«Алпамыс» бөбекжай бақшасы» КМҚК

 


Тақырыбы:«Түлкінің туған күні»

 

 

 

Тобы:«Зерттеуші бүлдіршін» ересек топ

Тәрбиеші:Сейітхан Айған Жанділдақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2025 ж

 

Білім саласы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Түлкінің туған күні (жабайы аңдар)
Міндетттері: Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды. Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады. Шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды.Белгі бойынша сопақ пішінді қиып алуды, ұсақ элементтерді қағаз бетінде құрастырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.Жабайы аңдарды олардың тіршілік етуін, азығын, қысқа бейімделуін біледі. Жабайы аңдарға қамқорлық танытады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Көңіл –күйлерің қалай ?

Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі неше айдан тұрады? 
-Атап айтып шығайықшы. 
-Балалар қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? 
Балалар бізге видеоқоңырау арқылы хабарласып жатыр? Көрейікші

(Мысық видеоқоңыраумен хабарласады.)

Балалар орманда қандай аңдар бар екен бірге табамыз ба?

 

 

Ойын: “Жасырылған суреттер”

(интербелсенді тақадан жабайы аңдарды тауып атау)

  1. Ең айлакер аң............. (Түлкі)
  2. Ең қорқақ .......... (Қоян)
  3. Ең жыртқыш аң....... (Қасқыр)
  4. Балды жақсы көретін ........ (Аю)

Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Түлкі балықты жақсы көреді. Түлкінің баласы Жәудір, Мырмай, Міршәй.

Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның баласы Көжек

Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Қасқырдың азығы ет. Қасқырдың баласы Бөлтірік

Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аю балды жақсы көреді. Аюдың баласы Қонжық.

 -Балалар осы аңдар жайлы ертегі тыңдағыларың келе ме? 

 

Түлкінің туған күні ертегісі

Автор: Бірде түлкі туған күнін атап өтпек болыпты. Балық аулап  мол тағам дайындапты. Қонақ шақырып, той өтетін көкал жерді дайындап қойыпты. Енді құйрығын жазып, әдемілене бастады. Көп ұзамай түлкінің қонақтарыда жинала бастады. Көкал жерге жайлы жағасып, Түлкінің қонақ асын күтіп отыр.

Түлкі:  Қап деді түлкі. Досым мысықты шақыруды ұмытып кетіппін ғой.

Автор: Сөйтіп Түлкі досы Мысықты шақырамын деп кетті. Қонақтары бір біріне қарап.

Аю: Мысық деген қандай аң. Онымен бірге дастарханға отырмастан бұрынөзін бір көріп аалу керек шығар деп бір-біріне айта бастады.

Қоян: Ал мен ағаштың жанына тығылып отырамын. Мысық жанымнан өткенде, мен оны жақсылап көріп аламын дедіде ағаштың жанына тығылып қалды. Демін алмай жасырынып отыр. Тек ұзын құлағы сәл сыртқа қылтыйып шығып тұр.

Қасқыр: Ал мен ағаштың артынан тығыламын.Мысық мені байқап қалса, бірден қашып кетем деп олда тығылып қалды. Қыбырлауға шамасы келмей ол отыр.

Аю: Ал мен ағашқа шығып отырамын. Ол жерден Мысық мені байқай қоймас деді де әреі дегенде ағаш басына қорбаңдап шықты. Қимылдауға шамасы жоқ.

Мысық келбетті болып келе жатыр. Түлкінің алдында сәнделіп келе жатты. Ал түлкі болса жол бойы өзінің дайындаған астары жайлы айтып келе жатыр. Мысық Қоян тығылған ағаштың қасынан өтіп бара жатып, көріп қалды. Сол кезде жапырақтар сыдырлап кетті. Сыдырлап жатқан тышқан екен деп қалды. Сыбдырға қарай бас салды. Қоян қорыққанынан алды артына қарамай бере жөнелді. Ағашқа өрмелеп шықты.Ол ағаштың үстінде аю отыр еді. Мысықты көре сала аю бітті шаруам Мысық мені көріп қойды. Енді талқанымды шығарады деп ойлады. Тура Қасқырдың үстіне құлап түсті. Қасқыр қорыққаннан ұлыған күйде зыта жөнелді. Ал аю онымен жарыса жүгірді. Екеуі осылайша қаша жөнелді. Ал түлкі қонақтарының жан-жақа қашып кеткенін көріп. Бәрінінің зәресі ұшқанына қарағанда, Мсық нағыз жануар ғой деймін. Мен оның жанында жападан жалғыз қалай қаламын. Менде қашып кетейін.Ал туған күнімді басқа бір күні атап өтермін деп ойлады.. Ал мысық болса ағаштан түсе сала тамақтарды жей бастады. Мысық тамаққа әбден тойып алды. Барлығы мысықтың бір өзіне тиді.

-Балалар сендер ойын ойнағыларың келеді ме?

Ойын: “Бөлігін тап”

(сурет беріледі, бөліктерін тауып орналастырып қояды.)

 Жарайсыңдар балалар!

 Мысық бейнеқоңыраумен шығып, түлкіні ренжітіп алғанын айтады.

Шығармашылық жұмыс:

 (Балық жапсыру. Балықтың денесін қайшымен қиып, көзін, қабырғаларын мақталы таяқшалармен жапсырады)

 -Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді, ақылды екенсіңдер.

Қорытынды ойын: “Ізін тапта ,сыйлық ал”

(Түлкінің ізімен барып, балықты түлкіге табыстап, түлкіден сыйлық алады.)

 

-Жарасайсыңдар балалар?

-Керемет балапандарым!

-Сендерге ойындар ұнады ма?

-Балаларды мақтау арқылы сыйлықтарын табыстау.


Күтілетін нәтиже. 

- Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады.
- ұсақ элементтерді қағаз бетінде құрастырып, жапсыру дағдылары қалыптасады.

-басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, бір-біріне көмектеседі және жетістіктеріне бірге қуанады;