«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі пилоттық жобасын іске асыратын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің КМҚК «Алпамыс» бөбекжай бақшасы
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің КМҚК «Алпамыс» бөбекжай бақшасында «Жас ізденімпаз» мектепалды даярлық тобында «Дос болайық бәріміз» тақырыбында өзін-өзі тану оқу қызметі ұйымдастырылды.Кабинет әсем жүректермен безендірілген.
Оқу қызметінің мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.
Оқу қызметінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады:
1.Сәлемдесу
2.Тыныштық сәті
3.Дәйексөз
4.Әңгімелесу
5.Қорытындылау.
Балалар оқу қызметіне қызығушылықпен белсенді қатысты. Достық туралы тақпақтарын айтып, бір-біріне жақсы сөздер арнады. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігін түсінді . Балалар шеңберге тұрып оқу қызметін «Достық» әнімен аяқтады.