«Алпамыс» бөбекжай бақшасы» КМҚК

Ата ақылы қасиет, әже ақылы өсиет!

 «Аталар мектебі» салт дәстүр

Тобы: «Зерттеуші бүлдіршін»

Тәрбиеші: Смағұлова Н.Н, Сейітхан А.Ж

Қызылорда қаласы, 2024-2025 оқу жылы

Міндеті: Балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту, халықтың тұрмыс – салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін, өнердің жаңа тәсілдерімен таныстырып, оны меңгере білуге, ұлттық ойын ойнап ептілікке, сыйластыққа баулуға, Отан сүйгіштік, бір – біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

- Қайырлы таң, балалар! Аталар, әжелер мектебіне қош келіпсіздер!

- Ал енді балалар ұлттық қол өнер түрімен біз күнделікті үйде, балабақшада танысып жүрміз. Әрқайсымыздың үйдегі шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіңдерін білесіңдер. Сол бұйымдарға нелер жатады? ( көрпе, кілем, көйлек, шапан, камзол, тымақ, сәукеле, сырмақ, тақия, текемет, алаша т.б.)

Олай болса Еркенің әжесі біздің қыздарға текемет жайлы түсіндіріп, қыздармен бірге жасаса қалай қарайсыңдар?

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарады. Текемет күзем жүннен жасалады. Оның көлемі әр түрлі. Алдымен қойды қырқады, тазартады, сабап, шыбықтайды, жуады, бояйды, кептіреді. Текеметтің бейнесін құрудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Біз бірақ бүгін фетр матасынан жасалған текеметті шашақпен сәндеп, оюлаймыз.

- Ал бұрынғы аталарымыз ағаштан, темірден қандай бұйымдар жасаған?(сандық, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел, ер-тұрман, кебеже, т.б.)

 Олай болса Еркенің атасы біздің ұлдарымызға қамшы жайлы түсіндіріп, қамшыны өруді үйретеді.

Қамшы өру – Халқымызда көне кезден бүгінге дейін келе жатқан ұлттық бұйымдар жетерлік. Соның бірі қамшы. Ерліктің, ерең күштің, қайсарлықтың белгісі. Қамшы бұйымының қасиетін бүгінде жас буынның бірі білсе, бірі білмейді. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу қажет. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Сондай-ақ жөн, жол көрсеткендеде саусақпен емес қамшымен нұсқайтын болған. Қамшыны сыйға тартқан кезде кісінің қолына ұстатпайды, жерге тастайды.

Мынау көріп отырғандарың – қамшы. Бұл – қол өнер туындысы. Оны дайындау үшін иленген тері жіптер керек, ал сабы сүйектен немесе әдемілеп жонылған ағаштан жасалады. Қамшы 8 немесе 6 өрімді болады. Қамшыны «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар» ұлттық ойындарды қолданамыз.
Ендеше біз бүгін қамшы өріп үйренейік. Қамшы тек атты қамшылау үшін ғана емес, сонымен қатар кейбір дәстүрлерге қолданады. Мысалы, жақын туысқа сыйлауға болады, бала бесігінің бас жағына қояды. Қамшыны 2 адам өреді. Жіптер таусылғанша өреміз де, әдемілеп жонылып, дайындалған ағашқа байлаймыз. Өрілген жіптердің екінші ұшын да байлап түйеміз.

Қорытынды:

Ата: Еңбек еткен бала бәрін де жеңеді. Сендер бүгін жарадыңдар.Енді жасаған текемет пен өрілген қамшыға баға берейікші. Сендерге ұнады ма? Маған да ұнады.