Тобы: «Талантты бөбек» ортаңғы тобы
Тәрбиешілері: Бекетова С.
Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
Барысы: Балалар қолдарына көк туды ұстап кіреді.
Жүргізуші:
Бұл күні қырларға гүл тұнады
Бар әлем бірақ сәтте құлпырады,
Әлемге дос құшағын жая келген.
Армысың халқымның ынтымағы.
Бармысың қазағымның ынтымағы.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады демекші,-бірлігіміз мәңгі болсын.Біз татумыз доспыз,бір-бірімізбен аралас өмір сүрудеміз.Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін сыйлаймыз.Бір шаңырақ астында бір тату отбасыдай өмір сүрудеміз.Бүгінгі Достық күніне арналған ертеңгілігімізді ұсынамыз.
Ертеңгілігімізді бастамас бұрын балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызына сөз береміз.
![]() |
Қ.Р әнұраны орындалады. Барлығы:Қазақстан жасасын!
|
Ән «Ақпыз қара сарымыз»
НҰРИЛА Жан біткендей жас тауға, |
ХАНШАЙЫМ Болсын жер мен су да ортақ. |
САНЖАР Сары, ақпыз, қарамыз, |
ИРАДА Достығымыз жарасқан, |
АЙБИБІ Ортақ жұтар ауамыз, |
Айару Біз балдырған тең басқан, |
Әділ Достықты үлгі санаған, |
Айшабибі Достық –шырағымыз, |
Аянат Бір-бірімен тату-тәтті тұрады, |
Бегімсұлу Дос болайық бәріміз, |
Мирас Ортақ жұтар ауамызОртақ жарық күніміз. Достық туған анамыз , Жердің қызы ,ұлымыз
|
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/329-dosty-ymyz-zharas-an.html#sigFreeId2e20409e04
Санжар: Әй мынау біздің көк туымыз ғой.Оны неге ойыншық қылып велосипедіңе іліп алғансың,әкел бері.
Әли : Жоожооқ ,оны маған анам алып берді.
Санжар :Бер ,бер деймін саған (тартып алады туды)
Нұрила :Ата,ата,жүріңізші мына жақта балалар таласып жатыр .
Атасы: Балаларым, бұларың не сендердің?
Санжар: Ата қараңызшы мына бала біздің туымызды велосипедіне тағып алып ойыншық қылып жүр.Бұл дұрыспа?
Атасы :Балам бұл жалғыз сенің туың емес қой .Бұл сенің де Елхамныңда туы ғой. Туымызды қадірлеп ілген екен осындай өзге ұлт өкілдеріне ризалығымызды білдіруіміз керек .
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/329-dosty-ymyz-zharas-an.html#sigFreeIddbaa18379f

Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Жер ана бәрімізге ортақ.Қазақстан көпұлтты мелекет. Кең қазақ даласында бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды.
-Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттардың татулығы артып,
Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік,-дей келе балаларымыздың жыр шумақтарына кезек берейік.
АҚНҰР Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. |
ӘЛИ Күлімде, Күн, күлімде, |
ЕРЖІГІТ Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл. |
Кәусар Ортақ жұтар ауамыз Ортақ жарық күніміз. Достық туған анамыз , Жердің қызы ,ұлымыз |
Рамина Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз Бірге ішеміз астыда, Бірге сайран құрамыз. |
Айсұлтан Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. |
Бексұлтан Сары ақпыз қарамыз, Бәрімізде баламыз Бір отанда тұрамыз, Біз бақшаға барамыз |
Инабат Достығымыз жарасқан, Ақпыз ,қара ,сарымыз Қара жермен көк аспан, Ортақ дала туымыз |
Дарын Достық –шырағымыз, Достық –ұранымыз Достық- туымыз, Досты-әніміз |
Әліби Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз Бірге ішеміз астыда, Бірге сайран құрамыз |
Асылай Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз Бірге ішеміз астыда, Бірге сайран құрамыз. |
Нұрхан Достығымыз жарасқан, Ақпыз ,қара ,сарымыз Қара жермен көк аспан, Ортақ дала туымыз. |
Ән : «Достық» Ирада ,Нұрила
Жүргізуші:1 Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні.Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы,достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы ел.Елімізде әртүрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүруде.«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.Осымен «Талантты бөбек» ортаңғы тобының «Достығымыз жарасқан»тақырыбында өтілген мерекелік кешіміз аяқталды,көріп тамашалағандарыңызға рақмет!
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/329-dosty-ymyz-zharas-an.html#sigFreeId5a4869367f