«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК
«Ғажайып гүлдер»
(Дәстүрден тыс сурет салу)
Қызылорда, 2022ж
Тобы: «Білімділер бекеті» ересек тобы
Саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу (Дәстүрден тыс)
Тақырыбы: Ғажайып гүлдер
Мақсаты: Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру, гүлдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, жіппен түрлі түсті гүлдің суретін салуға үйренеді. Баланың қиялы, талғамы, қолдың ұсақ қимылы мен тілі дамиды.
Әдіс – тәсілдер: 4К-сыни ойлау,коммуникативтілік, миға шабуыл, бала үні-қызығушылығы,ойын, мазмұн арқылы саралау, жаппай,тікелей бақылау,уәждеу, көмек көрсету.
Ресурстар: АКТ. Түрлі түсті қарындаш, ақ қағаз, түрлі түсті гуащ, жіп, сулық,су, палитра.
Барысы:
Көңілді қарындаштар.
Балалар қолдарына түрлі түсті қарындаштар макетін алып кіреді. Жан жақтарына таңырқап, қызығып қарайды.
-Сәлеметсіңдер ме ,балалар?
-Сәлеметсізбе?
-Ой балалар, біз қайда келдік?
-Суретшілер әлемі.
-Қандай керемет, дұрыс айтасыңдар, суретшілер әлемі. Сендерге ұнап тұр ма?
Әуен қосылады.
Ой, балалар ән айтуға қалай қарайсыңдар, сиқырлы тақтамен қосылып ән шырқайық.
«Суретші Алан»
Қандай тамаша, жарайсыңдар!
Балалар, сендерге сурет салған ұнайды ма?
Балалар қараңдаршы біздің қарындаштарымыздың түстері киімдеріміздің түсімен сәйкес келеді екен.
Балалар, бұл қарындаш жәй қарындаш емес, сиқырлы қарындаш.
-Ой ой –ой қараңдаршы бұл не екен?
-Жіп.
Балалар, олай болса бүгін біз дәстүрден тыс жіппен сурет салатын боламыз.
Жіппен сурет салғыларың келеді ме?
Қанекей,орнымызға жайғасып отырамыз. Мен сендерге жіппен сурет салу әдісін көрсетіп, түсіндіремін. Жіптерден түрлі түсті бейнелер жасауға болады. Ал біз әдемі гүлдер бейнесін саламыз.
Ол үшін бізге ақ қағаз, политра, түрлі-түсті гуащ бояу, қылқалам, жіп, су, сүрткіш қажет.
Ал балалар, енді мұқият қарап алыңдар. Ең алдымен ақ қағазды бүктеп аламыз. Өзіміз таңдап алған түске жіпті алып бояуға батырып қылқаламмен жағып аламыз. Бояу жағылған жіпті қағазымыздың оң жақ бетіне дөңгелектеп орналастырамыз, басқа түсті жіптерді де орналастырып, ақ қағаздың сол жақ бетін жауып қолымызбен үстін басып отырып, жіптің ұшынан суырып аламыз. Қағазымызды ашып көреміз.
Балалар ненің бейнесі шықты?
Дұрыс айтасыңдар. Әдемі гүлдің бейнесі шықты.
Ал, балалар жіппен сурет салуға дайынсыңдар ма? Олай болса бастаймыз. Балалар сендерге, жіппен сурет салу ұнады ма? -Ұнады, мен қызыл түсті гүл салдым. Жарайсыңдар, балалар әдемі гүлдер салдыңдар, сендерге көп рахмет.