«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК

 

 

 

 

Орман достарының бірлігі

 

Тобы: «Жас ізденімпаз»  мектепалды

Тәрбиеші: Бекетова .С.Қ

Сәдібекова А.М

 

 

 

 

Тақырыбы: : «Орман достарының бірлігі»

Кейіпкерлер:

Әңгімелеуші (Құс)Аю,Түлкі,Қоян,Тиін,Қасқыр,Қарға,Күн

Музыка: «Таңғы орман дыбысы» (құстар үні, табиғат шуы)

Мақсаты: Балаларды бірлікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Табиғатты қорғау ,орманды аялау керектігін түсіндіру.

Құс:Нұрила

Ерте, ерте, ертеде,

Жасыл орманда аңдар тату өмір сүріпті.

Күнде таңертең орман оянып,

Әр аң өз еңбегімен шұғылданады.

 

Аю:Әли

О-о! Таң атты ма? Бал іздеп шығайын!

 

Тиін:Айбибі

Мен жаңғақ теремін, қысқа дайындалам!

 

Қоян:Рамина

Мен сәбіз егемін, достарыма дәм болсын!

 

 

Түлкі:Аянат

Ал мен сәнденем! Кім ең әдемі? Әрине, мен!

     

 

Қасқыр:Айсұлтан

Мен орманның күзетшісімін! Тыныштық болсын!

Барлығы иіледі, шеңбермен билейді.

Ән: «Орман біздің ортақ үй»

Орман біздің ортақ үй,

Онда ән де, күлкі де.

Күн күледі аспанда,

Достық бар әр жүректе!

 

Түлкі:Аянат

Достар! Орманда тәртіп керек!

Бәлкім, бізге басшы сайлаймыз ба?

Аю:Әли

Әрине мен! Мен үлкенмін, күшім көп!

Қасқыр:Айсұлтан

Жоқ, мен күзетшімін, мен батырмын!

Тиін:Айбибі

Басшы тек күшті емес, ақылды да болу керек!

 

Қоян:Рамина

Иә, кім шын лайық екенін қалай білеміз?

Қарға:Ханшайым

Онда сынақ өткізейік! Кім мейірімді, ақылды, батыл — сол жеңсін!

 

Музыка: жұмсақ әуен

Қоян:

Ой,ой,ой! Аяғым ауырып қалды!

 

Түлкі:

Ой, кешір, менің ісім көп!

Қасқыр:

Мен күзетемін, тоқтай алмаймын!

Аю:

Қорықпа, қоянжан! Кәне, мен сені көтеріп апарайын.

Аю Қоянды көтеріп жүреді, барлығы қол соғады.

Құс:

Міне, Аю бірінші сынақтан өтті-ол мейірімді!

Ән: «Мейірімді болайық»

Кішкентай да, үлкен де,

Мейірім керек бәріне.

Көмектессең досыңа,

Жақсылық болар өмірде!

Қарға:

«Тамыры жерде, басы күнде — ол не?»

Түлкі:

Бұл адам!

Қасқыр:

Жоқ, қоян!

Тиін:

Бұл-гүл!

Құс:

Дұрыс айттың, Тиін! Сен ақылдысың!

Бұлт:

Мен — бұлтпын! Дауыл соқсам, бәріңді су қылам!

Қоян:

Мен жасырынам!

Түлкі:

Мен де кеттім!

Аю:

Жаңбыр бұлты, тоқташы! Бізге аздап қана жаңбыр бер.

Бұлт:

Жарайды, батыр Аю! Сен орманды жақсы қорғайсың.

Тамшы, тамшы, сылдырлап,

Гүлге қуат сый қылып.

Аю айтты батыл үн,

“Жаума қатты, жаңбыр күн!”

  

 

Күн сахнаға шығады.

Күн:

Бәрін көріп тұрдым.

Аю -мейірімді,

Тиін -ақылды,

Барлығың еңбексүйгішсіңдер.

Орманға бір ғана басшы емес,

Бірлік керек!

Түлкі:

Дұрыс айтасың, Күн! Біз бәріміз бірге болсақ, орман гүлденеді!

Қасқыр:

Мен қорғаймын!

Қоян:

Мен еңбек етемін!

Тиін:

Мен көмек берем!

Аю:

Мен барлығын сүйемін!

Барлығы бірге:

Бірлік барда-тірлік бар!

Ән: «Достық әні»

Біз бақытты орманбыз,

Достық бізге жарасқан.

Бірге күлсек, бірге ойнап,

Күн де бізге нұр шашқан!

(Барлығы дөңгеленіп билейді, Күн ортасында.)