Түзету-дамыту іс - әрекеті

Күні: 03.04.2024 жыл

Тақырыбы: Түстер

Мақсаты: Түстерді ажыратып дұрыс орналастыруға үйрету.

Міндеті: Баланың көңіл-күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру;

бейімделген дене шынықтыру элементтерін пайдалану арқылы түсінік қалыптастыру;

қарым-қатынасты дамыту, көз контактісін орнату;

негізгі қозғалыстарға еліктеу, сәлемдесу мен қоштасуды білу, бала атын естігенде бұрылып қарау, дыбысқа еліктеу;

танымдық және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.

Түрі: Жеке баламен жұмыс

Көрнекілігі: Түрлі- түсті конус кедергілер, балансир, түрлі-түсті шеңберлер, пішіндер, пирамида, доптар, түймелер, жемістер, себеттер, сиқырлы сандықша, құтылар, көңілді эмоция айнасы т.б.

 

Барысы

Кіріспе бөлім

Сәлемдесу.

Педагог-психолог: Сәлем Сүлейман! Көңіл күйімізді көтеріп алайық!

Көңіл күйді көтеруге ойын-жаттығулар.

Көз контактісін орнатуға ойын-жаттығулар.

«Көңілді эмоция айнасы» ойыны

«Ку-ку» ойыны

 

Баланы бүгінгі іс-әрекеттің кестесімен таныстырамын.

 

Бейімделген дене шынықтыру (АФК )ойын-жаттығулары

Сенсорлы интеграцияны дамыту үшін түрлі- түсті конус кедергілерден өту арқылы кеңістікті бағдарлауға үйретіледі.

Балансирмен тепе-теңдікті сақтау арқылы түрлі-түсті шеңберлерді конусқа дәлдеп салады.

 

Негізгі бөлім

Танымдық дағдыларды дамыту.

«Пирамида» ойыны

Пирамиданы түстері, көлемі бойынша дұрыс орналастыруға үйрету

 

«Дұрыс орналастыр» ойыны

Түстерге сай түймелерді орналастырады

 

«Құтыға дұрыс сұрыпта» ойыны

 

«Түрлі-түсті жемістер» ойыны

Балаға дәм - иіс сезу рецептрларын дамыту үшін табиғи жемістерді себетке түстеріне қарай бөліп салады. Жерде жүріп орындайды.

 

«Сұрыптау» ойыны

Түстеріне қарай дұрыс сұрыптауға үйрету.

 

Сергіту

«Қағып ал» ойыны. Жұмсақ Dizzbi Фрисби ұшатын тәрелке.

Қорытынды

«Түрлі-түсті шеңберлер» ойыны

 

 

«Түрлі-түсті пішіндер» ойыны

 

 

Баланы мақтау, мадақтау.

Пузырки көпіршіктерді қолына беру, үрлеу, ойнау.