Балалардың кіруі
Оркестрдің заттары қойылады (М.Раяна, Дияр, Айсель, Ислам, Асылжан, Алихан)
Сахна ашылады: Балалар жұптасып вальс билейді
Балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызының жылы лебізі
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeIdaa12aa4de4
Тәрбиеші: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Алихан: Бүгін наурыздың сегізі
Әрбір үйдің тірегі
Әр баланың панасы
Аналардың мерекесі
Қасымхан: Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сідерді балаларың
Бақдәулет: Дұрыс айтасың досым,
Анамызға арнап
Сый жасаймыз тосын.
Әкем екеуміз ойланып,
Бірлесе үй тазаладық
Анам көріп қуанады
Риза болып шаттанады.
Ерке: Жоқ, одан да үйді сәндейік,
Шарикті көп етіп үрлейік.
Анамызға арнап
Қызыл, сары гүлдермен әрлейік
Айзия: Жоқ, достар, әлі де ойланайық,
Жақсырақ ой ойлап табайық.
Аналарды мерекесімен
Ерекше етіп құттықтайық.
Ұлдана: Таптым, таптым, ойланатын несі бар,
ХХІ ғасырда мүмкіндіктер табылар.
Іздегенді тауып берер алдыңа
«Ғаламтор» деген таптырмайтын нәрсе бар.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeIdf1d22bdefe
Тәрбиеші: Бұл ғаламтор желісі. Онда ән де, би де, ойын да керегіңнің бәрі бар.
Ұлдана: Планшетті қосайық, бағдарламаны ашайық. Бұл мерекелік сайт екен.
Даулет: Сен оны қалай білдің?
Ұлдана: Оп – оңай, себебі, мұнда мерекелік ән шашу бар.
Хор: «Ана деп ән саламын»
Даулет: «Алпамыс» балабақшасы @mail.ru (сабачка майл точка ру) Мен ештеңе түсінбедім.
Ұлдана: Ол не дегенің, Даулет? Бұл деген біздің «Алпамыс» балабақшасындағы «Зерттеуші бүлдіршін» тобының сайты ғой.
Тәрбиеші: «Зертеуші бүлдіршін» тобының балалары әнін ұсынады
Даулет: О, керемет. Тамашалайық.
Жеке ән: «Көп жаса анашым!» (Қасымхан мен Мәриям)
Даулет::(планшет қарайды) аналары қандай керемет билейді десеңші...
Тәрбиеші: Сен мұны қайдан көріп тұрсың?
Даулет: Міне, мына сайттан. «Зерттеуші бүлдіршін» тобының аналарының биі ютуб каналына жүктепті.
Тәрбиеші: Қызық екен, қарап көрейікші.
Би: «Ана мен бала» (Ислам, Бақдаулет, Шыңғыс, Айсұлтан, Даулет аналар)
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeIda20f09d125
Даулет: www.tiktok. (дабл ю дабл ю дабл ю точка тик ток) бұл не екен?
Тәрбиеші: Бұл мерекелік сайт қой. Қане, мұнда қандай қызықтар бар екенін қарап көрейік.
Ұлдана: «Тока-тока» биі бір миллион просмотр жинағаааан (таң қалады).Бұл биді кімдер билеген екен?
Тәрбиеші: Уааай, өзіміздің тобымыздың балалары ғой. Бір миллион просмотр жинағанына қарағанда тамаша билеген болды ғой. Қане, бірге тамашалайық.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeId33b371153e
Би: «Тока-тока» (Ұлдана Ерали,Томи Дияр, Алихан, Мариям Әділет, М.Раяна Асылжан,Қасымхан, Зиннұр)
Тәрбиеші: Расында да тамаша билепті. Ұлдана интернет желісіне не болды?
Ұлдана: Сеть ұстамай қалған – ау? Қазір ашылады, загрузка жүріп жатыр.
Тәрбиеші: Олай болса, шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
Анамызды құттықтап
Әндетеміз бәріміз
Загрузка жүріп бітем дегенше достармен бірге ән шырқайық.
Ұлдана: Жарайды, олай болса музыка.
Жеке ән: «Апатайым анашым» (Ерке, Айзия)
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeId90e366cd02
Тәрбиеші:Ұлдана загрузка жүріп бітті ме?
