Тобы: “Зерттеуші бүлдіршін”, “Білімділер бекеті” ересек топтар
Тәрбиешілер: Сейітхан А , Сәдібекова А
Қызылорда, 2025 ж
Тақырыбы: “Сиқырлы математика ертегілер әлемі”
Міндеті: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: санауға арналған сандар, лего ойыншықтары, шеңберлер,кедергілер.
Ойын: “Кім епті”
(балалар дөңгеленіп қолдарына шеңберлерді ұстап отырады, екі бала шеңбер сыртында тұрып, тәрбиешінің 1 ден 5 ке дейінгі сандарды айтқан кезде кім бірінші санды алса сол бала жеңіске жетеді.)
Ойын: “Сиқырлы сандар”
(балалар екі топқа бөлініп, шеңберден қос аяқтап секіру арқылы сандарды орналастырады.)
Ойын: “Сана да орналастыр”
(балалар екі топқа бөлініп, бір реттік ыдыста орналасқан сандарға лего ойыншықтарын санай отырып ыдыстағы санға салу.)