"Қош бол, балабақшам"
Барысы:
(Ортаға орындаушылар Ерқанат, Мереке, Рабия, Рүстем және балалар шығады шығады)
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeIdf4a6f0e15d
Ән: «Супер бақша ай!»
Ерқанат:
-Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі «Жас ізденімпаз " мектепалды тобының "Қош бол, балабақшам" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!!!
1.Мереке:
Құрметті қонақтар армысыздар!
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын!
Рүстем:
-Қоштасу кеші!
Біз бәрін шақырдық па мерекеге?
Рабия:
-Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
Ерқанат , Мереке:
-Жоқ
Рүстем:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Рабия:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!
Қоштасу вальсі
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeIdea0ca22173
Тақпақтар
Айлин Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз. Балабақшамен қоштасып Біріншіге барамыз Жұлдызай Балабақша, балабақша Шаңырағы шаттықтың. Балабақша қорғанышы Балғын сәби жастықтың. Жанэля Балабақша базарлы үй Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуақты Өз үйіміз сияқты. Мұқағали Балабақша мекенім, Қоштасамын өзіңмен. Мен де кетіп барамын, Қимастық бар сезіммен. Ерқанат Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Үлкен болып өссек те Балабақшамызды қимаймыз Рүстем Қуанышымыз біздің мол, Мектепке біз тарттық жол. Ұмытпаймыз өзіңді, Балабақшам қош – сау бол.
|
Мұстафа Қуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз, Қоштасатын күн бүгін Кәусар Ән айтқызып, билетер, Балабақша мекенім. Қош бол қимай барамыз, Балдай бақша мекенім. Аяла Қош бол жайлы мекенім, Ойнататын, билетер. Балабақшам, шырайлым, Бар жақсысын үйретер. Медина Қош бол менің балабақшам, Тәтті өткен күндерім. Апайларым болады. Есте жарқын жүздерің. Шахнұр Бақшадағы күндерді Есімізде сақтаймыз. Апайлардың үмітін Біз балалар ақтаймыз. Әмина Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.
|
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId94a619bbaa
Хор: «Оқуда озат боламын»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId32055c1aa9
Ойын: «Ақсүйек» ойыны
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId824b7529d4
Би: « Шоқ қыздар » қыздар биі
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeIde59535e107
Ерқанат: «Достарымыздың мектептегі алғашқы күні» .Көріңіздер!
Көрініс: «Мектептегі алғашқы күн»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId104f9a9df0
Тақпақтар:
Нұрмұхаммед Мен де кетіп барамын, Ашып өмір парағын. Бал күндерім бақшада, Қалды, қимай барамын. Нұрхан Балабақшам бұл менің Тәтті күнін сыйлаған. Апайларым біздерге, Бар жақсысын жинаған. Рабия Қош бол деймін өзіңе, Балабақшам әдемі Қадам басам мектепке Қош бол, бақша әлемі. Исон Балабақшам киелім, Қоштасамын өзіңмен. Алға қадам басамын, Ерекше біз сезіммен. Зиннұр Мәпелеген анамыз, Бақша болды панамыз. Мектепке енді барамыз, Оқып білім аламыз.
|
Мереке Балабақшам қимаймын Сенде өткізген күндерді. Қоштасамын бақшаммен Қадам басып ілгері. Елжан Өстік - алты жастамын, Өнерпаз жас баламын. Қош бол, балабақшамыз, Біз мектепке барамын. Інжу Қош бол кетіп барамын, Балабақша күн, айым. Апайларым рахмет, Күлімдеп жүр күн сайын. Аяжан Мәпелейді, аялайды біздерді, Ойнап, күліп өткіземін күндерді. Балабақшада өмір біздің басқаша, Күліп, билеп, ән саламыз әрқашан. Даниял Мектепке енді барамыз, Оқимыз сауық құрамыз. Қашық емес арамыз, Бақшаға келіп тұрамыз. Ақнұр Бір-бірімен сыйласты, Татумыз біз баршамыз. Бал достықтың ұясы, Біздің балабақшамы. |
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeIdf154ff8eca
Би-көрініс: «Күндізгі ұйқы» (жастықпен би)
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId4e4d38f87c
Ойын: «Көңілді шарлар» ойыны
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId394811dcf0
Трио: «Мен жұлдыз болып жанамын» әні ( Кәусар, Әмина, Жұлдызай)
Би: «Көңілді пішіндер» Ұлдар
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId518a58038e
Бейнебаян тамашалайық.
