«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы КМҚК

«Аспаптар хикаясы»

 Сахналық қойылымы

Музыка жетекшісі: А.Қаппарқызы

 

2024-2025 оқу жылы

«Аспаптар хикаясы»

 Сахналық қойылымы.

 

Сахна жабық тұрады. Фанфармен Автор шығады.

Автор: - Дарын өте өнерлі бала. Оның анасы мен әкесі оған үнемі аспаптар алып береді. Ол аспаптардың бәрін жинап кейде оркестр ойнайды. Бір күні әкесі

іс-сапармен Ресейге кетеді. Сол жақтан Дарынға тағы да бір аспап әкеліп береді. Ал, Дарынның басқа аспаптары оны көріп таң қалады.

Аспаптар әрқайссы өз орындарында демалып жатады. Бір кезде Күмбір мен Сыңғыр орнынан тұрып:

Күмбір: - Әй, аспаптар, тұрсаңдаршы! Жата бермей бой жазып алыңдар. Қазір Дарын бақшадан келсе оркестр ойнағысы келеді. Құлақ күйлеріңді келтіріп алыңдар. Дайын отырайық!

(сахнада аспаптардың құлақ келтірген шулы дыбыстары шығып тұрады)

Бір кезде қобыз құлағын келтіре бастайды.

Асатаяқ: - Тууу, Қобыз! Дәл құлағымның түбінен ыңылдамай қоя тұршы, кішкене демалып алайық!- дейді.

Қобыз: - Ооой Асатаяқ! Өзің құлағыңды келтірмейтін болған соң өзіңше болмаш!- деп жауап береді.

Сол сәтте Домбыра жерден әр жерді ақтарып бірнәрсе іздеп жүреді.

Жетіген: - Домбыра досым, бағанадан бері бір тынбадың, не іздеп жүрсің? Түрің қашып кетіпті ғой!

 

Домбыра көңілі түсіп : - Достар, мен тиегімді жоғалтып алдым!-дейді.

Бәрі бірге: - Не дейсің?-деп шошып кетеді.

Сыңғыр: - Тиекті жоғалтуға болмайды! Іздеңдер!- деп барлығы жабылып тиек іздейді.

Күмбір шаршап кеткен: - Еш жерде жоқ!

Бәрі бірге: - Енді нестиміз?

Күмбір: - Қап әттеген-ай, оркестрді енді қалай ойнаймыз?

Сыңғыр: - Иә, Домбыра деген оркестрдің жүрегі ғой!-дейді.

Күмбір: - Дарын естісе біттік,-деп басын ұстайды.

Сыңғыр көңілі түсіп: - Көңіл-күйі түсетін болды-ау!-деп уайымдап қалады.

Күмбір: - Ендеше қайтадан іздейік!-деп барлығы іздей бастайды.(көңілді музыка)

Бәрі у-шу болып тиек іздеп жүрген кезде есіктен жаңа аспап кіріп келеді.

Аспаптардың барлығы жиналып аң-таң боп жаңа аспапқа қарап қалады.

 

 

Домбыра: - Сен кімсің? Қайдан жүрсің?

Балалайка: - Мен орыс халық аспабымын.Есімім – Балалайка! Дарынның жаңа ойыншығымын,-деп жауап береді.

(сол кезде балалайкада орындалған «Калинка» шығармасы қойылады, аспап билеп өзін таныстырады.) Ал, сендер кімсіңдер?-деп сұрайды.

Домбыра: - Сен бізді танымай тұрсың ба? Біз қазақтың ұлттық аспаптарымыз!Танымасаң танысайық достар келіңдер!

 

 Танысайық әні:

Балақай танысайық!

 Сәлем!Танысайық!

Аспаптармыз біз!

Аспаптырмыз біз!

Танысайық кел!Танысайық кел!

Менің атым Күмбір дыбысты сүйем қатты

Домбыра Жетігенді күмбірлетем тәтті

Менің атым Сыңғыр

 Сыңғырлашы кел бір

Дауылпаз Асатаяқ

Әнге салшы сен бір!

Менің атым Қобыз

Қорқыт-Қобыз егіз

Дыбысым да ерекше

Түссін тез-тез еске!

Қ-Сы:  Аспаптармыз біз

              Аспаптармыз біз

            Танысайық кел

             Танысайық кел!

Домбыра: - Сен өзі маған кішкене ұқсайды екенсің! Бірақ дыбысың басқаша екен! Тиегің де орнында. Неғой сенде артық тиек жоқ па?- деп сұрайды.

Балалайка: - Жоға қайдағы менде жоқ!-дейді.

Сол кезде Асатаяқ Балалайканы әбден қарап зерттейді. Ойына бір ой келеді. Аспаптардың барлығын бір жерге жинап алып өз ойын айтады.

Асатаяқ: - Достар менде бір ой бар. Дарынның жаңа ойыншығында тиек бар екен соның тиегін алып біздің домбыраға тағып қоямыз ба?

Барлығы оны мақұлдап қарсылық білдірмейді.

Бірақ Домбыра ғана: - Достар қойыңдар, ұят болады!,-дейді.

Асатаяқ бастаған бір топ аспап Балалайканың жанына келіп:

  • Сенің бізге тиегің керек болып тұр бере тұрасың ба?-деп сұрайды.

 

Балалайка: - Тиегімді? Жо-жоқ бере алмаймын! –деп қаша жөнеледі. Аспаптар қуа жөнеледі. Күмбір мен Сыңғыр және де Домбыра үшеуі оларды ажыратады.

Күмбір: - Тоқтатыңдар! Бұның бір ғана шешімі бар. Әуендер киесінен көмек сұрайық!

 

 

Барлығы бірге:

  • Көзінде көп көненің

Күйлер кетті жыраққа

Сенің керек көмегің,

Жауап бер бір сұраққа!

