Мақсаты: Балалар мен ата - аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Салауаты өмір - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсыруы, салауатты өмір салтын ұстануға, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтетін орны: спорт зал

Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер,теңге, жіп т.б

Жүргізуші:
Құрметті көрермендер және ата - аналар, балалар, бүгінгі «Әке көрген оқ жонар» атты отбасылық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Отбасы мүшелерін шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!

Көңілді сайысқа «Әмбебап» тобының балалары мен ата аналарынан құралған топтар қатысады. Ендеше сайыскерлер орнымызға жайғасамыз.

Жүргізуші: Құрметті қатысушылар сайысымызды бастамас бұрын Әнұран шырқалсын.

Олай болса сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Таныстыру

  1. Арқан өру
  2. Сақ құлақ
  3. Шебер қолдар (шаш өру)
  4. Теңге салу
  5. Әкемнің ерке қызымын.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ – қазы алқасымен таныстырып кетейік.

Бақшамыздың меңгерушісі: Қарлығаш Қапашқызы.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз!

1 кезең Таныстыру.

Әр топ өз отбасыларын сурет салу арқылы таныстырады.

2 кезең Арқан өру.

Берілген жіптерді пайдалана отырып арқан өру.

3 кезең Сақ құлақ

Ортада құлаққап киген әкесіне анасы берілген сөздерді жасырады. Қимылмен емес сөзбен жасырылған сөзді кім көп тапса сол топ көп ұпай жинайды.

4 кезең Шебер қолдар (шаш өру)

Бұл сайыста әкелер қыздарының шашын өреді.

5 кезең Теңге салу.

Ортада қойылған судағы стаканға қолдарыңыздағы тиындарды кезекпен салу. Топтар тура салынған тиын бойынша бағаланады.

6 кезең Мен әкемнің ерке қызымын!

Бұл кезең тақырыбы айтып отырғандай қыздарымыз әкелеріміздің шыныменде ерке қыздары ма екен? Анықтайтын боламыз.

Әр берілген қадамдарда жасырылған әріптерден басталатын теңеу сөздермен еркелетіп қыздарыңызға жету.

Осымен сайысымыздың кезеңдері өз мәресіне жетті.

Өнерге биік сенеміз,

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз - деп Сөз кезегін Қарлығаш Қапашқызына береміз

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақытысың денің сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!

Сау болыңыздар