Мақсаты: Көктем мезгілінің Наурыз айының жыл басы саналатындығын,  Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін түсінеді.  Балаларға наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін көрсету. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Салт-дәстүр түрлері шашу шашу, ат қою, наурыз көженің жасалу жолымен  танысады.

Көрнекілік: зал  іші мерекеге байланысты жабдықталған. Киіз үй , ою-өрнекті көрпешелер, гүлдер,  асық, қамшы, ойын құралдары.

Көрініс:

(Бір топ балалар асық ойнап отырады)

Алдар көсе келеді:  Амансыңдар ма? Балалар бұл қай ауыл?

Балалар: «Алпамыс батыр » ауылы

Алдар: Ой  рахмет. Осы ауылда той болып жатыр деп естіп келе жатырмын. Кімнің үйінде болып жатыр? Көрсетіп жібересіңдер ме?

Балалар: Сіз кім боласыз?

Мен Алдар ағаларыңмын.

Балалар: Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе: 

- Ой буй ой ұлыстың ұлы күні  Наурызды тойлап  жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?

Балалар: Алдар аға мерекеңіз  құтты болсын! Жүріңіз, той тойлайық. (Балалар жүгіре жөнеледі)

Балалар: Ата, әже қонақ келе жатыр.

Алдар: Ассалаумағалейкум, амансыздар ма? Той болып жатыр деп естіп келдім.

Қыдыр Ата: Уағалейкумассалам, төрлет Алдар.

Әже: Амансыңба, Алдар балам,кел төрлет. Жақсы келдің, біздің ауыл Наурыз тойын тойлағалы жатырмыз. Қыдыр атаңда тойымызды естіп келіп отыр. Тойымызды салт дәстүріміздің бірі төс қағыстырып көрісуден  бастайық.

Хор: «Әз -Наурыз»Талантты бөбек тобы

Алдар: Бәрекелді, қандай керемет ән. Наурыз тойы жайлы тағы не білесіңдер?

Балалар: Біздің жыр шумақтарымыз бар.

 Әділет:    Армысыңдар халайық!

                     Бармысыңдар халайық!

                    Наурыз тойын жұп жазбай,

                    Жылда қарсы алайық!

                    Мереке Наурыз жыл басы.

                    Құтты болсын халайық!

 

Інжу:       Уа, жараңдар, жараңдар.

                Бәрің мұнда қараңдар.

                Наурыз тойы басталды.

               Жырға толды алаңдар.

               Той дабылын қағайық.

               Той шашуын шашайық.

               Наурыз тойын ашайық.

 

Айлин:    Наурыз тойы-елдің тойы,

                 Көктем тойы-төлдің тойы

                 Ән айтатын күні бойы

                 Жақсы көрем Наурыз тойды.

Мариям:    Көктем келді, балақай

                   Жасарды жер алақай.

                   Наурыз тойын тойлайық,

                   Әсем әнге салайық

Гүлдана:       Наурыз тойым, наурыз тойым,

                      Құтты болсын халайық

                     Қане достар, қане достар

                     Шырқап әнге салайық.

Алинұр:     Наурыз тойы тамаша

                   Наурыз тойы жаңаша

                   Табиғатта тамаша

                   Тамылжып тұр жараса.

Медина:    Наурыз айы келгенде

                   Күн шуағы шашылып.

                   Жылғалардан су ағып

                   Ақ әжелер құлпырып

                   Наурыз көже пісіріп

                   Қонақтарға тартамыз.

Шыңғыс:  Наурыз келді еліме

                   Наурыз келді жеріме

                   Байлық, бақыт тілеймін,

                   Бүкіл қазақ еліме.

Алдар: Ой тамаша, балалардың өнерлері керемет екен. Ал енді менің сендерге әкелген ұлттық ойыным бар

Ұлттық ойын:  «Арқан тартыс»

Әже: Иә, Алдар Наурыз тойда ұлттық ойынын жақсы болды ғой менің немерелерімнің өнері тағы да бар.

Жеке ән: «Наурыз достық» Еркеназ, Айдай.

Алдар: Ой жарайсыңдар әндерін өте жақсы екен мына жақта қыздар би билейін деп жатқан сияқты ғой кәне биді тамашалайық

Әже: Ия Алдар балаларым би билеп беруге дайын.

Би: «Көркем қыздар»

Алдар: Әже  «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деген аталы сөз бар, олай болса, Қыдыр атадан бата алайық

Қыдыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күні мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!                                           Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кеседе.
Ұлыстың ұлы күнінде, Ниеттерің ақ болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей. Әумин!

Алдар: бәрекелді , Әумин!

Әже: Әумин , айтқаныңыз келсін. Көктемде жауын көп жауады, жер ана нәр алып көктеп, көгереді. Менің кішкентай немерелерім «Көктемде» әнін орындап береді

Ән: «Көктемде»

Алдар: Немерелеріңіз керемет ән айтады  екен балалардың барлығы шетінен өнерлі екен мына жақтағы балаларымыздың өнері көп екен келіншек күйі арқылы оркестор тамашалайық.

Оркестор: «Келіншек күйі»

Әже:. Ал енді Наурыз тойға менің биші ұлдарым би билеп бергісі келіп отыр .     

 Би: «Шабандоз»

Алдар: Биші қыздарыңыз биді жақсы билейді екен, тойларыңыз тойға ұлассын,  тағы көрші бір ауылда той болып жатыр екен, сол ауылдың өнерлерін көріп қайтайын, Қыдыр ата не дейсіз, сізде жүріңіз.

Әже: Ау, Алдар балам ол тойға бізде барамыз,  немерелерім бір тамаша әндерін айтып берсін. 

Жеке ән: «Қасиетті мерекем Наурыз»      Санжар, Лилия

 Хор: «Наурыз -мереке»

Қыдыр ата:  Ал балаларым, керемет тойдың куәсі болдым. Қолдарыңды жайыңдар, бата берйін. Әумин! – бата берейін,

Жақсылықты терейін.

Жаңа жылда жараңдар

Үстем болсын мерейің!

Жақсылыққа бас болып,

Ауылымызда ас болып,

Келген Наурыз құт болсын!

Алдар: Ал, балалар наурыз тойларың керемет болды маған қатты ұнады. Сендерге көп рахмет.
Әже: Алдар балам сағанда көп рахмет, Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Наурыздан наурызға аман есен той тойлап жете берейік.

Ал,  балаларым енді көрші ауылдың тойын тамашалап қайтайық