«КІШКЕНТАЙ АҚЫЛДЫ БАЛАПАН» ЕРТЕГІСІ

Ертеде әдемі ауыл болыпты. Ауылдағы өзен жағасындағы кішкентай үйшікте тауық өмір сүріпті. Көп ұзамай тауық он екі жұмыртқа басады.Оның он жұмыртқасы балапанға айналады,екеуі жұмыртқа ретінде қалады.Тауық екі жұмыртқаны үйшігіне қалдырып,балапандарына азық іздеп көшеге шығады.Сол сәтте жарылмаған жұмыртқаның біріне тоқылдаған дауыс естілді.Көп ұзамай балапан кішкентай тұмсығымен қабыршақты жарып шығады.Кішкентай балапан жан жағына көз салып,анасын іздей бастайды.Алайда маңайынан ешкімді таппады.Көңілі түсіп кеткен балапан анасын іздеуге бел буады.Кішкене қанаттарымен бетін жауып алып,көшеге қарай беттейді.Аяқтарын енді ғана басуды үйренген балапан жасыл шөп үстіндегі сиырды көреді.Балапан үлкен сиырға таңданып көз алмай қарайды.Бірнеше минуттан соң сиыр балапанға

Сиыр:Сен неге маған таңдана қарап тұрсың?

Балапан:Сен менің анамсың ба?

Сиыр:Менің қандай үлкен,биік екенімді қара.Сенің анаң меннен әлдеқайда кіші.

Балапан:Ой,менің анам сізден кіші ма?- деп балапан анасын іздеуін жалғастырды. Балапан жолда келе жатып, жапырақ жеп тұрған ешкіні көрді Кішкентай балапан ешкінің жанына келіп:

Балапан:Сіз сиырдан кіші сияқтысыз.Сіз менің анамсыз ба?

Ешкі:Ия,мен сиырдан кішімін.Бірақ менің төрт аяғым бар.Алайда сенің анаңның екі аяғы мен екі қанаты бар..,дейді ешкі

Ешкінің айтқанына одан әрі көңілі түскен балапан саяхатын жалғастырып,анасын іздеуін жалғастырады..Сәл жүрген соң,балапан «қарқ, қарқ»деген дауысты естиді.Ешкінің айтқанын есіне түсіріп, «Мүмкін қара қарға менің анам шығар»деп ойлады.

Балапан:Сіздің екі аяғыңыз бен екі қанатыңыз бар.Сіз менің анам болдыңыз ғой, деп сұрады қарғадан кішкентай балапан

Қарға:Ия, менің екі аяғым,екі қанатым бар.Бірақ мен сенің анаң емеспін.Мен сенің анаңнан биік ұша алам,оған қоса сенің анаң менен биік, аяғы менікінен ұзын.Және сенің анаң мен сияқты қарқылдамайды....дейді қарға.

Бұны естіген балапан одан сайын қайғыра түседі.Кішкентай балапанды көргенде оған аяушылық білдірді.

Қарға:Қайғырма, тағы да байқап көр.Сен міндетті түрде анаңды табасың- дейді.

Автор: Қарғаның айтқаны балапанның күдігін азайтып, әрі қарай жүре береді.

Бір кезде кукареку деген дыбыс шығады. Мұны естіген балапан жүгіре жөнеледі. Алдынан анасы шыққан балапан таңырқай қарайды.

Тауық ана: Әрине мен сенің анаңмын. Сен неге үйде қалмадың қымбаттым? Мен саған азық әкелу үшін сыртқа шықтым.Саған қайта ораламын ғой - деді.

Автор:Тауық ана кішкентай балапанның оны қалай тапқаның білгісі келіп,сұрай бастайды.

Кішкентай балапан әдемі даусымен анасы үшін батыл болып,іздеуге шығып, қиындықтарға қалай тап болғанын баяндап берді.Әңгіме соңында тауық ана тебіреніп кетті.Алайда кішкентай балапанның қуаттылығын естіп,өзін бақытты сезінді.

Автор: Осылайша анасы мен балапаны қауышып бақытты өмір сүреді.

Мұны көрген қарға қуанып, достарын би билеуге шақырады.