-Достар біздің балабақшадағы қызықты күндеріміз, ажырамас достығымыз өмір бойына естелікте қалсын деп арнайы бейнебаян дайындадық. Ендеше бірге отырып тамашалайық
ҰСТАЗДАРҒА ПАРОДИЯ
Ерқанат: Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жар салады.
Рүстем: Қоштасу мерекесінде ән салғанда
Бүкіл балабақша шапалақтап қарсы алады.
Жеке ән: «Ақ құс» Мереке
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId520c719d56
Нұрхан:
-Достар біртүрлі жүрегім ауырып тұрған сияқты.
-Даниял саған не болды?
-Өзіңді жайсыз сезініп тұрсың ба?
-Жедел –жәрдем шақырайық па?
Нұрхан:
-Ой, жоқ кеше анам пирожки пісірген. Майын көөөп қосыпты. Жүрегімді алып тұр.
Барлығы: Оййййй! Сен де бір адамды қорқытып.
Ерқанат:
-Менің де жүрегім сыздап тұр.
-Не сен де үйден пирожки жеп келдің бе? (күледі)
-Жоқ.Мен ойнап тұрған жоқпын. Шынымен де санаулы күндерден кейін, бірнеше сағаттан соңңңңң
Мереке:
-ЯЯ минут, секундттан кейін , тез-тез айтшы не болады? Қызық бірнәрсе болады ма?
-Біз санаулы күндерден кейін, бірнеше сағаттан соң сәби болып кіріп, осындай азамат қылып білім мен тәрбие берген алтын ұямыз – Алпамыс балабақшамен, сүйікті ұстаздарымызбен қоштасатын боламыз. Сол үшін жүрегім ауырады, қимаймыз./музыка ойналады «Қимай тұрмыз»
Жұлдызай:
-Жоқ көңіл-күйлеріңді түсірмеңдер. Бақшамыз бізге үлкен жол ашып берді. Сол апайлардың еңбегін бағалап, ақтайтын боламыз!
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId21b0e1a76e
Ерқанат:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз басқадан
Меңгерушіміз –ҚАРЛЫҒАН ҚАПАШҚЫЗЫНА МЫҢ АЛҒЫС(Зиннұр)
Рүстем:
Мейірімді жайдары
Оқу жүйесіне қарайды.
Тобымызға әр кез кеп,
Халімізді сұрайды.
Әдіскері бақшаның
Әлима Мерекеқызына МЫҢ АЛҒЫС! (Елжан)
Мереке:
Әрқашан өзі тынбайтын,
Жұмыстан бір қалмайтын.
Қолында әркез соткасы
Мобилографф ең жақсы
Педагог –ұйымдастырушы –Гүлмейрам Болатбекқызына МЫҢ АЛҒЫС! (Інжу)
Аяжан:
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Сабира, Гүлмира апайларға
Айтамыз біз МЫҢ АЛҒЫС! (Әмина, Айлин)
Аяла:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Ақжарқын Ардаққызына мың АЛҒЫС! (Мұстафа)
Жұлдызай:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Алма апайға көп рахмет! (Мұқағали)
Даниял:
Апайларды ұмытпай,
Есімізге аламыз
Ұмытпасын деп ұясын
Тәрбиеші әнін саламыз.
Хор: «Тәрбиеші бағбан»
Дуэт: «Ұстазым» Сабира Гүлмира
Флэшмоб: Заманауи биі
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeId0896a7651b
Ата-аналар мен балаларды марапаттау
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/336-osh-bol-balaba-sham.html#sigFreeIdbddbc912e6
Хор: «Біз мектепке барамыз»
Мереке: Сүйікті балабақшам Қош сау бол!
Біз мектепке барамыз!