«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК

 

«Тәуелсіздік тілегім»

(Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті)

 

Тобы: «Талантты бөбек» ортаңғы топ

Тәрбиеші: Тұяқбаева Қ.О

Қызылорда 2024

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тілегім»

Білім беру саласы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Ұйымдастырылған ойын іс-әркеті: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесімен таныстыру, патриоттық сезімдері артады. Отан туралы, рәміздер туралы білімдері қалыптасады. Үлестірмелік материалдары арқылы ой-орістері дағдыланады. Бірлесіп топтық жұмыс жасай білу іскерліктері дамиды.

Міндеттері: Ересектермен диалог құрады, берілген сұрақтарды тыңдайды және толық жауап береді;

Сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие; Туған өлкесіне, Отанға деген сүйіспеншілікке, ересектерге құрмет көрсете білуге, кішілерге жанашыр болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап

Интеграция: Әлеуметтік-эмционалды дағдыларды қалыптастыру, Балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту,

Барысы:

Сәлемдесу.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз бәріміз.

Арайлап атқан күнге.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеймін.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінің қай айы?

- Желтоқсан айы.

Дұрыс айтасыңдар.

Балалар 16 шы желтоқсан Тәуелсіздік алған күні мерекесі. Олай болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындаймыз.

Сұрақтар қойылып, балалар жауап беріп суреттерді орналастырады.

Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан.

- Рәміздерімізге не жатады?

- Ту, елтаңба, гимн.

- Біздің ұлтымыз қандай? Біздің отанымызда кімдер тұрады.

- Біз қазақпыз, біздің отанымызда орыс, кәріс, өзбектер өзге ұлттар тұрады. Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

«Жартысын тап» ойыны

Мақсаты: Балалардың есте сақтау,көру қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа және ұқыптыллыққа үйрету. Шарты: Суреттерде бейнеленген заттардың жартысын ажырату.

Балалар, ойын ұнады ма? Қандай заттардың жартысын таптыңдар? Торсық, киіз үй, шаңырақ, домбыра, қоржын, тақия, кесе дұрыс таптыңдар.

Ал енді, шығармашылық алаңға барып көк туымыздың ортасында не бейнеленген сол суретті түсін тауып бояймыз.

Жарайсыңдар ,балалар қызықты ойын ойнағыларың келеді ме?

«Өрнекті кубик»

Мақсаты: Ою-өрнекті атап, қос аяқпен секіріп, берілген ойынды дұрыс табуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қорытынды: «Менің отаным » Мақсаты: Сурет бөліктерін дұрыс орналастырып құрастырады, қызығушылықтары артады, ойлау қабілеті дамиды.

Ойын барысында, бүгінгі ойын іс-әрекетін қорытындылайды.

Мақтау, мадақтау Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Бүгінгі ойын іс-әрекетінде барлығың жақсы қатыстыңдар. Қазақстанымыздың туын желбіретіп, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз!