Тақырыбы: “Түрлі-түсті пішіндер”
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Көркем әдебиет, денешынықтыру, жапсыру
Міндеті:
-Оқып беруді үстел-үсті театрының кейіпкерлерін көрсетумен сүйемелдеу;
-Иректелген лентаның бойымен жүру;
-Бейнелерді (геометриялық фигуралар қайталау) қағаз бетіне қойып, құрастыру;
Әдіс-тәсілдері: үстел-үсті театры арқылы сүйемелдеу, ирек сызық бойымен жүру, түстер бойынша топтасу, қағаз бетіне геометриялық фигуралардыі орналастыру
Көрнекілігі: үстел-үсті театры: түрлі-түсті қарындаштар және макет, бояу, геометриялық фигуралар, ленталар
Барысы:
Үстел-үсті театры: “Түрлі - түсті пішіндер”
-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
-Керемет!
-Ендеше осындай керемет көңіл-күймен қызықты ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар? Сендерге ертегі ұнайды ма?
-Ұнайды.
- Сендерге ертегі ұнайтынын біліп, арнайы үстел-үсті театрын дайындап әкелдім. “Түрлі-түсті пішіндер” ертегісін оқып берейін.
“Түрлі-түсті пішіндер”
(ертегі)
Ертеде қызыл , сары және жасыл түсті қарындаштар ажырамас достар болыпты. Бір күні үшеуі таза ауада жүріп, серуендегісі келеді. Осылайша олар аулаға шығады.
-ООО, табиғат қандай керемет я! (Сары қарындаш)
-Табиғатта серуендеу денсаулыққа пайдалы, - деп табиғатты мақтап келе жатып, жасыл қарындаш ауладағы үлкен суретті байқап қалады:
-Қараңдаршы , мұнда үлкен сурет қойылыпты. .
-Я, я өте әдемі . Бірақ мына үй мен күннің суреті боялмай қалған сияқты. Не істеуге болады? Ойланыңдаршы!
-Таптым, бұл түрлі-түсті пішіндерді біз бояп, суретті толықтыратын боламыз.
Сары қарындаш дөңгелек күннің , қызыл қарындаш үшбұрышты үй шатырын, жасыл қарындаш төртбұрыш үйдің қабырғасыні бояйды. Осылайша түрлі-түсті пішіндер дайын болды. Өздері бояған суретке қарап тамсанып, қуанады.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/374-t-rli-t-sti-pishinder.html#sigFreeId1540b81888
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
-Қарындаштардың түсін атайықшы?!
-Суретте қандай пішіндер бар екен? (балалар сұрақтарға жауап береді.)
-Енді осы түрлі-түсті пішіндермен ойын ойнамыз ба?
-Я, ойнаймыз!
-Бірақ бізде пішіндер жоқ қой . Сендердің қолдарыңда бар ма? Қалтамызды қарайық, мүмкін артымызда шығар. Енді қайдан іздесек болады? Көмекке сиқырлы сөзімізді қолданамыз ба?
Барлығы:
-Ахалай, махалай,суффф! (бір, екі рет қайталайды) Мүмкін көрпешенің астында болар. (көрпеше астынан тауып алған пішіндерін атап шығады). Қазір қолдарындағы пішіндермен топтасатын боламыз.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/374-t-rli-t-sti-pishinder.html#sigFreeId2bea72c57d
Ойын: “Түрлі-түсті пішіндер бойынша топтасу”
Шарты: Иректелген лентаның бойымен жүріп, ойын алаңына барады. Ойын алаңында жерге лентамен үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішіндерін құрастырып дайындап қойылған. Осы бойынша балалар қолдарындағы пішіндер арқылы топтасады. Мысалы, үшбұрыш таңдаған бала үшбұрышты лентаның ішіне келіп тұрады.
-Ал, балалар қолдарында тұрған пішіндер бойынша топтасатын боламыз. Кімнің қолында үшбұрыш болса сол бала үшбұрышты лентаның ішіне келіп тұрады. (балалар топтасады)
-Алтынай айта қойшы сенің қолыңда қандай пішін бар? Әли сен қай пішінге келдің?
-Жарайсыңдар, балалар! Енді қайтадан иректелген лентаның бойымен орнымызға барайық.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/374-t-rli-t-sti-pishinder.html#sigFreeId2393f9ae13
Ойын: “Пішіндермен мысықты безендіреміз”
Қағаз бетіндегі суретті мысықтың дене мүшелерінің үстіне түрлі-түсті пішіндерді қойып шығады.
Балалар жасаған жұмыстарын орындарына апарып орналастырады.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/374-t-rli-t-sti-pishinder.html#sigFreeIdcfa59cf6a4
“Түрлі-түсті пішіндер” әнін қимылмен орындайды.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/374-t-rli-t-sti-pishinder.html#sigFreeId61be236ce1