Міндеті: Табиғат құбылыстарын музыка арқылы түсіндіру. Би қимылдарында балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Балаларды шығамалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.  Музыкалық шығармаларға көзқарасын білдіру, оның сипатын мазмұны туралы айту.

Барысы: Залға бір қыз жүгіріп шығып ән салады. (бұлбұл)

«А»- десе бұлбұл бақшадан

Ән салады сайрайды

Табиғаттың тамаша

Бұлбұл құсы боламын.

А-а-а-а-а-а—а-а-а-а-а-а-а-а- деп сайрайды орманда. (қыздар сыттан жүгіріп кіреді)

А-а-а-а- (Ұлдар жүгіріп келеді)

(Кенеттен ауа райы бұзылып жел тұрып, күн күркіреп, жаңбыр жауып кетеді)

(барлығы қорқып тығылып отырады)

(Бір кезде сырттан музыка патшайымы қуанып кіреді:)

Ж:Алыстан сыңғырлап естіліп жатқан кімдердің дауысы десем менің әнші бұлбұлдарым екенғой сайрап жатқан. Ой бұлбұлдарым неге тығылып қорқып отырсыңдар?

Бір ұл:  біз барлығымыз бақта ән салып, би билеп музыка іс-әрекетіне дайындалып жүрсек кенеттен күн бұзылып кетті. Біз қорқып отырмыз.

Музыка жетекшісі: Жоқ балалар сендер қорықпаңдар.Қазір біз ән салып бұлттап тұрған аспанның көңілін жібітеміз.

Сәлемдесу.

1.Сәлемдесіп алайық (бастарын иеді)

Шапалақты соғайық(қолдарын көтеріп)

Аяқтарды топылдап(аяқтарын топылдатады)

Саусақтарды билетеміз көңілді (қолды екі жаққа созып бұраймыз)

Сәлем, сәлем, сәлем,сәлем, сәлем, сәлем балалар(қимылмен)

Жүгіреміз\3рет –тездетіп.

  1. Қолымызды созайық

 Кеудемізді соғайық

Досымызға қарайық

Музыкалық ойынына дайынбыз.

Сәлем\ 6рет- балалар

Сәлем\6рет-балалар

 

Жетекші:Балалар қараңдаршы бұлттарымыз кетіп қалыпты.

Алақай (барлығы қуанады)

Балалар қорыққандарың басылдыма? Олай болсақанекей барлығымыз отырайық. (орындарында түтікшелер тұрады)

Ой балалар бұл не?

Балалар: түтікше

Мінекей балалар бұл түтікше әр түрлі болып өзгереді екен және түрлі түсті екен иә.

Балалар: иә

Ж: Неге ұқсайды екен?

Балалар: кемпірқосақ.

Ж: Қанекей балалар осы түтікшені пайдалана отырып. Әуенді ырғақты қимыл жасайық.

Әуенді ырғақты қимыл:

1.Түтікшені аламыз

Әсем әнге саламыз

Көмектесіп анаға

Қамырды біз жаямыз.

Осылай,осылай қамырды біз жаямыз.

2.Түтікшені аламыз

Екі ұшын қосамыз

Әкем ұқсап өскенде

Жүргізуші боламыз.

Бип-бип-бип, бип-бип-бип

Жүргізуші боламыз.

  1. Түтікшені аламыз

Оны былай ашамыз

Түрлі-түсті жолақты

Кемпірқосақ жасаймыз.

Иә-иә-иә, иә-иә-иә

Кемпірқосақ жасаймыз.

  1. Түтікшені аламыз

Мойынға біз саламыз.

Мойынға біз әдемі

Моншақ қылып тағамыз.

Ля-ля-ля, ля-ля-ля

Моншақ қылып тағамыз.

-Жарайсыңдар балалар

(Күлкінің дауысы шығады) Ой балалар бізге кім күліп жатқан ? Кім олар?

Али мен Айя

Ой Али мен Айя бізге ән айтып берейндеп жатыр -ау деймін. Қане барлығымыз тыңдап көрейікші.

Музыка тыңдау

«Табиғатты қорғаймыз»

-Балалар ән не туралы екен? Көңілді ма? Көңілсіз ба?

(Табиғат туралы қызқаша мәлімет)

Балалар табиғат құбылыстарына нелер жатады?

Балалар:Күн күркіреу, жаңбыр , найзағай, құстар , жел, қар, өзен, боран, су, бұлақ, тас

Жарайсыңдар! Балалар табиғат құбылыстарын қарапайым түрде де және шулы аспаптарарқылы да  дыбысын ұқсатып шығаруға болады екен.

