КМҚК «Алпамыс» бөбекжай бақшасы
«Машаның ертегілер әлемі»
қойылым
Барлық топпен,
тәрбиешілердің қатысуымен
2022 жыл
Тақырыбы: «Машаның ертегілер әлемі» ертегілік қойылым
Күні:01.07.2022 жыл
Тобы: Барлық топтар
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдері кеңейеді. Ойлап, қайта жаңғыртып, еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйренеді.Балалар көтеріңкі көңіл- күйде болады.
Кейіпкерлері:
Маша-Айдана
Алдар-Есенай
Бай–Қарлығаш
Кемпір-Мөлдір
Сиыр-Айған
Тышқан-Аида
Жолбарыс-Қарлығаш
Доңыз-Жадыра
Ата-Есенай
Барысы: Фанфар қосылады
Маша-автор: Сәлем балалар, сендерді көргеніме қуанып тұрмын. Мен аюмен ойнап жалығып кеттім, сондықтан сендерге келдім, сендермен бірге ертегі көргім келеді. Балалар мен ертегіні қатты жақсы көремін. Сендер ше? Мен өзіммен бірге қуыршақ театрымен, ертегі кейіпкерлерін алып келдім. Тамашалап көргілерің келе ме? Маған Алдар көсе қатты ұнайды, көрейікші!
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/182-mashany-ertegiler-lemi-ojylym.html#sigFreeId5705cf04ce
1.«Алдар көсе мен бай» қуыршақ театры «Жасартқыш тоқпақ» ертегісі
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/182-mashany-ertegiler-lemi-ojylym.html#sigFreeIda23730d65a
2.«Сиырмен тышқан» ертегілік қойылым
Маша: Енді сиырмен тышқан тақырыбындағы сахналық қойылымды тамашалайық. Сиырмен тышқан атаны қалай құтқарып әкеледі екен?
Сиыр: (Қорада жайланып шөп жеп жатады, сол кезде тышқан зымырап қасына жетіп келіп қалады)
Тышқан:Сен сиыр не деген жайбасар, уайымсыз жануар едің? Неге жата бересің?
Сиыр: Мөөө не болды тышқан, жатсам өзімнің қорамда жатырмын. Шөбім бар, суым бар молынан жетеді, қарным тоқ, уайым қайғым жоқ, маған басқа не керек?
Тышқан: Шіркін менде сен сияқты сабырлы, уайымсыз бола алсам ғой.
Сиыр: Сен сияқты тынымсыз, тесікке бір, есікке бір кіріп, зымырап жүрейін бе енді?
Тышқан: Сиыр сен атаның қайда кеткенін білесіңбе?
Сиыр: Ата таң азанда шөп әкелемін деп шығып кеткен. Ендігі келіп қалатын шығар.
Тышқан: Қайдағыны айтпа, кеш болдығой осы уақытқа дейін келетін уақыты болдығой. Атаға бірнәрсе болып қалған шығар? Жүр сиыр құр жата берме, атаны іздеп тауып әкелейік, қазір түн болады.
Сиыр: Айтып тұрғаның жөн екен, орманда жабайы жануарлар көпқой, түнге қалып қойса ит- құсқа жем боп қалар атамыз. Кеттік онда, жолға шығайық.
(Сиырмен тышқан жолға шығады, екеуі келе жатып демалып жатқан жолбарыстың аяғын ташқан басып кетеді, жолбарыс ашуланып тышқанды жемекші болады )
Жолбарыс: Сен менің ұйқымды бұздың, мазамды алдың, сол себепті сені жеймін.
Тышқан: Жолбарыс мырза мен сізді байқамай қалдым, бір жолға маған ашуыңызды беріңіз.
Сиыр: Жолбарыс тышқанды жібер, мықты болсаң менімен жекпе- жекке шық.
(Сиырмен жолбарыс жекпе - жекке шығады, тышқан сиырдың жеңіліп бара жатқанына уайымдап көмекке кімді шақырарын білмей жүгіріп кетеді. Жолда келе жатып доңызды кезіктіреді)
Тышқан: Доңыз, доңыз сенің көмегің керек болып тұр маған, маған көмектесе аласыңба? Менің досым сиырды жолбарыс жеп қоймақшы болып тұр.
Доңыз: Жолбарыс дейсің бе? Ол жолбарыста менің ала алмай жүрген кегім бар еді, ол менің торайларымды ренжіткен. Мен оны таба алмай жүргенмін. Қане жол көрсет, сазайынын тартқызайын.
(Екеуі бірге жолбарысқа келеді, доңыз қатты ашуланып, торайларының ақысын алады)
Доңыз: Қап бәлем, сен менің торайларымды ренжіткенің үшін саған көрсетемін қазір. (Екеуі біраз алысады, сол уақытта сиырмен тышқан атаны босатады, атаны жолбарыс ағашқа байлап қойған екен, ата қолындағы мылтығын атып қалғанда, жолбарыс қорқып, қашып кетеді. Оның артынан доңыз қуып кетеді. Ата, сиыр, тышқан қораларына қайтады)
Сиырмен тышқан өз ерліктеріне риза болады.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/182-mashany-ertegiler-lemi-ojylym.html#sigFreeId03b413b8dc
3.Ойын: «Арқан тартыс», «Қол күрес» қазақы ойындар Маша жүргізеді.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/182-mashany-ertegiler-lemi-ojylym.html#sigFreeId5bf57f0a9a
4.Флешмоб: «Тик ток»барлық кейіпкерлердің қатысуымен.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/182-mashany-ertegiler-lemi-ojylym.html#sigFreeIdd5539d9faa