«Зерттеуші бүлдіршін» ересек топ

«Білімділер бекеті» ересек топ

Қызылорда қаласы, 2024-2025 оқу жылы

 

4 маусым Рәміздер күніне арналған «Менің рәміздерім» атты мерекелік іс шара

Міндеті:

1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру. Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Менің рәміздерім» атты  меркелік іс шарға  қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернер жүректі.

- Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. 

Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы, 4 маусымда қабылданды

Туға сипаттама: Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков. Ортасында 32 шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Көгілдір түсті, төрт бұрышты мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек, Тік шолақ түрінде нақышталған.

Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Әнұран –Гимн (грек тілінде) – ерекше, барынша манызды жағдайларда орындалатын салтанатты ән

Әнұран - Гимн – сөзден тоқылған мемлекеттік туы.

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан

Соған жетпес құшағы әлемнің де

Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.

Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Балалар Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері  туралы қандай  тақпақтар білесіңдер?

Даулет:

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек-бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Томирис:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы.

Әділет:

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Ерке:

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Қасымхан:

Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Аяла:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

«Сиқырлы бояулар»

(Балаларға Ту және Елтаңбаның суреті беріледі. Мақталы таяқшаның көмегімен  суретті аяқтау)

Жеке ән: Еркеш Ұлдана  «Елімнің  ертеңгі иесі-біз»

Би:

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

«Орнын тауып, сыйлық ал»

(Берілген суреттердің жұбын дұрыс тауып, сыйлық алу)

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Рәміздер күні  құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Менің рәміздерім» атты меркелік іс шараны тамашалағандарыңызға  рахмет!