"АЛПАМЫС" бөбекжай-бақшасында ҚР 30 жыл тәуелсіздік мерекесіне және 1 желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күніне орай "Елбасы - ел тірегі" тақырыбында онлайн форматта балабақша ішілік, мәнерлеп оқу байқауы онлайн форматта өткізілді, яғни байқау шарты бойынша, балалар оқылған тақпақтары бойынша Лайк пен комментарий жинаулары керек болатын. Сайыстың нәтижесі бойынша " Зерттеуші бүлдіршін" тобының тәрбиеленушісі Әли Битөре 435 комментарий және 260 лайк саны бойынша ІІІ орын иемденіп арнайы сыйлық пен ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. ІІ орынды "Талантты бөбек" тобының тәрбиеленушісі Әбдіғаппар Еркеназ 661 комментарий мен 487 лайк санымен иемденді. І орынға "Зерттеуші бүлдіршін" тобының тәрбиеленушісі Утегенов Бекарыс 5023 комментарий мен 1592 лайк жинап шықты. БАС ЖҮЛДЕНІ "Әмбебап балдырған" тобының тәрбиеленушісі Болат Санжар 1770 лайк және 5034 комментарий жинап 53 қатысушы ішінен топ жарып шықты. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Балабақша бүлдіршіндеріне жарқын болашақ тілей отыра, әрқашан алар асулары биік болсын деп тілейміз!