«Алпамыс»  бөбекжай бақшасы  КМҚК

 

 

 


«ЖОҒАЛҒАН ТҮСТЕР»
МЮЗИКЛ-ЕРТЕГІ


                  Тобы: “Әмбебап балдырған” мектепалды топ
                  Тәрбиешілер: Смағұлова Н.Н , Сейітхан А.Ж 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қызылорда, 2025 ж

МЮЗИКЛ-ЕРТЕГІ: «ЖОҒАЛҒАН ТҮСТЕР»

    КЕЙІПКЕРЛЕР:
- Ерке 
- Түс сиқыршысы- Айған
- Қызыл Түс- Е Райана
- Сары Түс- Ұлдана
- Көк Түс- Алихан
- Жасыл Түс- Бақдаулет
- Балалар тобы

Автор:
  Ерке  соңғы күндері мұңайып жүрді. Өзінің туған күнін әдемі жарық, жарық түстер ортасында тойламақшы еді. Бірақ туған күні жақындаса да, өзін жалғыз сезінді.
«Ал түстер-қуаныш пен сезімнің бейнесі еді. Ерке ренжіген сайын, түстер де солып, біртіндеп жоғала бастады. Көңіл, мейірім, достық-түстерді қайта тірілтетін күш еді
(Экраннан видео көрсетіледі)

Ерке:
Алакай бүгін менің туған күнім…алақай ( қуанып жүгіріп шығады) Бірақ… Неге сахнада бірде-бір жарқын түс жоқ?  Неге айнала көңілсіз? Менің туған күніммен ешкім құттықтамағаны ма?
 ӘН: Ерке  әні

1. Қайда кетті түстерім,
Жарқыраған күнім-ай?
Әлем тыныш, түссіз боп,
Туған күнім тым мұңдай…

ҚАЙЫРМАСЫ
Оралар ма түстерім,
Жан дүниеме нұр құйып?
Туған күнде жарқырап,
Әлемім тұр гүл сүйіп.

2.Қайда кетті түстерім,
Жарқыраған күнім-ай?
Әлем тыныш, түссіз боп,
Туған күнім тым мұңдай…

Түс сиқыршысы пайда болып, түстерді табу керектігін әндетіп түсіндіреді.
Айган сиқыршы:
Жоғалған реңдер, тұңғиықтан тыңдаңдар,
Жарықтың үнін жүрекпен ұғынғандар.
Сахнаның сәнін қайтарыңдар, түстер,
Қуаныш болып қайта оралыңдар
Ән: Түстер сиқыршысы

1. Түстер қашты, жоғалды,
Әлем де енді солған-ды.
Тек сен ғана табасың,
Оларды қайта оралтасың!”

 ҚАЙЫРМА 
Ізде, тап та шақыр сен,
Жанға жарық әкелген.
Түстер қайта оянсын,
Әлем жаңа жайнасын!”

 2. Желмен бірге сыр айтсам,
Жолды саған нұсқаймын.
Қай түс қайда жоғалған-
Бәрін бірге құраймыз!”

Қызыл Түс келуі
ӘН (Қызыл Түс): 
1.Мен-Қызылмын, от сезім,
Жүректерге жылу берем.
Әлсіз болдым бір сәтке,
Балалармен қайта көрем.
Қайырмасы:
Жалындатып жанамын,
Күш берсеңдер-аламын.
Достық деген-ең мықты,
Сол күштіні табамын!

САРЫ ТҮСТІҢ КҮНІ
Ұлдана: Сары Түс күннің жоғын көрсетеді. Балалар «Күн шығару» пантомимасын жасайды.
Би: Күн нұры биі. (Томи,М.Раяна, Гүлім)    
Мен-Сары Түс, күніммін,
Нұр сыйлаймын бәріңе.
Күлкі болса жүректе,
Шуақ толар әлемге.

Қайырмасы:
Жарқыраймын аспанда,
Жылу берем достарға.
Балалардың көңілі-
Менің алтын дастаным.

2Бір ашылсам шуағым,
Жаңа күнге қуамын.
Күннің нұры сендерде,
Жарқыратып тұрады!

Алихан:КӨК ТҮСТІҢ МҰҢЫ
Көк Түс мұңайып жүргендей пантомима жасайды. Балалар жел мен жаңбыр қимылдарын көрсетеді.
ӘН: Көк Түс

Мен-Көк аспан, мөлдірмін,
Жел сыбдырым-әнім бар.
Кейде үнсіз мұңайсам,
Балаларым дем болар.

Қайырмасы:
Таза ауа мен толқынмын,
Еркіндікпен тоқылмын.
Достық болса жүректе,
Көк аспандай жарықпын!

 ЖАСЫЛ ТҮСТІҢ ОЯНУЫ
Бақдаулет: Жасыл Түс қураған жапырақты көрсетеді. Балалар «Өсімдік өсіру» пантомимасын орындайды.
ӘН (Жасыл Түс): 
Мен – Жасылмын, орманмын,
Тіршілікке жан берем.
Гүлдер өсіп, ағаштар-
Жасыл түспен сәнделер.

Қайырмасы:
Табиғаттың тынысы,
Жапырақтың сыбысы.
Балалардың мейірі-
Жасыл күннің күлкісі!

2.Жаңбыр жауса, гүл өсіп,
Қайта құлпырып түрленем.
Барлық бала қуаныш-
Менің басты бір жерім!

Би: «Жапырақтың  ашылуы».

Барлық түстер бірге сахнаға шығады. Түс сиқыршысы  түстердің сый екенін ишарамен көрсетеді.
Айған (жұмсақ, мейірімді дауыспен):
«Міне, Ерке, түстер қайта оралды.
Себебі сен жүрегіңді ашып, қуанышыңды сезіндің.
Түстер-жай ғана бояу емес.
Қызыл-батылдық пен махаббат,
Сары-жылулық пен күлкі,
Көк-тыныштық пен сенім,
Жасыл-үміт пен жаңа бастау,
Күлгін-қиял мен арман.
Түстер әрдайым сенде бар.
Тек жүрегіңе қуаныш сыйласаң-әлемің қайта жарқырайды.

Ерке: (қуанышпен, жарқын дауыспен):
«Алақай! Түстерім қайта келді!
Енді бәрі бұрынғыдан да әдемі!
Туған күнім де, достарым да,осы керемет әлем де-
бәрі-бәрі жарқырап тұр!
Мен енді ешқашан жалғыз емес екенімді білдім!
Түстер-менімен бірге!»
ФИНАЛДЫҚ ӘН (Барлығы): «Түстер қайта оралды…»

Біз оралдық, түстерміз,
Жарқыраған күштерміз.
Әлем бүгін жаңарды,
Жүректерге нұр толды!

ҚАЙЫРМА (қуанышты, көтеріңкі):

Түстер қайта келді деп,
Жарқ етті әлем, күлімдеп 
Бірге қол ұстасайық
Туған күн  қарсы алайық! 2 рет
<p><a href="/images-new/adil/5/12.jpg" rel="lightbox">
<img style="display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;"

Түс сиқыршысымен түстер Еркенің туған күнін бірге құттықтайды.


«ЖОҒАЛҒАН ТҮСТЕР» мюзкл ересігі осымен соңына жетті...........