Тақырыбы: «Су асты тіршілік иелерінің достығы» еретегісі.

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Кіріктірілген іс-әрекет: Сурет, қоршаған ортамен таныстыру, денешынықтыру

Міндеттері: Балалар әдебиетіне, ертегі, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру. Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту.

Командада жұмыс істей білуге дағдыландыру. Пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, топтасу, су театры,

Көрнекіліктері: Су театры (аквариум), су асты тіршілік иелерінің ойыншықтары, басқатырғыштар, плакаттар, ойынға қажетті құралдар, түрлі-түсті фетрадан қиылған балықтар, 4 шеңбер.

Барысы:

Балалардан көңіл-күйлерін сұрап, ойын іс-әрекетті бастау.

Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдарма?

Мен сендерге керемет ертегі түрін алып келдім. Сендерге қызықпа, көріп, тыңдағыларың келедіма?

Олай болса, бүгінгі су театрында, су асты тіршілік иелерінің достығы атты ертегімізді бастайын.

Ертегіні айтып беремін. Балалардан сұрақ-жауап арқылы ертегі кейіпкерлерін сұрау

Ойын: «Басқатырғыштар»

Міндеті: Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту.

Шарты: Балаларға түрлі-түсті балықтарды түсіне қарай жарты бөліктерін дұрыс тауып, орналастырту.

Шығармашылық топпен ұжымдық жұмыс.

Балаларға кілемде отырып салу жолын толық көрсетіп, салып беремін

3 топқа балалар бөлініп барады, парта үстінде 3 топта теңіз бейнеленген 3 плакат тұрады.

Балалар плакат бетіне бұдырлы стақан арқылы балықты бейнелеп салады, және қанаттары мен құйрығын, аузын таяқшалы үшбұрышпен бастырып салады.*

Балалар жұмыстарын аяқтап болғанда Адай күйімен ортаға шеңберге жиналады. Жасаған жұмыстарын сұрау.

Қимылды ойын: «Түсіне қарай топтасу»

Міндеті: Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге үйрету.

Шарты: Балалар түрлі-түсті балықтарды ұстап, әуен ырғағымен түрлі қимылдар жасап билеп жүреді. Әуен өшірілгенде, түсіне қарай топтасып шеңбер ішіне жиналады.

Балаларды ортаға жинап, сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балаларды мақтап, мадақтау.