Тақырыбы: «Жарқырайды шыршамыз!»

Мақсаты: Балаларды мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, жаңа жыл туралы түсінік беру. Әр мерекеге деген қызығушылығын арттыру. Балалардың киімдеріне назар аударту.Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту. Өз өнерлерін ортаға салу арқылы шығармашылықтарын дамыту. Балаларды сахнаға өнер көрсетуге бейімдеу.

Барысы: Әуен ойналады.Сахна сыртында.

Уақыт сақшысы: Қайырлы күн. Құрметті ханымдар мен мырзалар, үлкен және кішкентай адамдар. Жаңа жыл ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ыңғайланып отырып алыңыздар. Мен уақыт сақшысымын. Мен барлығының уақытын тиімді пайдаланғанын күтемін. Туған күн, жаңа жыл барлығы уақытылы. Ал менімен бірге сыйқырлы уақыт әлеміне саяхат жасауға дайынсыздар ма? Мен достарыммен бірге сыйқырлы жаңа жыл кешіне дайындалып жүргенде (сахна ашылада)

Балалар: Алақай жаңа жыл келді.

Аққала: Ооо қандай керемет, Алақай көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жеткен сияқты. Аяз ата мен Ақшақарда келіп тәтті сыйлықтарын таратып береді.

Уақыт сақшысы: Аққала шыдамдылық, шыдамдылық бәрі өз уақытымен болады. Аяз ата, Ақшақар жаңа жылда келеді, бәрі өз уақытымен шыдамдылық қажет. 

Аққала: Тууу сен уақыт сақшысы емессіңбе ана тұрған сағаттың тілін он екіге бұрап қойсаң Аяз атада, Ақшақарда келіп сыйлықтарын тез таратып беретін еді ғой. Менің қарным ашты. Ехх сенде.

Уақыт сақшысы: жоо-жо-жоқ мен апара алмаймын. Недеген шыдамсызсың, қазір келеді. Өзінің уақыты болады. Аяз ата өзінің уақытында береді . Аққала: Ой сенің қолыңнан ештеңе келмейді, сені уақыт сақшысы деп өтірік қойған.

Балалар: Айдай: Аққала қарашы, мында жұмыртқа бар екен, мүмкін Аяз ата сыйлығы осында шығар жарып алып жейміз бе? Аяз ата тез , тез келсе екен. 

Уақыт сақшысы: Жоқ балалар, аққала оған тиіспеңдер , сәл шыдаңдар. Аяз ата сыйлығын өзімен бірге алып жүреді. Келіңдер, одан да сән құрып, қол ұстасып ән салайық.

Хор: «Шыршаға бардық»

Аққала: Қандай керемет ән орындап бердік, Аяз ата келе жатырма?

Уақыт сақшысы: Жоқ достар, сәл шыдаңдар.

Аққала: Оооо мен бір дыбыс естіп тұрмын Аяз ата келе жатқан сияқты.

Ұлу: Сәлем достар сендердің әндеріңді естіп келдім. Не болып жатыр. Қандай жаңа жыл. Мен жаңа жыл келгенін қаламаймын.

Аққала: Сәлем, біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.Бірақ аяз ата келмей жатыр, қарнымыз ашып тәттілер жегіміз келіп жатыр. Мына уақыт сақшысы сағат тілін жылжытпай жатырОдан қалды мына жұмыртқа ішінде сыйлықтар бар, соны да бізге бермей тұр. 

Уақыт сақшысы: Сәлем ұлу бәрі өз уақытымен болады, асығуға болмайды. Сенде айтып түсіндірші.

Балалар: Жо-жоқ сыйлық алғымыз келеді. Біз аяз атаға хат жолдағанбыз. Видео

Уақыт сақшысы: Иә,иә сендердің хаттарыңды алып сыйлықтарыңды дайындап жатқан болар.

Ұлу: Мына сағаттың тілін тез жылжытып жаңа жыл келгенін қалап тұрсыңдар ма? (Сағатты құлатып алады) Ой-ой ренжімеші байқамай қалдым. Енді қалай болады?

