Тобы: «Зерттеуші бүлдіршін» ересектер тобы
Тәрбиешілері: Бегалиева К.У
Көптілеуқызы Ә
«Достығымыз жарасқан»
(1 Мамыр мерекесіне арналған іс-шара)
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Жүргізушілер ортаға шығады; Фар-фар
Гүлфайруз (Корейс киімі) Бірлік пен ынтымағы халықтың |
Мейірхан: (Өзбек киімі) Достығымыз жарасқан |
Ғабидин:(Орыс киімі) Ортақ жұтар ауамыз |
Ханшайым(Өзбек киімі) Қазақ елі қашаннан да жыр елі |
Үнді: Әдемай, Айша, Тоғжан,Мағжан
Өзбек:Ханшайым,Бекжан, Еркежан,Мейірхан
Орыс: Мариям,Ғабидин,Айсұлу,Хантөре
Татар: Әмина, Айару,Нұрислам,Елдар
Түрік: Аяла, Асыл,Шыңғыс
Корейс: Гүлфайруз,Мүслима,Баршагүл
Қазақ: Сымбат,Гүлсая,Рахош,Елжан балалардың ұлттық билерінен попури
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/330-dosty-ymyz-zharas-an-2.html#sigFreeId9bd557a6bd
Жүргізушілер ортаға шығады;
Мемлекеттік гимн орындалады
Гүлфайруз:«Достығымыз жарасқан»-атты кешімізге хош келдіңіздер, сөз кезегін балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызына береміз
Ән: «Бірлігіміз жарасқан» хор
Әмина:
Тілі бөлек болғанменен тілегі бір
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл
Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр
Еркежан:
Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс,бақыт, татулық пен ынтымақ
Бекжан:
Енді бүгін қарасам
Айналам бақыт кең жатыр
Бірімен бірі туысқан
Қол ұстасқан ел жатыр
Айсұлу:
Күте тұғын асыға әр күнін біз
Арналатын ең тәтті ән-жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын бірінші мамырымыз!
Рахош
Мамыр қандай шіркін-ай, құлпырады
Күй толқын көңіліңе жыр тұнады
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр
Секілді адамзаттың ынтымағы
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/330-dosty-ymyz-zharas-an-2.html#sigFreeId9fb440cce4
Айсұлу;- достарым мен сендерге сұрақ қойсам жауап бере аласыңдар ма?
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан
Айару;-Біздің ұлтымыз қандай?
-Қазақ
Елжан; -ҚР Президенті кім?
-Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев
Баршагүл;- біздің туып өскен қаламыз қалай аталады?
-Қызылорда
Аяла; Бас қаламыз қандай қала?
-Астана
Сымбат;-Достар сендер қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
-Орыс, қазақ,татар, кәріс, өзбек, үнді, қырғыз
Бірге: Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Тәрбиеші: Балалар достар бір-бірін ренжітпейді, қиын жағдайларда бір-біріне көмек береді, осы ҚР тұратын әр ұлт өкілдері бір-бірімен әрқашанда дос, тек қана адамдар ғана емес бір-біріне көмек беретін, құстарда, аңдарда және жәндіктерде бір-біріне аяушылық білдіріп көмек береді, осы достыққа байланысты «Үш көбелектің достығы» ертегісін тамашалайық
Мүслима: Күн шуақты алаңқайда үш көбелек тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі көк(Әдеміай),екіншісі қызыл(Мариям),үшіншісі сары (Айша) екен. Көбелектер гүлден гүлге қонып, күндерін көңілді өткізіпті.
Бірде тасыр-тұсыр жаңбыр жауады, көбелектердің қанаттары су болған көбелектер қайда тығыларын білмейді.Көбелектер ұшып Лала гүлге келеді
Әдеміай: Лалагүл, лалагүл! Бізді жаңбырдан тасалашы
Лалагүл - Баршагүл; Жарайды, көк көбелектің түсі маған ұқсайды екен, кел маған тығыл, ал сендер басқа жаққа тығылыңдар
Әдеміай көк гүл; Менің достарым су болып жүргенде, жалғыз өзім сенің саяңда қалай отырамын, оларды тасаңа алмасаң, онда менде отырмаймын,жүріңдер достарым кеттік- деп ұшып кетеді.
Мүслима: Үшеуі ұшып келеді, ұшып келеді, жаңбыр тоқтар емес, қараса қызғалдақ өсіп тұр екен
Мариям қызыл гүл; Қызғалдақ,қызғалдақ! Мұмкін болса жаңбыр басылғанша біз сенің ығыңа тығыла тұрсақ бола ма?
Қызғалдақ-Айару; қызыл көбелек маған ұқсайды екенсің, сені алайын жаныма, кел тығыл, ал басқа көбелектерге орын жоқ
Мариям: Сен менің достарымды қабылдағың келмесе, мағанда көмектеспей-ақ қой, тоңсақ бірге тоңайық,жүріңдер достарым,бұл жерден ұшып кетейік.-деп ұшып кетеді
Мүслима; көбелектер ұшып келе жатса сап-сары сарғалдақ гүлдерді көреді.
Сары гүл –Айша; О тамаша сарғалдақ жаңбыр тоқтағанша сені ықтай тұрайықшы?-дейді
Сарғалдақ- Сымбат: Жарайды, мен өзіме түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғай тұрайын, басқаларың басқа жер іздеп табыңдар.
Айша: Жо-жоқ! Сен менің достарыма көмек бере алмасаң , мен де сені паналамаймын! Одан да су болғаным артық, жүріңдер достарым,кеттік,-деп ұшып кетеді
Мүслима: Көбелектердің бұл сөзін бұлттың ар жағында тығылып тұрған күн естіп қалады.
Күн-Тоғжан: Көбелектер мен сендердің дауыстарыңды бұлттың ар жағынан естіп, қуанып қалдым . дос деген осындай болу керек. Сендер нағыз керемет дос екенсіңдер, кәне менің шуағыма келіп қанаттарыңды кептіріп алыңдар.
Сендердің достықтарын мәңгілік болсын. Шын достар тек қиындықта сыналады деген осы шығар.
Мариям; Күнге жарқыраған күн сәулеңді шашып бүкіл әлемге жылуыңды бересің,
Айша;сенің шуағыңмен біз қуанамыз сізге мың алғыс!
Күн-Тоғжан: Сендердің достықтарың мәңгілік болсын, «Шын достар тек қиындықта сыналады» деген осы шығар
Мүслима: Мұнан кейін көбелектер ешқашан лалагүл,сарғалдақ, қызғалдақ гүлдерге қонбайтын болыпты, міне «Үш көбелектің достығы» ертегісі осылай аяқталыпты, топтағы достарымыздың достық туралы тақпақтарына кезек берейік:
Елдар:
Достық-шырағымыз
Достық-ұранымыз
Достық-туымыз
Достық әніміз
Хантөре:
Бейбітшілік ұраны
Жарқыраған алтын күн
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның
Аяла:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз әділдік
Ашық болсын кең аспан!
Шыңғыс:
Ағайын туған бар адам
Адалдық үшін жаралған
Бар қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық!
Ән: «Достық» әні хор
Тәрбиеші: 1 Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»-деген халық мақалы біздің елге айтылған. Осымен «Зерттеуші бүлдіршін» ересек тобының «Достығымыз жарасқан» тақырыбында өтілген мерекелік кешіміз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет