Тақырыбы: «Көңілді эстафета»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Спорттық эстафеталық жарыстарға деген сүйіспеншілігін нығайту. Ептілікке, шапшаңдылыққа баулу.
Күні: 16.06.2023ж
-Балалар, көңіл күйлерің қалай?
-Ой, балалар мына жақта үлкен сыйлық тұр ғой, ішінде не бар екен?
-Бірге ашамыз ба?
-Балалар, мен бұл үлкен сыйлықты ашамын деп құлап қалдым ғой.
-Бізге сиқыршының көмегі керек секілді, шақырамыз ба?
-Сиқыршы балаларға мына қорапты ашуға көмектесші, ішінде не бар екені барлығымызға қызық болып тұр.
Сиқыршы:
-Жарайды, көмектесейін.
-Балалар бірге ашамыз ба?
-Ендеше барлығымыз бірге 10 нан кері қарай санайықшы.
-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
Қораптың ашқан кезде ішінен сайқымазақ секіріп шығады.
Сайқымазақ:
-Балалар, мені мына қорапшадан босатқандарыңа көп рақмет сендерге.
-Мұнда ауа жоқ, қалай шығарымды білмедім, даусым да есілмейді.
-Балалар сендерге қалай алғыс білдірсем екен?
-Балалар, мен сендердің көңіл күйлеріңді көтерейін бе?
-Менімен бірге ойын ойнайсыңдарма?Ойын: «Негеш» және «Бал бала» кіші топтарымен
«Көңілді шарлар» ойыны.
Шарты: балалар шелектегі шарларды сүзгіштің көмегімен алып, келесі шелекке салу қажет.
«Мен құрылысшымын» ойыны:
Шарты: Балалар үлкен құрылыс бөліктерін бір-біріне беру арқылы соңғы отырған балаға жеткізеді. Ол жақта тәрбиешінің көмегімен үй құрастырадыОртаңғы топтың тәрбиеленушілерімен ойын:
«Кім жылдам?»
Шарты: Балалар кедергілер арасымен үлкен шарды айналдыра жүріп, келесі досына жеткізіп жарысады.Ересек топтың тәрбиеленушілерімен ойын:
«Кім мерген?» ойыны:
Шарты:
«Доп жинау» ойыны:
Шарты: балалар қолдарындағы құрсаумен секіріп келіп, арнайы белгіленген жерге жетіп құрсаудың көмегімен шарларды жинау қажет. Қай топ көп шар жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Сайқымазақ:
-Балалар сендермен көңілді ойын ойнадық, мен енді ауылыма қайтайын.
-Мені мына сиқырлы қораптан шығарып, құтқарғандарыңа көп рақмет, келесі кездескенше сау болыңдар балалар.
Балалар кедергілер арасымен жүгіріп келіп, қолдарындағы допты арнайы үстел үстіндегі кедергілер арасынан үрлеп шелекке дәл түсіруі қажет.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/263-k-ildi-estafeta.html#sigFreeIdb918b57518