Сахна ертегіге сай безендірілген. Жасыл орман, талдар, көл, тау, тастар.
Кейіпкерлер:
Динозавр
Қаздар
Алтын балық
Бақа
Қасқыр
Түлкі
-Ертеде бір қаздар отбасы көптен күтіп балапандарын басып шығармақ болады. Олар жұмыртқаларын абден ұзақ уақыт мейіріммен баптап балапан шығуын күтеді. Балапандарының жетіліп шығатын уақыты да таяған сайын қаз әкесінің де уайымы күшейе түсіп сарғая күтеді.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId702165cecb
Міне бүгін сол күнде келіп жетті (4 қаз балапандар жұмыртқаны жарып шыға бастайды)
Ана үйрек әні:
Тәй-тәй басқан балапан
Момақандай балапан
Былдыр-былдыр етесің
Құлай жаздай кетесің.
Балапан, балапан
Тәй - тәй басқан балапан
Балапан, балапан
Жәй-жәй басқан балапан.
(тосыннан музыка қосылады. қаздар шошып кетеді) (ұядан 5-ші ерекше жұмыртқа жарылып ішінен бала динозавр атып шығады)
Әке қаз: Сен қайдан келдің? (таң қалып)
Ана қаз: Неге бұл балапан ерекше? Неге түр сипаты біздің балапандарымыздан бөлек?
Әке қаз: бұл жерге қалай тап болдың?
(барлығы таң қалып тұрып қалады)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId41a126e89e
Бала динозавр: (өз-өзіне қарап таң қалып)Шыныменде неге менің түрім де, түсімде басқа? Мен неге бауырларыма ұқсамағанмын- (деп жылайды)
Ана қаз: Жылама балапаным. Сен қандай болсаң да біз сенің ата-анаңбыз. Сен біздің баламызсың. (дино қуанып қалады)
Жүре ғой балапаным сені бауырларыңмен бірге кең орманды өлкемізбен таныстырып, серуендетіп келейін.
(балапандар қуанып аналарымен бірге жүгіре жөнеледі)
Би: «Қаздар мен Дино» (Ана қаз жүзуді уйретеді, Дино жүзе алмай күлкіге қалады, соңында көлге батып анасынан, бауырларынан ажырап адасып қалады)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeIdd5af4c4187
Дино: Анашым - анашым - (деп айқайлап адасып жалғыз қалады)
Сендер қайдасыңдар аааа уууууууу (отырып жылайды)
(сол сәтте көлден алтын балық атып шығады)
Алтын балық: Бұл кім жылап отырған? сен кімсің? Неге жылайсың?
Дино: Мен адасып қалдым. Анамнан бауырларымнан ажырап қалдым.
Алтын балық: Сенің анаң кім? Мүмкін менің көмегім тиіп қалар.
Дино: Олар мақтадай аппақ, суда жақсы жүзеді. Ал мен жүзіп оларға ере алмай қалдым.
Алтын балық: Аппақ дейсің бе? Жүзеді дейсің бе?
Саған мүлдем түсі келмейді ғой сен жасылсың , құйрығың ұзын , арқаңда тікенектерің бар. Сен оларға ұқсамайсың ғой. Мүмкін сен шатасып тұрған шығарсың.
Дино: Сонда мен кімнің баласымын? Мен кіммін? (жылайды)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId4353bc170b
Алтын балық: Сен жылама мен саған анаңды табуға көмектесемін. Сенің түсің жасыл сенің анаң кім екен(ойланады) ааа сен мүмкін бақаның баласы шығарсың аааа иә, иә сенің анаң бақа. Анау гүлдерді көріп тұсың ба соның үстінде отыр. Өзің сүйкімді екенсің. Жап-жасыл болған түріңнен сенің жылама бақа анаңа бара ғой.
Дино: Алақай! Рахмет саған досым.
Ән алтын балық:
(алтын балық ән айтып биледі)
Балпаң - балпаң етесің,
Сүйкімді боп өсесің.
Сен анаңды балапан,
Іздеп тауып жетесің.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId5973e5a3d1
(шалшық судың жиегінде отырған бақаға келеді)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId2d001683a3
Дино: Анашымммм – (деп келіп бақаны құшақтайды)
Бақа: (бақа таң қалып қалады) Тәйт! Бұл қайссы. Анашым дейді, мен сенің анаң емеспін.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId89f76f536d
Дино: Қалайша мен сенің балаң емеспін.
Бақа: Сен менің балам дейтіндей маған мүлдем ұқсамайсың ғой. Мен сияқты секіріп бақылдай аасың ба? Бааақ - бааақ
Дино: «Бббббб баа» - жо жоқ мен айта алмаймын.
Бақа: Мен сияқты секіре аласың ба?
Дино: (секіруге талпынады секіре алмайды) Жо-жок секіре де алмаймын. (мұңайып, жылайды)
Бақа: Жылама көңіліңді түсірме. Ей сенің дауысың қасқыр досыма ұқсайды екен. Сенің анаң сол шығар. Саған қасқырға апаратын жолды көрсетайін.