Аққала: Туу Ұлу өзіміз зорға шыдап отырғанда , ой сен не істедің? Енді уақытты қалай білеміз?

Ұлу: Достар ренжімеңдер жаңа жылдық әндерімізді шырқап берейік.

Ән: «Кішкентай шырша» (Азиз, Лилия,Айлин.) 

Уақыт сақшысы: Керемет, достарымыз әнші екен. Осылай көңілді ән жырымызды жалғастыра берейік, уақытта жақындап қалар. 

Ұлу: дұрыс айтасың, уақыт жетеді, аққала достарымыз би билеп береміз диді.

Би: «Аққала» (Ұлдар)

{gallery}orazbek/6}{/gallery}

Аққала: Рахмет достарым, көңілім көтеріліп қалды. Сағаттың тілі жүріп жатыр ма? Ойй Ұлу сенің кесіріңнен уақытты білмей қалдық. Аяз ата қашан келеді? 

Ұлу: Аққала менің не кінәм бар, сәл шыда, балалар сен жайлы ән айтамыз диді.

Хор: «Аққала»

Аққала: ой тамаша достар рахмет. ( Сағаттың қасына барып мұңайып тұрады)

Ұлу: Ой Аққала сенде неге мұңайа бересің, қанша саған арнап ән салып, би билеп жатыр байқамай тұрсыңба? Біз өнер көрсеткен сайын, жұмыртқада қозғалып, сағаттың тілі де қозғалып жатқан секілді.

Аққала: Шынымен сондай болып жатырма, достар мерекелік әндерімізді айта берейікші, Аяз атамыз жылдам келіп қалар.

Ән: «Аққоян» Аянат,Көркем.

Уақыт сақшысы: Тамаша өнерлерімізді көрсетіп, уақытта жақындап келе жатыр. 

Аққала: мына сағатқа қарап, көзім ауырды, өзінің тілі шынымен істеп тұрма? Жұмыртқада үлкейіп жатыр ма?

Аққала : Достар Аяз атаны дауыстап шақырсақ естиме екен.Қалай ойлайсыңдар? Дауыстап шақырып мына жұмыртқа ішінен сыйлық алып, тәттілерді жегім келіп тұр.

Ұлу: Қанекей, шақырып көрейік Аяз атамыз ести ме екен?

Балалар: Аяз ата,Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар.

Аққала: Алақай, Аяз ата, Ақшақар көріп тұрмын , көріп тұрмын келе жатыр. 

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бізді көп күтіп қалдыңдар ма? Өз уақытымен келіп қуантайық деп , асықпай келе жатыр едік.

Қандай жарқын жүздерің 

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Аталарың сендерге

Алып келді алыстан

Түрлі тәтті, сыйлықты.

Осы сендер ма, маған хат жолдаған. Сендердің хаттарыңды алдым, сыйлықтарыңды алып келдім.

Балалар: иә Аяз ата біз жолдадық.

Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар, ата-аналар. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Өздеріңді сағынып келдік.

Уақыт сақшысы: Сәлеметсызбе! Аяз ата ,Ақшақар. Менің достарым тағатсыздана күтіп жүр. Сіздерді өз уақытында келеді деп мерекені ән биімізбен тойлап жатырмыз.

Аққала: Аяз ата сәлеметсізбе! Көрдіңізбе сіздерді қатты сағындық, бізге сыйлық бересізбе? Мына жұмыртқаныда бақылап ішінде не бар екен деп , білгіміз келіп тұр.

Ұлу: Аққала тұра тұр асықпа. Аяз ата біздің сіздерге арналған жыр шумақ, әндеріміз бар.

Аяз ата: Жақсы тыңдап көрейік, алыс жолдан шаршапта қалдым. Мен демалып алайын. Ақшақар қызым уақыт қанша болды?

Ақшақар: Ата мына сағаттың тілі жүрмей қалыпты, уақыттың қанша болғанын білмей тұрғаным.

Аяз ата: Ойбуй, енді қайттік.

