Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз!»
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, ұлттық салт дәстүрімен таныстыру. Көктем мезгілінің Наурыз айының жыл басы саналатындығын, балаларға наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін көрсету. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Салт - дәстүр түрлері шашу шашу, наурыз көженің жасалу жолымен танысады.(Залдың іші мерекеге сай безендірілген.)
Көрініс:
Тышқан: Қоян, қоян тұр көктем келгенін білесің бе?
Қоян: Жоқ, мен білмеймін, аюдан сұрап көрші.
Тышқан: Аю - аю көктемнің келгенін сен білесің бе?
Аю: Көктем келді деймісің, мен естімедім, білмедім.
Гүл: Мен білемін, көктем келді. Құстардың дауысын естімедіңдер ме?
Тышқан: Қанекей, достар тыңдап көрейікші.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIdb79912f7d4
Азиз, Әділет(шауып келеді): Алақай, алақай Наурыз келді! Әже: Ой айналайын, Наурыз құтты болсын! Мінекей ала ғой (Құрт береді)
Азиз: Уа жараңдар, жараңдар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Жырға толды алаңдар.
Әділет: Уа халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Шыңғыс
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIdbe6dc48d34
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Наурыз мерекесін тойлағалы жатырмыз. Наурыз мерекесінде біз ұлттық киім киеміз, наурыз көже пісіреміз, ұлттық ойындар ойнаймыз. Наурыз - көктем мерекесі,Наурыз жыл басы. Наурыз - қуаныш, бақытпен шаттық мерекесі.
Хор: «Наурыз келді алақай!»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeId25fd3f44cc
Жүргізуші: Балалар наурыз жайлы жаттаған жыр шумақтарымызды айтып беріңдерші.
Інжу: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Құтты болсын мереке,
Құтты болсын - Наурыз.
Еркеназ: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIdbab33c9014
Лилия:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлап ел енді,
Наурыз тойы басталды.
Көркем:
Наурыз тойын әдемі.
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Айдай: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Жансая: Бидай, күріш. тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы.
Айкөркем
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Нұрислам
Наурыз тойы - тамаша
Наурыз тойы - жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Альфия
Наурыз - бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Жүргізуші:
Жайнатамыз бар гүлді
Сайратамыз бұлбұлды.
Төгілтеміз ән - жырды.
Мың бұралып билейді. - дей отырып биші қыздарымызды «Кесе» биімен ортаға шақырамыз.
Би: «Кесе»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIdcaa67c5da2
Оркестр: «Сәулем - ай»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIda8ee5e5c4d
Әже: Ой, айналайындар шеттерінен өнерлі, биші екен, менің тәтті көжемнің дәмін көресіңдер ме? Наурыз көжем жайлы сендерге айтып берейін.
Жүргізуші: Қандай керемет, Наурыз көже дәмді болады, оны тойып ішсе жыл бойы тоқ жүреді. Наурыз жыл басы деп аталады. Бұл күні адамдар бір-біріне «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деген тілектер айтып, бата береді.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма? Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кеседе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ниеттерің ақ болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей. Әумин!
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIda60e5c9c2d
«Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер» дегендей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің баталарын тыңдайық.
Әли - Асқар: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақтілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Аят: Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле - жала жерге енсін! Әумин
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeId3267e62aaf
Жүргізуші: Балалар. Сендер қандай Ұлттық ойындарды білесіңдер ме? Олай болса ойын ойнайық. «Ханталапай», «Арқан тартыс»
Санжар: Біздің ұлдар өнерлі,
Көрсетеді өнерді
Арқан тартып, күресіп
Ұлттық ойын ойнайды
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeIdb5991ca995
Хор: «Наурыз»
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeId5ac289c22a
Жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Наурыз құт әкелсін елімізге,
Береке ырыс кірсін жерімізге.
Ұлыс оң болсын , Ақ мол болсын Наурыз құтты болсын! деп ертеңгілігіміз аяқталды.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/380-zhyl-basy-nauryz.html#sigFreeId9662b6e3e9