Дино: Алақай!
Бақа: Осы жолмен жүріп тіке шық алдыңнан шөптер шығады. Сол шөптің артынан көрінеді.
Дино: Алақай! Рахмет саған досым( - деп қуанып қасқырға қарай кетеді)
(қасқыр ұлып отырады)
Дино: Анашым!!!
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeIda3cc54dbde
Қасқыр: ааа? Қандай анашым? Не дит ?(орнынан тұрып жан жағына қарайды) сен маған айтып тұрсың ба?
Дино: әрине анашым (қуанып)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId6c2f789d8e
Қасқыр: Ей сен олай шатаспа. Мен әлі бойдақпын ғой менің балам жок.
Дино: Жоқ мен ештеңе білмеймін сен менің анамсың-деп барып тағыда жабысып құшақтайды)
Қасқыр: Жо жоқ інім сен олай қатты кетпе. Басым ай басым қандай пәлеге душар болдым. Бүгінгі күніме басқа жоспарларым бар еді. Мынау басыма пәле болып жабысты ғой. Енді қайттім-(деп анда мында сенделіп жүреді) маған тез арада көмек керек ааа түлкі досыма хабарласайын.(қалтасынан телефонын алады) (звонок дауыс)
Қасқыр: - Алло, түлкі досым сәлем. Сенің маған тез арада көмегің керек болып жатыр.
Түлкі: Алло, қасқыр досым не болды? Не көмек керек?
Қасқыр: Сен орманда болып жатқан жағдайлардың бәрінен хабарың бар еді ғой. Тезірек келші
Түлкі: жарайды
(түлкі асығыс жүгіріп саханаға келеді)
Түлкі: Не болды? Не жағдай? Бар жұмысымды тастап саған келіп тұрмын.
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId6788f56cde
Қасқыр: Мына жасыл түсті балапан ба? аң ба? жануар ма ? түсінбедім маған анамсың деп мойныма іліп қойды. Ал мен бұны мүлдем танымаймын.
Түлкі: ммм жағдай түсінікті. Қане сендер маған шамалы уақыт беріңдер мен тексеру жүргізіп жіберейін. Маған планшетімді әкеліп бер.
Қасқыр: 1минут (жүгіріп әкеліп береді)
(түлкі планшетіне жазып тексереді)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId42b3a05b3a
(музыка қойылады)(түлкі динозаврдың құйрығын, бойын, қолдарын сызғышпен өлшейді, арғы жағына бергі жағына шығып әбден тексеріп компютерге жазады)
Түлкі: Таааак. Барлық зерттеу жұмыстарын жасадым. Бұл жануар жәй жануар емес. Ғажап!!! бұл миллион жылдар бұрын өмір сүрген жыртқыш жануардың тұқымы. Бұл деген динозавр деп аталады. (динозврдың дауысы қойылады)
Қасқыр: динозавр (таң қалып)
Алтын балық: динозавр (таң қалып)
Бақа: динозавр (динозавр)
Түлкі: ән: Миллион
Жылдар бұрын
Өмір сүрген
Динозавр.
Динозаврлар үлкен
Кездестік біз олармен
Дино-завр, \дино-завр\, дино-завр,
Ет қоректі жыртқыш ол
Өте үлкен денесі
Ұзын құйрық күшті ол
Мықты аяқтар егесі
Дино-завр хей, дина-завр хей
Әрине ол динозавр аңы
Енді сендер білесіңдер
Сауыттары бар мықты
Сүйек тақташалары
Қылғандаулы құйрығы
Шөп қоректі ол тағы
Дино-завр, дино-завр
(ән біткеннен кейін, есіктен динозаврдың анасы жүгіріп келеді)(барлығы қорқып шөптердің арасына тығылып қалады)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId23d6ae099f
Дино анасы: Кім мені шақырып жатқан. (жан жағына қараса ешкім жоқ) Жұмыртқам табылдыма деп қуанып келсем. Бұл жерде ешкім жоққой.(мұңаяды)
Түлкі: Жұмыртқамды дейсің бе? Дино сенің анаң табылды (қуанып)
Дино: Анашым ! – деп жүгіреді.
Дино анасы: Балапаным - ау, сен жұмыртқаңды жарып шығып, үлкен болып өсіп кетіпсің ғой. Сені әбден сағындым. (құшақтасады)
Дино: Достар сендерге көп рахмет. Ең алғаш жарық дүниеге келгенімде «сен менің баламсың» - деп бауырына басқан анам сізге көп рахмет.(қазға келіп айтады)
Дино анасы: Аналарға барлық бала бірдей деген рас екен ғой, шіркін! Сенің мейірімділігіңе рахмет. Сау болыңдар достар бізге жасаған жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаймыз. Жүре ғой балам мекенімізге оралайық үйде бауырларың күтіп отыр.
(лэд экраннан динозаврдың отбасы шығып тұрады)
http://alpamys-land.kz/kz/balaba-sha-multfilmderi/362-adas-an-dino.html#sigFreeId41643990f4