Уақыт сақшысы: Аяз ата ,Ақшақар мына достарымыздың барлығы әр өнер көрсеткен сайын сағат тілі де, жұмыртқада қозғалып жылжып келе жатыр. Сіздерге арнаған жыр шумақтары бар. Айдай, Айлин, Санжар, Әли Асқар, Азиз, Әлихан, Әділет, Лилия, Еркеназ, Көркем 

Аяз ата : Қандай керемет, жарайсыңдар балаларым. Бәрің өнерлі екенсіңдер. Менің бір қызықты ойыным бар еді. Ақшақар қызым ойынның шартын айтып берші.

Ойын: «Кім жылдам? »

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, секіріп шеңбер ішіндегі қарды шеңбер сыртына , сыртындағы қарды ішіне қойып шығады және жерде жатқан қарды шелекке лақтырады.

Ұлу: Ой қандай керемет ойын болды. Біздің балалардың Ақшақарға арнаған әндері бар қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақшақар» Айдай,Санжар

Ақшақар: Қандай керемет, рахмет балалар. Ата мына сағат тілі қозғалған сияқты.

Аяз ата: Иә, байқап отырмын.

Аққала: Аяз ата шыныменде сағат тілі жылжып жатырма? Менің достарым Ақшақарға арнап би билеп , ән айтып береді. 

Би: «Ақшақар»

{gallery}orazbek/11}/gallery}

Аяз ата: Бәрекелді, барлығыңда өнерлі екенсіңдер. Ақшақар қызым уақыт қанша болды?

Ақшақар: Ата сағаттың тілі жақындап қалыпты, мына жұмыртқада үлкен болып қозғалып тұрған сияқты.

Аққала: Алақай сыйлық аламыз, тәттіге тоятын болдық қой.

Ұлу: Аяз ата,Ақшақар сіздер білмейсіздер ме? Бұл жұмыртқада не бар екен?

Аққала: Біздің шыршамыз неге көңілсіз тұр деп қалдым. Аяз ата сыйқырлы сөзіңізбен шыршамызды жандырып жіберіңізші. 

Аяз ата: Бәрекелді, барлығыңда өнерлі екенсіңдер. Дұрыс айтасың, қанекей Қуант бізді таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! (Шырша жанады) Ойбай ау мына уақытта болып қалыпты ғой.

(Сағат 12 ні ұрады, жұмытқа жарылып жылан шығады. )

Аққала: Бұл не тағы,сыйлықтар жоқпа? (барлығы аң таң болып қарап қалады).

Уақыт сақшысы: Мінекей, әр нәрсе өз уақытымен. Келіп жеткен жаңа жыл Жылан жылы. Қош келдің жаңа жыл!

{gallery}orazbek/12{/gallery}

Жылан: Құрметтеріңізге рахмет, шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Аяз ата мен Ақшақар : Бәрекелді жаңа жылым, төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.Ал балаларым жаңа жылда келді, Жаңа жыл құтты болсын! барлығың өнерлі екенсіңдер қуаныштымын менің сендерге бүгінгі көрсеткен өнерлерің үшін алып келген сыйлықтарым бар, Ақшақар қызым әлгі хат жазған балалар осы балалар ма еді?

Ақшақар : Қазір ата суреттерін көріп жіберейікші. Иә иә осы балалар. (Тақтадан балалар суреті көрсетіледі). 

Ұлу: Уақыттың тез болғанын қарашы, меніңде қоштасатын сәтім келді. Аққала достар, жаңа жыл құтты болсын! 

Аяз ата,Ақшақар: Ал балаларым мен сендермен қоштасамын, Жаңа жыл Жылан сендермен бір жыл бойы болады.Жаңа жылдарың құтты болсын! Қош сау болыңдар!

Уақыт сақшысы: Ал балалар, Аққала жаңа жыл құтты болсын, барлығы өз уақытында болған қандай керемет. Уақытты бағалай білейік. Міне,қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мерекеміз де соңына жетті. Сіздерге ұнады ма? Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті Ата-аналар Жаңа 2025 Жылан жылы құтты болсын! Әрбір отбасында береке, бірлік, қуаныш болсын!