Мысалы: Күн күркірегенді барабан аспабын соғу арқылы салуға болады(соғып көрсету) ал жаңбырдың дауысын аяғымызды қолымызбен қатты және жай ұру арқылы салуға болады.Шиқылдаған құстардың дауыстарын бізде мына кішкентай аспаптан шығара алады екенбіз(аспаппен тыңдату) ал талдарымызды құрт, құмырсқалардан қорғап жүретін тоқылдақ құсымыздың дауысын, мына тұяқтас аспабымызбен сомдауға болады екен. (соғып көрсету) ал уілдеген желдің дауысын мына сылдырмақ айнытпай салады екен (аспаппен тыңдату) Ал таудың етегінен сылдырап ағып жатқан бұлақтың дауысын мына біздің күнделікті іс-әркетімізде қолданып жүрген қарапайым су құйғышымызбен де сомдауға болады екен(жасап көрсету)

Балалар сендер түсіндіңдер ме?

Б: Иәәәәә

Жетекші:Олай болса сендердің түсінгендеріңді мен былай тексеремін. Қазір мен ертегі айтамын, ал сендер сол ертегідегі табиғат құбылыстарын сомдайсыңдар.

Ертегі

Бір күні «Әмбебап балдырған» тобының балалары табиғат құбылыстарын музыкамен байланыстыруға саябаққажолға шығады. Олар саябаққа тез жету үшін пойызға мінеді. (балалар бір-біріне арқасын беріп отырады) 

Дауыс жаттығуы 

(Пойыз дыбысын күйсандықпен қоса орындайды)

Дут-дут-дут-дут, Гуууууук-пшшшшш

Балалар саябаққа  сәтті жеттік.Қараңдаршы айналамыз керемет сұлу. Құстарда біздерді шиқылдап ән салып қарсы алып жатыр(құспен үрлеу)

Балалар табиғат сиқырының таң ғажайып әуендерінде естіп тұрсыңдар ма?  \Иәәәә\ Ой балалар қараңдаршы анау тұрған тұмсығы ұзын құс талды шоқылдатып, тоқылдатып қояр емес (тұяқтасты ұрады)

Балалар мен аздап тоңайын дедім жел тұра бастады-ау сірә. (Бір кезде орманда кенеттен уілдеп жел тұрады .сылдырмақпен сылдырата бастайды) У-у-у-у-у-у-у

(күн күркірейді)(барабан ұру)Балалар жаңбыр жауып кеттіғой(аяктарын ұру)

 

Жаңбыр басылды (аяқтарын жәй ұрады)

Алақай балалар күнімізде ашылды. Алақай. Ой қараңдаршы балалар төбемізде тікұшақ дырылдап ұшып бара жатыр. Қанекей балалар тікұшақ сияқты ұшып көрейікші. (Тррр-Тррр-Тррр)(Балалар қуана тікұшақты тамашалайды)

(Судың даусы шығады) балалар сылдырап жатқан ненің дауысы? Анау тұрған таудың етегінен сылдырып мөлдір таза бұлақ ағып жатыр. ( легенге лейкамен су құю)балалар ұзақ жол жүрдік шаршаған шығарсыңдар мына салқын бұлақтың суына бетімізді жуып алайық. Қандай керемет еді бұлақтың суы иәә. Балалар олай болса табиғат аясында отырып бір керемет ойын ойнап алсақ қалай қарайсыңдар? \Иәә\

Ойын:

(Ойын ойнап болған соң) музыканың дауысы алыстан естіледі. Балалар бір жерден музыка естілетін сияқты ма? Тау жақтан естіліп жатқан сияқты. (тыңдап алады)

Жаңа ән: «Табиғатты қорғайық»

Қ\сы:Барғанда орман көлге

Ластама даланы

Тазалық болған жерде

Денің сау болады.

Асыр сап саялайық

Бала боп саналы.

Әрқашан аялайық

Табиғат- ананы.

  1. Теңізбен шалқар көлім,

Өзенім-айдыным.

Биік тау, дархан жерім-

Мол байлығым.

Жайқалған тал ағашы,

Ғажап қой қарашы.

Байлықты бағалашы сен.

Ойын.

Қорытынды ойын арқылы

Ой балалар уақытта таяп қайыпты күн жарықта балабақшамызға қайтайық. Қанекей бәріміз пойызымызға отырайық.(бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады) балалар жолда ішіміз пыспас үшін ойын ойнайық жолымыз қысқарсын. Жарайды ма? \Иәәәә\

Біз келе жатқанда ұзақ жол жүрдік көптеген көпірлер мен тау тастардан өттік. Байқадыңдарғой өздерің. Соны біз қазір музыка әліппесін ала отырып саусағымызбен әуенге ереміз.

Ойын. «Музыка әліппесі»

Әне міне дегенше өзіміздіңбалабақшамызға да жеттік.

-Балалар біз табиғатқа қандай жақсылық жасай аламыз?

-Ал табиғаттың бізге қандай пайдасы бар?

Қоштасу: Сау болыңдар балалар

Ойынымыз бітті осымен

Сау болыңыз әнші апай

Көп рахмет дейміз сізге

\ Жүгіреміз \3 рет топқа\  4рет