«Күй күмбірі – Аталар кеші!»
Сценарийі
(Сахна тақырыпқа сай безендірілген сахна төрінде домбыра және ұлы күйшілердің портреттері. Лэд экранда күй тарихына байланысты слайд, бейнероликтер көрсетіліп тұрады)
Мақсаты: Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету арқылы оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
-Қазақтың күй өнерін жаңа көзқараспен таныту.
-Күйді тыңдаудың сезінудің жаңа форматын көрсету.
-Ұлттық өнерді қазіргі заманғы стильмен ұштастыру.
-Ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие білім беру процесінде сенімді серіктес ретінде тарту, аға буынға құрмет көрсету.
Театрлық қойылым:
(Сахнада Атасы домбыра шертіп және немесі телефон ойнап отырады)
Атасы: -Балам не істеп отырсың қасыма келсейші таңертеңнен бері телефонға үңіліп отырасың да қоясың.
Немересі: -атау не болды?
Атасы: Балам-ау телефонды көп көрме көзіңе зияны тиеді. Оданда кел қасыма отыр. (немересі келеді)
Немересі: Ата сіз не істеп отырсыз?
Атасы: Көрмеймісің домбырамды күмбірлетіп шертіп отырмын.
Немересі: Ата осы домбыраны қазір кім тыңдайды. Не үшін домбыра тарта бересіз?
Атасы: Ой балам не айтып тұрсың? Сен олай қателеспе
Немересі: Шын ғой ата. Қазір барлығы әлеуметтік желіде бар емес пе? Қалаған күй немесе әндерді ютубқа жазсаңыз тез арада сізге тауып береді. Құлағыңызға мына құлаққапты киіп алып, рахаттанып тыңдап отырмайсыз ба. Әуре болып домбыра ойнағанша.
Атасы: Жоқ балам, сен олай қате ұғым айтпа ұят болады. Домбыра- қазақтың ұлттық аспабы. Әр қазақ домбыраны атадан қалған мирас ретінде қастерлеп, құрметтеп, жалғызындай сақтап, үйінің қақ төріне іліп қоятын болған. Ол ұлттық тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғысын- бөлісіп, қиын кезеңдерде жұбаныш бола білген - ұлы аспап.
Немересі: - Қалай сонда Ата?
Атасы: - Балам, әр күйдің өз тарихы бар. Мысалға Жошы ханның баласы аңға шыққанда киіктер ашуланып, қатты жаралайды. Бұл қиын хабарды Жошы ханға нөкерлері қалай жеткізерін білмей, Кетбұға күйшіге өтініш айтады. Құланның баласына қарай кері шапқан жерін Кетбұға күйші домбырада күймен жүрегіне жеткізе ойнайды. Осыдан кейін «Ақсақ құлан» күйі дүниеге келеді.
(Ақсақ құлан күйін қысқаша ойнап береді)
Немересі: Ата мен бәрін түсіндім. Шынымен де күйдің құдіреті күшті екен.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! Бүгінгі «Күй күмбірі» атты Аталар кешімізге қош келдіңіздер! Сахнаға кешіміздің құрметті де қадірлі қонақтарын шақыруға рұқсат етіңіздер
- Ахметов Бақдәулет –атасы Мукеев Ахмет Ибадуллаевич
- Батырбек Дияр- атасы Батырбек Махатаев
- Серік Шадияр- атасы Серік Сейітназаров
- Сазантаев Аят – атасы Жанділдә Ибадуллаев
(дивандарға жайғасады)
Бүгінгі кешіміз күй өнерінің құдіретін сезінуге, бабалар мұрасын дәріптеуге арналады. «Күй күмбірі- аталар кеші» атты рухани шарамызға қош келдіңіздер!
Домбыра- қазақтың жаны, Күй- даланың үні. Күйден қуат алған ұрпақ ешқашан азбайды. Бүгін біз атадан қалған асыл мұрамызды жаңғыртып, күмбірлеген күй әлеміне сапар шегетін боламыз.
