақпақ жаттадық
Балалардың балабақшадағы қызықты сәттерін еске алуы.
Ия Балабақша біз сені сағынатын боламыз.
Тәрбиеші: Балаларым, сендер бір-біріңді сыйлап, достықтың қадірін біліп өскендеріңе қуаныштымын. Достық- өмір бойы серік болатын құндылық. Балабақша есігі әрдайым сендер үшін ашық.
Барлығы бірге БІЗ ДОСТЫҚТЫ БАҒАЛАЙМЫЗ
Ән. «Досым» барлығы шеңбер бойына отырып ұлдар орындайды.
Майшам би
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Міне біз Алғыс планетасына да келіп жеттік. Бұл планетада балалар бір-біріне жақсы сөз айтып алғыстарын білдіріп жүретін тек көңілділер ғана жүреді екен. Ендеше алғыс планетасында бізді не күтіп тұр екен?
Ата-аналар билеп шығады: Ендеше Алғыс планетасына қош келдіңіздер!!!
Би: Ата-аналар.
Балабақша қызметкерлерін құттықтау.
Ән. «Бақшама» Сабина мен Жания
Артқы сахнада: Экраннан Мектеп бейнесі көрініп тұрады. Мектепке барған сурет видеолары жүріп тұрады.
Ғарыш періштесі: Сендер менің ғарыш планеталарымды керемет саяхаттадыңдар.
– Бүгінгі саяхат – ертегі мен шындықтың тоғысқан керемет күні болды.
– Сендер енді мектеп әлеміне дайын жұлдыздарсыңдар!
Ғарыш саяхатындағы, ең маңызды аялдама — Мектеп Планетасы. Бұл – балалардың жаңа кезеңге, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәті.
Сендер енді мектепке барасыңдар.
Ән. «Біз мектепке барамыз» Аизия мен Жанбота. Азима. Малика
Тәрбиеші: Ал сендер бүгін балабақшадан нағыз зерек, ізденімпаз, батыл және мықты тәрбие алдыңдар.
Балалар : Ия
Би «Вальс флешмоп»
Ән. Айгүл апай және балалар
Хор. «Уақыттар зулап жорғадай» әні
Жарты шеңберге тұрады.
Ғарыш періштесі. Ал бүгін би билеп ан айттыңдар, көріністе ойнадыңдар. Осыдан кейін мектепке дайын емеспін деп айтсаңдар бекер ақққ. Бүгінгі біздің балаларымыздың өнерін көрдіңіздер ендеше мектепке дайындықтарын тексеріп көрейік деп сиқырлы таяқшасымен барінің үстіне жүргізіп өтеді. Экраннан 100 пайыз сурет шығады.
Барлық бала бірге:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол! Бүгінгі біздің « Әмбебап балдырған » тобының бүлдіршіндерінің балабақшамен қоштасу ертеңгілігі де аяғына жетіп қалды