Сиқырлы әуенмен Әуендер киесі сахнаға кіреді.

Аспаптар бірге:

  • Сәлеметсіз бе Әуендер киесі!

Әуендер киесі сөйлейді:

  • Сәлеметсіңдер ме, Аспаптар! Мен әуендер киесі - Музыкалық кілт боламын! Мұнда не болып жатыр?

Сыңғыр:

  • Әуендер киесі, біз бүгін керемет оркестрде ойнауымыз керек еді, ал домбыра болса тиегін жоғалтып алыпты?

Әуендер киесі: - Ееее, маған хабарласатындарыңды біліп едім. Тиек дисің бе? Домбыраның  тиегі үйеңкі ағашынан жасалады балалар. Ол туралы Үйеңкіден сұраңдар! Сау болыңдар!- деп жауап береді.

Күмбір: - Естідіңдер ме? Енді бізге үйеңкі ағашына бару керек!Кеттік!

Бәрі бірге:

  • Үйеңкідей ағашқа

Сәлем беріп барайық

Сұрақтарға берілген

Жауаптарды алайық!

Үйеңкіге келеді:

Бәрі бірге: - Сәлеметсіз бе Үйеңкі ағашы!

Үйеңкі: - Сәлеметсіңдер ме аспаптар! Бұл жерде неғып жүрсіңдер?

Асатаяқ:  - Үйеңкі ағашы, біздің домбыра тиегін жоғалтып алды.Әуендер киесі сенен сұрасын деді.

Үйеңкі : - Ееее, мен өз жұмысымды жасадым бұтағымнан ағашымды кесіп, ұстаға бердім. Бұл сұрақтың жауабын ұстадан сұрайсыңдар!

Асатаяқ: - Аспаптар, олай болса, Шебер Ұстаға аттанайық!

 

Барлығы бірге:

  • Ұста деген шебер ғой

Шеберлігін біліп қой

Он саусағынан бал тамған

           Ұстадан сұрап білейік!

Барлығы бір айналып шебер ұстаға келеді.

Жетіген: - Сәлеметсіз бе Шебер Ұста, біз сізге жоғалтқанымызды іздеп келдік. Мына Домбыра досымыз тиегін жоғалтып алыпты.

Ұста: - Сәлеметсіңдер ме, аспаптар! Қош келдіңдер!

Домбыратай тиегіңді қайда жоғалттың ? Үйеңкінің ағашынан ойып әкеліп мен сенің дыбысыңды әсем етіп шығаратын тиегіңді жасап беріп едім ғой.

Домбыра: - Ұста кешіріңізші мен тиегімді қайда түсіп қалғанын білми қалдым.

Ұста: - Аспаптар мен бұл домбыраны жасап болған соң домбыраны жақсы көретін Омар деген өнерпаз балаға сыйға тартқанмын. Ары қарай сол баладан сұрайсыңдар. Менің беретін жауабым осы.

Күмбір мен Сыңғыр: - Иә, әрине біз Омардың Аспаптарымыз ғой!

Сыңғыр: - Ол оқудан келгенше біз бөлмеге барып үлгеруіміз керек аспаптар. Жүріңдер кеттік!- деп аспаптар бір айналып, бөлмесіне оралады.

Бөлмеге оралған аспаптар ұзақ жол жүріп, шаршап қалады.

Домбыра: - Ой, аспап достарым мен сондай шаршап қалдым. Басым айналып  кетті. Ой, ой, ой деп шайқала бастайды. Сол кезде домбыраның ішінен бір дыбыс шығады.

Күмбір мен сыңғыр: - Тоқта, тоқта домбыра сенен бір дыбыс шығып тұр ғой. Достар келіңдерші.- деп барлығы домбыраны шайқалта бастайды. Сол кезде барлығы домбыраның тиегі оның ойығына түсіп кеткендігін түсінеді.

Барлығы бірге: - АААААААААА!!!!- деп күле бастайды. Сол кезде домбыра томп етіп секіргенде ішінен тиегі атып шығады.

Күмбір: - Ай домбыра досым сенің тиегіңді барлық жерді аралап таппай жүрсек ол сенің ішіңде жүр екен ғой!- деп күледі.

Домбыра: - Достар, мені кешіріңдерші. Мен шынымен білмей қалдым. Бірақ өкінбеңдер, есесіне Әуендер киесімен сөйлестік, домбыраның тиегінің үйеңкі ағашынан жасалатындығын білдік, шебер ұстаны да таныдық.

Балалайка досым сен де менің достарымды кешір. Олар маған көмектеспекші болған түрі ғой. Сен де бізге қосыл! Келіңдер одан да барлығымыз бірге дыбыстарымызды қосып, әуендетіп жіберейік!- дейді.

 

Барылығы: - Алақаааай! – деседі.

«Домбырасыз сән қайда» әнін сүйемелдеп орындайды.

  1. Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған

Қ-сы: Домбырасыз сән қайда

 Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

Оттай лаулап жанбай ма

  1. Құрманғазы Тәттімбет

Домбырамен Сайраған

Жүрекке от жақсын деп

Елге күйін арнаған!

Автор: - Осылайша Дарынның аспап ойыншықтары өзара үйлесімділік тауып достасып кетеді. Баланың тәрбиесіндегі ойыншықтардың алатын орны ерекше екенін олар да түсінді.

 

Кейіпкерлер:

Әуендер киесі – Музыка кілті –Автор:  Рабия

Күмбір - Жәңгір

Сыңғыр - Жәния

Домбыра - Рамазан

Қобыз - Сабина

Жетіген - Аизия

Дауылпаз - Айлин

Асатаяқ - Ақгүлім

Үйеңкі - Кәусар

Ұста – Парасат

Балалайка: Адия