Жарқырайды шыршамыз.

Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып,жаңа жыл туралы түсінік беру. Әрі мерекеге деген қызығушылығын арттыру. Балалардың киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату,достық қарым қатынас ояту.

Автор: Ерте,ерте,ертеде жүрегі мұзға айналған Эльза ханшайым Жаңа жыл мерекесін тойлатпау үшін барлық жерді мұзға айналдырыпты. Бірақ Негеш қаласына әліде жетпепті.Негеш қаласының тұрғындары Жаңа жыл мерекесін тойлау үшін дайындықты бастап кеткен болатын.

Музыка ойнап тұрады. Сиқыршы залға кіреді.

Сиқыршы: Бүгін Жаңа жыл ғой менің сүйкімді балаларым қайда екен?

Неге бәрі көңілсіз... айнала недеген тыныштық

Залға музыкамен Эльза кіреді.

(Тыңдаушыларға қарап, жаман күлкімен)

Эльза: "Жаңа жыл? Оны мен мұзға айналдырамын!

Сиқыршы: "Эльза, не істеп жатырсың? Тоқта

Эльза: Мен жаңа жылды болдырмаймын.

Сиқыршы: Эльза меніңде сиқыршы екенімді ұмытпа,қазір сиқырым арқылы кішкентай балаларымды қайтарып аламын. Мына қорапта не бар екен көрейінші,қане сиқырлы таяқшам "Абракадабра Сиқырлы қорабым ашыл" Қорап ашылып ішінен Ақ ұлпалар шығады.

Би; "Ақ ұлпалар"

Осы кезде Олоф телефон соғады

Олаф: Сиқыршы мен бәрін білемін, жолдамын достарымызды алып бара жатырмын.

Сиқыршы: Жақсы Олоф. Эльза Жаңа жыл – қуаныш пен мейірімділік уақыты!

Залға Олоф балаларды алып кіреді.

Балалар орындарына орналасады.

Сиқыршы:Қош келдіңдер балалар. Қандай әдемі болып түрсыңдар.

Эльза карашы балалар қандай әдемі,әсем шыршамыз бар.

Эльза: ашуланып Сиқыршының таяғын мұзға айналдырып тастайды. Менің ашуыма тидіңдер,.ал сиқырлы таяғын мұзға айналды,енді не істейсін?

Сиқыршы: Менің сиқырлы таяқшам. Балалар маған көмектерін қажет Эльзаның жүрегін мейірімділікке толтырайықшы. Ән айтып,би билейік.

Хор: Шырша,шырша,шыршамыз.

Олаф: Эльза жан-жағына қарашы.менің достарым Аққалаларды тамашала.

Би: "Аққала "

Олаф: Достарымызды көрдіңбе қандай өнерлі

Эльза: " Балалар суйкімді екен,қылықтарыда тәтті. Кішкентай кезім есіме түскен секілді. Бірақ ...менің жүрегімді жылыту мүмкін емес. Мен ешкімді тыңдамаймын! жүрегімді жібіте алмайсындар.

Сиқыршы: Бұл әрекетін дұрыс емес Эльза.

Балалар біздің күшіміз жетпей жатыр,көмекке Жаңа жыл тойлау үшін

Аяз ата мен Ақшакарды шақырайық. Бәріміз бірге Аяз ата,Аяз ата Ақшақар

Балалар қатты айтпасақ Аяз атамыздың құлағы естімеуі мумкін

Балалар: Аяз ата,Ақшақар

Ортаға Аяз атамен Ақшақар Үлу кіреді. Балалар қуанып шапалақтап күтіп алады

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар-

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.-

Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,Өзім сондай сұлумын.

Жаңа жылдарың құтты болсын балалар! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.

Менің ұлу жылымда берекелі болды ғой балалар я. Сендер бір жасқа өстіңдер, балабақшаға келдіңдер.менде өнерлерінді тамашаласам болама

Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!- айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бірақ,... шыршамыз көңілсізғой.

Сиқыршы: Аяз ата Эльза келіп айналамызды мұзға айналдырды.

Аяз ата: Эльза бізге кедергі емес. қане балалар менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Көрдіңбе Эльза сенің зүлым күштерін жетпеді. Балаларға қуаныш сыйлау біздің басты мақсатымыз.

Эльза: (Кешірім сұрай отырып)

"Мен қателестім... мен тек қуанышты мұздан ғана іздеп жүрсем де."Сіздерден кешірім сұраймын. Енді кетейін сіздерге кедергі болмайын.

Олаф: "Эльза, сен бізге керексің. Бізбен бірге жаңа жылды қарсы ал.

Эльза: Қалсам болама,балалар

Сиқыршы: Әрине,Эльза болады. Бәріміз бірге ән айтайық,би билейік.

Хор: "Жаңа жылды қарсы алайық"

Аяз ата: Жарайсындар балалар

Сиқыршы: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын,әндерін ,билерін дайындап келді, Сіз демалып алыңыз 

Аяз ата: Жаксы болар еді

ортада "Шырша" биі

Жарайсындар, қыздар. Шыршамыз көңілденген сияқты.

Тақпақтар

1.С.Айша

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық

2.Б.Медина

Дала нұр,қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл

3.К.Медина

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

4.Айдай

Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдық

Бір жасқа енді

5.Аяна

Ақ қырауға малынган

Сақалыда мұртыда

6.Айлин

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып

7.Б.Айша

Аяз ата жол салып

Ақ боранмен алыскан

Балаларға базарлық

Алып келді алыстан

8.Айкөркем

Аяз ата тыңданыз

Тақпақ айтып берейін

Ортамызда шыршамыз

Ойнап бірге кулейік

 

Олаф: Жаңа жылымыз көңілді өтіп жатр я

Эльза: шынында Жаңа жыл мейірім мен қуанышка толы мереке екен

Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Балалар, ойын ойнаймызба

«Шыршамен» ойын.

(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.) Ойын екі-үш рет ойналады.

Сиқыршы:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Кел, Жаңа жыл! Жылан жыл! – деп ортаға жаңа «Жылан» жылын шақырамыз!

Жылан: Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпын ба? Кешігемін деп қорықтым.

Сиқыршы:Жоқ кешікпедін. Қош келдің ! Олай болса, барлығымыз жаңа жылымызға арнап, Жаңа жыл келді әнімен Айша қызымызды кезек берейік.

Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Ал, Жылан жылы, қош келдің! Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?

Сыйлықтарды ұмыттың,

Аяз ата: Ой, аталарын қартайып ұмытшақ болды әбден.

-Ақшакар сыйлықтарым әкел бірге балаларға таратайық.

Сыйлықтарды таратады.

- Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!

Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Сиқыршы: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Сіздерге үнадыма. Құрметті Ата-аналар, қонақтар Жаңа 2025 жыл Жылан жылы құтты болсын. Әрбір отбасыға бақыт пен береке тілеймін. Сөз кезегін балабақша міңгерушісі Қ.Қ.Қарақұловаға береміз.