КМҚК «Алпамыс» бөбекжай бақшасы

«Театр бізде қонақта»

(Сахналық қойылым)

2022-2023 оқу жылы

«Театр бізде қонақта» сахналық қойылым

 

Күні: 09.06.2023жыл

Міндеті: Ертегі желісі арқылы  сахналандырып, театр арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрету.Ертегілерді тыңдауға, түсінуге, көруге талпындыру.Балалардың бойына сейірімділік пен достық сезімдерін ояту, іс-қимылларын мәнеріне келтіріп ойнай білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Кейіпкерлері:

Қоян- Айда,

Аю- Светлана,

Түлкі- Айған,

Қасқыр- Гүлмейрам,

Маса- Гүлмира

 

Ортаға билеп сыбызғысын тартып қоян шығады.

Алдынан шыққан

аю: Сыбызғыңда ойнап көрейінші.
Қоян: Бер, бері әкел, бұл менің сыбызғым! берші!
Аю: Сенікі болса, енді менікі болады.

 


Қоян: Сонда қалай болғаны?
Қоян: Сыбызғым, сыбызғым…
Түлкі: Неге жылайсың, балақай? Не болды?


Қоян: Аю мені ренжітті. Сыбызғымды тартып алды.

 


Түлкі: Ах, қандай жаман аю еді. Жүр, аюға барып, сөйлесіп келейік.

Түлкі: Ей, аю, сен неге өзіңнен кішілерді ренжітесің? Мұндай әдепсіздік жасауға бола ма? Ұялсаң етті. Сен неге мені тыңдамайсың? Сенімен сөйлесіп тұрмын ғой. Мына құрғыр сыбызғыда ойнауыңды қой.

 



Аю: Өзің неге маған айқайлайсың, а? Ал егер мен саған айқайласам ше? Ааааа…

Түлкі: Неткен әдепсіздік! Мұны қалай түсінуге болады? Бұлай етуге бола ма екен?

Қоян: Аю енді сыбызғымды қайтармай ма?
Түлкі: Өзіңе де обал жоқ. Өз заттарына мұқият болып, оларды кім көрінгенге бермеу керек. Кінәлі өзің – өзің шеш.

 



Қоян: А!
Қасқыр: Неге сонша айқалайсың?

 


Қоян: Аю сыбызғымды тартып алып, қайтармай жатыр.
Қасқыр: Жай, әзілдегені ғой! Ойнап болған соң, қайтарар.
Қоян: Жоқ, әзіл емес, қайтармайды.
Қасқыр: Жүр, аюмен сөйлесейін.
Қоян: Хм, түлкі де сөйлескен, бірақ аю оны тыңдамады.
Қасқыр: Пәлі, ол түлкі, ал мен қасқырмын. Біз аю екеуіміз бұрыннан доспыз.
Қасқыр: Аю, сәлем.
Аю: Не керек?
Қасқыр: І-і-і, Қоянның сыбызғысын тартып алған сенбісің, қайтар. Балақайды ренжітпе.

 


Аю: Немене!!!
Қасқыр: Кішкентай емессің ғой. Баланың ойыншығын қайтесің?
Аю: Сыбызғыда ойнап жатқанымда жаныма тағы да біреу келетін болса, сол сазайын тартады. Кет, кәне!
Қасқыр: Бүгін көңіл-күйі жоқ сияқты, сәл күте тұр. Сыбызғыда ойнаудан жалыққан соң, өзі-ақ қайтарып берер.
Қоян: Ол менің сыбызғым ғой.
Қасқыр: Сенікі болса, бар да, аюдан өзің тартып ал. Ал мені өз шаруаңа араластырма! Ұқтың ба?

Қоян: М-м-м.
Маса: Ей, не боп қалды? Уй, неге жылайсың?
Қоян: Сен кімсің?
Маса: Мен масамын.
Қоян: Саған не керек?
Маса: Не болушы еді? Саған көмектескім келеді.
Қоян: Сен бе? Көмектесем деймісің?
Маса: Ей, неге күлесің?
Қоян: Еһ, түлкі көмектесем деп көмектесе алмады, қасқырдың да шамасы жетпеді, ал сен тіптен көмектесе алмайсың ғой!
Маса: Неге көмектесе алмаймын?
Қоян: Себебі сен кішкентайсың, ал ол – үлкен.
Маса: Кешкентай болсам да, мен батылмын. Сені кім ренжіткенін айт, кәне.
Қоян: Аю.
Маса: Ал, ол не істеді?
Қоян: Сыбызғымды тартып алды.
Маса: Мені осында күт. Ешқайда кетпе. Қазір аю кешірім сұрауға келеді. Және сыбызғыңды алып келеді.

Маса: Ей, аю. Қоянның сыбызғысын қайтар. Әйтпесе өз обалың өзіңе.

 


Аю: Кет, мазамды алма.
Маса: Түсінікті. Қазір көресің.
Аю: Ей, мұның не! Ауырады ғой!
Маса: Сыбызғыны қайтар.
Аю: А, солай ма?
Маса: Сыбызғысын қайтар қоянның. Кәне, сыбызғыны қайтарасың ба?
Аю: Қазір ұрып өлтіремін. Әзір тоқтай тұр, пәлі.
Маса: Сыбызғыны қайтар.

 


Аю: Ауы…
Маса: Сыбызғыны қайтар.
Аю: Жоқ.
Маса: А, онда өзің біл.
Аю: Уй…

Маса: Сыбызғыны қайтар, кәне.

 


Аю: Қайтарам, қайтарам.
Аю: Қоян, қоян, еһ, қоян, кешір. Менікі дұрыс болмады. Сыбызғыңды қайтып ал.
Қоян: Мүмкін емес. Бұл рас па? Алақай! Алақай! Рақмет!
Маса: Көрдің бе? Аю өте мейірімді екен. Сыбызғыны қайтарып, кешірім сұрады. Ал сен кішкентайсың, шамаң жетпейді деп едің. Ең бастысы ебін тапсаң болды.
Қоян: Кіп-кішкентай бола тұра, сыбызғыны қайтаруға қалай көндірдің?

 


Маса: Мәселе үлкен-кішілікте емес. Сендіре білуде.
Аю: Енді масаның достарын ренжітпеймін.