Ең алдымен кешіміздің қонақтарымен танысып олардың өнерлерін тамашалайық.
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeId4da11eea22
Таныстыру.
Ой қандай керемет! Сіздер нағыз өнердің майталмандары екенсіздер ғой аталарымызға қошеметтеріңіз.
Бүгінгі кешіміз ерекше болғалы тұр. Сіздерді ортаға шеңбер бойына шақырамын.
Қазір Қара жорға күйі қосылады. Сіздер менің қимылдарымды бірге қайталау арқылы әуеннің ырғағына еріп қимылдар жасаймыз.
Жарайсыздар аталар. Енді кешіміздің бірінші кезеңіне өту үшін экранға назар аударайық. (күйге қатысты жұмбақ құрастыру қажет)
1.«Күйдің сырлы әлемі»- деп аталады. Мына киіз үйді айналдыру арқылы қалаған киіз үйді алып, телефондарыңыздан кюар кодты сканерлеп қандай күй екенін табуларыңыз қажет.
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeId198092a305
Жүргізуші: Керемет жарайсыздар! Қазақтың қара домбырасы әлемнің барлық музыкасын шертіп бере алады. Бірақ заманауи бағыттағы жаңаша стильде электро бас гитарада ойнаған күйді естіп көрдіңіздер ме? Ендеше сахнаға Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің студенті Әдебиет Батыржан ортаға шақырамыз.
Қ. Сағырбайұлының күйі «Балбырауын»
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeIdf2835c4b8c
Енді кешіміздің екінші кезеңін жалғастыру үшін тағы да экранға назар аударайық. (Екінші кезеңнің тақырыбы ребус арқылы жасыралады)
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeId485e432a56
2.«Күйден суретке»- күй тыңдай отырып, балалар мен аталар өз сезімдерін сурет арқылы бейнелейді. Темірлан мен Ернат дуэтының орындауындағы «Аманат» күйі
(Дәстүрден тыс әдіс арқылы, гуашпен сурет сал)
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeIde513a74d99
Ән: Дияр мен Бақдәулеттің орындауында «Қазақ дәстүрлері»
Келесі кезеңге өту үшін экранға назар аударайық.
(Атақты күйшілердің порттерін танып атау)
3.«Саз сырлары» атақты танымал күйші сазгерлер жасанды интелектпен сұрақ қояды .
- Домбыраның құрылымын айтып беріңіз
- Домбыра туралы өз ойыңызды айтып беріңіз
- Домбыраның неше ішегі бар?
- Домбыра күні қашан тойланады?
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeIdb5800134ef
Жарайсыздар аталар! Кешіміз қызықты әрі тартысты өтіп жатыр деп ойлаймын. Әрі қарай 4 кезегімізді жалғастырамыз. Ол үшін экранға назар аударайық.
(экран мақал-мәтел жасыру)
4.«Домбырамен шырқалған сырлы әуендер»
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeId4545e1c35e
Құлаққа танымал әндерді домбыраның сүйемелдеуімен жасыру.
- Ақ бантик
- Жайлаукөл кештері
- Жан досым
- Үш қоңыр
- Кешікпей келем деп ең.
- Куә бол
- Құстар әні
- Сәулемсің
Күй-қазақтың қазынасы. Біз бүгін сол қазынаның тереңіне бойлап, күйдің құдіретін сезіндік . Атадан балаға мирас болған бұл өнер ешқашан өшпейді.
Бүгінгі кешіміздің соңында барша күйсүйер қауымға арнап бір оркестрмен қорытындылайық.
http://alpamys-land.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/383-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-atalar-mektebi-k-j-k-mbiri-atalar-keshi.html#sigFreeIdbf9d1a397f
Күй - қазақтың қазынасы. Бүгін біз сол қазынаның тереңіне бойлап, күйдің құдіретін сезіндік. Атадан қалған мирас болған, бұл өнер ешқашан өшпейді.
Назарларыңызға рахмет!