«Алпамыс» бөбекжай бақшасы» КМҚК


«Ұлттық ойынды - ұлықтайық»

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Али Б

 

Қызылорда 2024 жыл
Тақырыбы: «Ұлттық ойынды - ұлықтайық»
Міндеті:Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалармен қоса ата-ананы дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Арқан,Асық,Гір тасы,Ләңгі.

Жүргізуші: Бүгінгі ұлттық спорттық ойындар күніне орай ұйымдастырылған
«Ұлттық ойынды - ұлықтайық» - атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.Олар әкелерден құралған топтар. Ортаға шақырайық.
Әнұран

1.Әкелер ортаға шығып асықтың астында жасырылған белгі арқылы екі топқа бөлінеді

2. Бөлінген екі команда топ капитанын және топ атауын таңдайды)
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңіз!- дей отырып Әділқазы алқаларымен танысайық.

Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.
1. Балабақша меңгерушісі: Қарлығаш Қапашқызы
2. Балабақша әдіскері: Алима Мерекеқызы


Қаражорға әуенімен қыздырыну жаттығуларын жасап алайық.

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Ал ендеше мына жерде жасырылған ұранды таңдап,ортаға шығып топпен таныстыру.

1 - топ
« Жастар » тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

 

2- топ
«Тұлпар » тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
Жүргізуші:сіздерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.

Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...
Сайыс шарттары:
1. Асық ату

2. Қол күрес

3. Ләнгі тебу

4. Оқтау тартыс

5 Бөренеге шеге қағу

6.Арқан тартыс

7. Гир көтеру

Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын балаға ғана емес, ата-ананын сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке,қамқорлыққа баулу.
Бүгінгі ата-аналармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойынды - ұлықтайық» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен « » және « » топтарының арасындағы сайыстың жеңімпаздарын анықтайтын кез келді. Сөз кезегі әділқазы алқаларында.
Марапаттау.
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлттық спорт күнін қолдап келген әкелерге,көрермендерге мың алғыс!
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!