Ұлдана: Иә, қазір ашылуы керек. Міне, ашылды.
Тәрбиеші: www.zertteushy.com (дабл ю дабл ю дабл ю нүкте зерттеуші ком) Ал бұл қандай сайт?
Ұлдана: Бұл арнайы тақпақтар сайты. Мұнда балалар аналарына арнап мерекелік тақпақтар айтыпты. Тыңдап көреміз бе?
Даулет: Әрине, тыңдап көрейік.
Е. РАЯНА: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін.
АСЫЛЖАН: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
М. РАЯНА: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
ИСЛАМ: Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
АЙСҰЛТАН: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім-дейтін
ДИЯР: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
ЖАНИЯ:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
АЙАРУ: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы таппағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы
ЗИННҰР:Сеннен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
ЕРАЛИ: Анам менің әдемі,
Анам менің тірегім,
Анам менің жүрегім,
Анамды мен сүйемін
ТОМИРИС:Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам
АЗИЗА: Ана пана
Ана дана
Өмірді әкелетін
Ана ғана
АЙСЕЛЬ: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
ДАУЛЕТ: Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам
Тәрбиеші: Балалар,аналарымыздың мерекесіне тапсырыспен гүл шоқтарын алдырсақ қалай қарайсыңдар?
Даулет:Біздің интернет желісі ұстамай қалды. Енді кімнен көмек сұраймыз.
Ұлдана: Таптым, тезірек вай фай шақырайық. Бізге сол ғана көмектесе алады.
(Ғажайып сәт Вай фай келеді)
Вай фай: Балалар, сендер мені шақырдыңдар ма?
Хормен: Иә
Ұлдана: Вай фай ханым бізге сіздің көмегіңіз қажет. Аналардың мерекесіне гүл шоқтарын тапсырыспен алдырайық деп едік интернет желісі ұстамай қалды.
Вай фай: Жарайды мен сендерді естідім.Тартпай қалды? Қазір қосып берейін (Планшетті алып басып-басып интернет қосу қажет)
Мен сендерге көмектестім. Бірақ мына жерде ғаламторсызда қандай керемеееет концерт болып жатыр ғой. Қанеки мағанда бір өнерлеріңді көрсетіңдер.
Жеке ән: «Әжетайым» Ұлдананың орындауында
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeId28f8d7caea
Даулет:Жігіттер бүгін тек аналардың ғана емес қыздардың да мерекесі екенін ұмытқан – ау шамасы?
Ұлдана: Соны айтамын, бізді тіпті құттықтағылары да келмейді.
Даулет: Қыздар – ау, неменеге ренжи бересіңдер? Осы қыздарды түсіну қиын.
Ұлдана: Хм, түсінбейтін несі бар, өздерің түсінгілерің келмейді. Қыздар, жігіттерге түсінуге көмектеспедік па?
Би: «Гүлдер»(Ерке, Азиза, Жания, Айзия, Е Раяна, Айсель, Айару)
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeIdeb9f3e08bf
Вай фай: Тамаша, менің сендерге көмегім тигеніне қуаныштымын. Рахмет сендерге,
балалар, меніңде көңілімді көтердіңдер. Әжелеріңнің, аналарыңның, тәтелеріңнің мерекелері құтты болсын.ғаламторды үнемдеп пайдаланыңдар балалар.Оның пайдалы да, зиянды да жақтары бар.Ғаламторды, ұялы телефонды тек шұғыл қажет болғанда, жақындарыңды құттықтауға, тосын сый жасауға, қажетті ақпараттар алатын кезде ғана пайдаланыңдар жарай ма?
Хормен: Иә
Вай фай: Сау болыңдар!!!
Курьер: Сәлеметсіздер ме, достар! «Құшақ» гүлдер дүкеніне тапсырыс жасаған екенсіздер.Гүл шоқтарыңызды қабыл алыңыздар
Тәрбиеші:Осымен «Зерттеуші бүлдіршін» тобының ұйымдастырған «Мерекеңмен анашым!» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз
Ана-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Ұлдана: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Даулет:Шуақты күндерде жүздескенше аман – сау болыңыздар!
Хор: «Қартаймашы анашым»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/377-mereke-men-anashym-2.html#sigFreeIdc9e3ff1ae3