«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК
Тобы: «Зерттеуші бүлдіршін» ересек тобы
Тәрбиеші: Смағұлова Н.Н , Сейітхан А.Ж
Қызылорда қаласы, 2024-2025 оқу жылы
«Тәрбие тірегі-халық мұрасы»
«Аналар мектебі» қолөнер шығармашылығы
Міндеті: Отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жағдай жасау және ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасау арқылы баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал ету. Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, оларды мәдени - әлеуметтік нормаларға баулуға тәрбиелеу.
- Қайырлы таң, құрметті аналар, балалар! «Аналар мектебі» қолөнер шеберханасына қош келіпсіздер!
Бүгін шеберханамызға аналарымыз келіп отыр. Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жоспары бойынша аналарымыз қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі қолөнер бұйымдарын шеберлік сыныпта балаларымен жасап көрсететін болады.
Аналар жасайтын бұйымдарымен таныстырады.
Ерке анасы: Ертеден бері келе жатқан қазақтың кәдесінің бірі - қоржын. Тойға арнап арналған қоржынның қос қалтасы сыйға толтырылады. Қоржынның бесік тойдан үйлену тойына дейін апарылатын алуан түрі бар. Қоржын ежелде барқыт матасынан тігілген. Ою-өрнектермен, жылтырақ тастармен әшекейленген, сәндеп тігілетін болған.Бүгін біз фетр матасымен тігіп жалтырақ ою-өрнектермен сәндейтін боламыз.
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/372-t-rbie-tiregi-khaly-m-rasy.html#sigFreeId68370ac7d9
Дәулет пен Асылжан аналары: Текемет – қазақ халқының көнеден келе жатқан қол- өнер мұрасы. Текеметті қойдың жүнінен жасайды. Шеберлер оның бетіне түрлі түсті ою-өрнек салады.Текеметтің оюы киімнің оюынан басқаша болады. Бұл олар ірі болады және ретпен орналасады. Әр оюдың өз мағынасы бар. Олар тау мен тасты, жасыл жайлауды бейнелейді.Бүгін текеметті қолжетімді фетр матасынан жасап, түрлі оюларды құрастырып жасайтын боламыз
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/372-t-rbie-tiregi-khaly-m-rasy.html#sigFreeId1cf35d7417
Томирис анасы: Тұмар - бұл қазақ халқының дәстүрлеріне сәйкес белгісі .
Тұмардың түрі әртүрлі болуы мүмкін: үшбұрыш, төртбұрышты. Қазақ халқында тұмар ретінде туған жердің топырағын, тас қиыршықтарын, халықтың қасиетті, киелі санаған ұлутасын, үкі қауырсыны мен тұяғын тағылатын. Қолөнер дами келе қасиеті бар заттардың бейнесін ағаш, сүйек, металл сияқты заттардан ойып, құйылыпта жасаған.Біз сіздерге велюр матасы мен «Алпамыс» балабақшасының тұмарын жеті топтан құралған атауын көрсетіп сәнді тастармен, әшекейлермен сәндеп жасайтын боламыз.
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/372-t-rbie-tiregi-khaly-m-rasy.html#sigFreeId77ff11cc02
«Аналар» мектебі қолөнер шығармашылық жұмысының нәтижесі
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/372-t-rbie-tiregi-khaly-m-rasy.html#sigFreeId36318b8bda
Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын - деп келген қонақтарымыз аналарымызға алығс білдіреміз!
- Сау болыңыздар!