«Алпамыс»  бөбекжай бақшасы КМҚК

 

 

 

 

 

Театр жобасы:

«Қоянның үйшігі»

 ертегісі

 

 

 

                                       

                                                  2025-2026 оқу жылы

 

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі» ертегісі (театр жобасы)

Міндеті: Балаларға достық, бірлік, мейірімділікпен көмектесу секілді қасиеттерді үйрету. Жақсымен жаманды айыра білуге баулу. Шындықпен әділдікті, қорғауды үйрету.

Барысы:

Кейіпкерлер:

Қоян: Гүлмира

Түлкі: Жадыра

Қасқыр: Айған

Аю: Мөлдір

Бұғы: Қалдан

Жолбарыс: Айдана

Автор: Бір күні орманда кішкентай қоян өзіне әдемі бір үйшік жасап алады. Үйшігі шын мәнінде өте керемет шығады.

Қоян: (қуанып жүреді) енді меніңде өз үйім бар, менің қолымнан келді, үйшігімді керемет қылып салып алдым. Дастарханымдыда жайдым. Енді достарымды шақырып қонақ етсем болады. Бір кезде есік қағылады.

Аю: Сәлем қоян, үйің өте әдемі екен! Құтты болсын! (сыйлық әкеледі)

 

Қоян: Рақмет аю, кел дастарханыма жайғас, астан ішіп отыр.

Қасқыр: (кіріп келеді) Сәлем достар, менде келдім қонақ болып. Үйің құтты болсын қоянжан!

 

Қоян: Рақмет Қасқыржан,  кел асқа отыр,  мен сәбізден бәліш, сорпа, шырын әзірледім.

Сендерді асыға, көп күттім. Қуанып отырмын.

Тағы есік қағылып Бұғымен, жолбарыс келеді қонаққа.

 

Барлығы бірге мәз- мейрам болып ас ішеді. Барлығы өз үйіне қайтады.

Сол кезде түлкі кіреді: Сәлем қоянжан, кешірші мен ормандағы жұмыстарым көөп болып келе алмай қалдым, үйің қандай тамаша, маған ұнады, осындай үй салуды мағанда үйретші?

Қоян: әрине түлкі, қош келдің, кел отыр, астан ауыз ти. (бірге ас ішіп, түлкінің қарны тойған соң кулығына көшеді)

Түлкі: Қоянжан сенің үйің маған қатты ұнады, жайлы екен, тек... қожайыны мен болсам, тіпті жақсы болар еді.

Қоян: Түлкі қой ол не дегенің, бұл менің үйім. Қонақ болғың келсе төрге шық.

Түлкі: Жоқ, енді бұл- менің үйім! (есікті тарс жауып, қоянды итеріп жібереді)

 

Қоян: (жылап қалады) Енді не істеймін?

 

Аюмен қасқыр келеді: Қоянжан жылама біз күшімізбен шығарамыз. (қанша тырыссада, есікті аша алмайды)

Жолбарыспен бұғы келеді.

Жолбарыс: Мен қазір оны ақырып қорқытамын, ол қорқып қашып кетеді. (ақырады, бірақ түлкі оған күліп, мазақ етеді)

Бұғы: Достар келіңдер, түлкі көңіл көтергенді жақсы көреді, келіңдер билеп, ән айтайық.

Түлкі: Ойй қандай көңілді, менде сендермен қосылайыншы, мені кешіріңдерші.

Қоян: Егер шын достасқың келсе, бірге көңіл көтерейік. Енді ондай қателік жасама.

Барлығы: Достық- бәрінен қымбат.