«Алақай, жайдарлы жаз келді»
Тобы: «Ғажайыптар әлемі» ортаңғы топ
Тәрбиеші: Атабаева Жанар
2025 жыл
Тақырыбы: Былғары доп
Мақсаты:
-
Балаларға футбол ойынының қарапайым элементтерін үйрету (допты аяқпен итеру, бағыттау, қақпаға дәл түсіру)
-
Денсаулығын нығайтып, қимыл белсенділігін арттыру
-
Ұжыммен бірлесе ойнауға, ережені сақтауға баулу
Міндеттері:
-
Доппен дұрыс жұмыс жасауға (тепкенде бағытты сақтау, тежей білу) үйрету
-
Көру, есту, бағдарлау дағдыларын дамыту
-
Жеңіске жетуге ұмтылу, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Қажетті құралдар:
-
Футбол доптары (әр топқа 1–2)
-
Кішкентай қақпалар немесе белгіленген қақпа орны
-
Эстафета белгісі (фишкалар, жолақтар)
-
Ыңғайлы спорттық алаң немесе ашық орын
Ойын барысы: • Тәрбиеші балаларды алаңға жинап, қызықты сұрақтар қояды:
- Доппен қандай ойындарды білесіңдер?
- Сендер футбол көрдіңдер ме?
- Футболшы болғыларың келе ме?
-
Балалар жауап береді, тәрбиеші футболшылар сияқты қызу дайындыққа шақырады. Балаларға жаттығу жасатып алу:
-
Допты аяқпен итеру (алға-төмен)
-
Допты шеңбер бойымен домалату
-
Допты кедергілер арасынан алып өту (фишкалар арқылы)
Негізгі ойын: “Былғары доп” :
-
Балалар екі топқа бөлінеді. • Әр бала кезекпен допты аяқпен итеріп, қақпаға жеткізіп, қайтып келеді.
-
Қай топ допты көп және дәл бағыттай алса – жеңімпаз.
Ережелер:
– Қолмен ұстауға болмайды
– Қақпашы рөлін бір бала немесе тәрбиеші атқара алады
– Достық пен ынтымақтастық
– басты ұстаным
-
Балалардан: “Ойын ұнады ма?
Қиын болды ма?
Қай сәт қызық болды?” – деген сұрақтар қойылады
-
Жеңген топ пен белсенді ойыншылар мақталып, қошеметтеледі
Бағалау: • Белсенділік, дәлдік, тәртіп сақтау ескеріліп, ауызша мадақталады
-
Ойын соңында көңілді жаттығу арқылы тынықтыру
Қорытынды: Бұл ойын балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып қана қоймай, оларды спортқа деген қызығушылыққа, мақсатқа ұмтылуға және командалық ойынға баулиды.