Тақырыбы: Жалпы сөйлеу тілін дамыту. «Ш» дыбысын қою.

 Міндеттері: «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру. Балалардың дұрыс тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын, байланыстырып сөйлеуін, фонетикалық есті қабілетерін дамыту; ойлау қабілеттерін жетілдіру;

Сәлемдесу .

Сәлеметсіңдерме балалар, көңіл күйлерің қалай?

- Керемет!

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар бірге ойын ойнағыларың келеме?

Олай болса ойынымызды бастамас бұрын (түрлі түсті балансир) аяғымызға жаттығу жасап алайық.

 Келесі жаттығуымыз, жердегі суреттер арқылы секіріп өтейік.

Жарайсыңдар! Балалар жаттығулар ұнадыма сендерге?

 

Негізгі іс-әрекет

  1. «Сиқырлы айна» ойыны

Балалар сиқырлы айнада жасырылған суреттерге қарап,тіл жаттығуларын бірге қайталаймыз. Кім бірінші бастайды?

Келесі ойынымыз допты тілімізбен қозғалту арқылы жаттығу жасаймыз.

  1. «Тыныс алу» жаттығуларын бірге жасап көрейік.

Жарайсыңдар, балалар!

  1. «Ш» дыбысын қою.

Балалар, «Ш» дыбысын дұрыс айтуды үйренеміз!

«Ш» дыбысы- дауысты дыбыспа әлде дауыссыз дыбыспа?

Балалар айнаға қарап «ш» дыбысын айтқанда ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады екен қарайықшы.

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.

Жарайсыңдар!

«Ш» дыбысын буында айтып көреміз. (логоритмика)

Бірге қайталаймыз ша ша ша,
Қане жалықпаймыз шо шо шо.

Мұқият сен тыңдасаң, сонда алғыр боларсың

Бірге қайталаймыз аш аш аш

Қане жалықпаймыз ош ош ош.

 

  1. «Ш» дыбысына зерттеу жүргізу.
  2. Сергіту сәті

Балалар келесі ойынымызды бастамас бұрын сергіп алайық. Ол үшін бір сәтте қолымыз бен аяғымызға жаттығу жасаймыз. Қолымызға (Су Джок шарлары) доппен жаттығу жасағанда қандай өлең шумағын айтатын едік?

Добым, добым домала
Добым, добым домала

Бас бармақ, балан үйрек, ортаң терек, шылдыр шүмек, кішкене ғана бөбек.

Керемет орындадыңдар!

  1. «Қағып ал» ойыны

Балалар суреттерді мен атаймын сендер жылдам соғып қалыңдар, алған суретке сөйлем құраймыз. ( шар, қайшы, шана, шырша, ұшақ, ағаш)

  1. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Балалар сендерге ойындар ұнадыма?

Ойындардың қай бөлігі сендерге қызықты болды?

Олай болса балалар сиқырлы қорапта ойындардан алған әсерлерің жасырынған, кезекпен ала қойыңдар.