«КМҚК «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
(аналар мектебі)
«Ана өмір шуағы!»
Тобы: «Жас ізденімпаз»
Тәрбиешілері: Бегалиева К.У
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/382-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-analar-mektebi-ana-mir-shua-y.html#sigFreeId816eaf1145
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/382-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy-analar-mektebi-ana-mir-shua-y.html#sigFreeId229a3fb037
Қызылорда 2025
8-Наурыз «Сен бақытты анасың!»
Зал іші мерекеге сай безендірілген,
Пролог:«Анасының баласына деген жылы жүрегі»
1.Мариям оқушы болып шығады партада кітап қарап отырады
Лэд экраннан Мариямның анасының сөзі, әні шырқалады, Мариям анасының дауысын есітіп, суретін алып жүрегіне басып, жан-жағына қарап кітабын қарап отырады
- Айару балабақшада асхана ойынын ойнап отырады, кенет анасының сөзін естиді,әнін тыңдайды, Айару жан жағына қарап ойыншықты қойып, анасының суретін жүрегіне басып отырады
3.Айша доппен ойнап шығады, Айшаның анасының сөзін есітіп, әнін тыңдайды, Айша добын қойып анасының суретін алып жүрегіне басып отырады.
Жан- жақтан періштелер билеп жүреді (Гүлфайруз, Еркежан, Ханшайым, Гүлсая)
Қыздардың аналары балаларының жанына келіп бірге қайырмасын айтады.
Мариям анасы: қызғалдағым нәзігім, қызым менің
Мариям: Анам менің аялаған ақ гүлім
Айару мамасы: Бал шырыным бал дәмім, гүлім менің
Айару: Анам менің ақ жүрегім киелім
Айша мамасы:Тал шыбығым майысқан, күнім менің
Айша: Анам менің өмірдегі тірегім
Сол кезде билеп жүрген қыздар залдан шығып кетеді
Аналар әндерін айтып болған соң қыздарын құшақтап залдан шығады
(Заттарды алып тастау)
Тик-ток: Еркежан, Мариям, Ханшайым шығады
Ханшайым: Қыздар бүгін менің көңіл күйім өте тамаша,
Еркежан: Меніңде көңіл күйім керемет болып тұр
Мариям: Олай болса кофеге бармаймыз ба?
Қыздар: ой жоқ үйден тойып шықтық,
Мариям:Енді не істейміз?
Ханшайым: Оданда тик-токка түсейікші,
Еркежан:Ой Ханшайым сен осы тик-токтан жалықпайды екенсің, сен инетернеттің гүлісің ғой, түссек түсейік
Ханшайым: Кеттік онда жұрттың бәрі біздің тик-токты көріп тамашалап лайк басып, пікір жазар, сосын біз өте танымал блогер боламыз(Мариям барып музыканы қосады)
Мариям:Қыздар мына музыка жарай ма,
Қыздар:Жо-жоқ басқа музыка қой(Музыка қосылады бәрі билейді)
(ӘжелерБаршагүл,Айша)
Баршагүл: Ойбу мына қыздар музыканы бақыртып не істеп жатыр(Осы жерде музыканы өшіреді)
Мариям: Әже не істедіңіз, бәрін құрттыңыз ғой, тик-токка түсіп жатқанда неге өшіресіз, туу әже не болды енді, бәрін қайта бастайтын болдық ау, туу әже-ай
Еркежан: Әже көрмеймісің біз тик-токқа түсіп жатырмыз
Айша: Тик-ток дейме , мик-ток дейме, ол тағы не пале, қазіргі жастардың шығармайтындары жоқ, осыны да би дейме, би деп біздің кездегі биді айт, қәне құрбым біздің кезіміздегі музыканы қосшы
(Музыка қосылады әжелер билейді) Баршагүл шпагатқа отырады, Айша колесо жасайды.
Қыздар:(Әжелердің биін көріп таң қалады, күледі)
Бірге:Мә әже біздің биден сіздердің билеріңіз тик-токты жаратын болды ғой қаншама лайк басып, пікірлерінде жазатын болды
Баршагүл: Ойбай белім ай, белім, билеп, шпагатқа отырғаным не сән белден айырылдым, кәне көмектесіңдер
Қыздар: Әже не болды? Сіз керемет биші екенсіз, шпагатқа күшті отырасыз ғой, сіздер жардыңыздар,
Айша:Кәне қыздар әжеге көмектесіп орнынан тұрғызайық, (бәрі тұрғызады)
Аяла: Қыздар не істеп жатсыңдар, бүгін біздің мереке, дайындалып боянуымыз керек, уақыт болса жақындап қалды, біз әлі дайын емеспіз
(Әмина сырттан лайк болып кіріп, шығып кетеді) ұлдарды дайындау керек
Мариям: Қыздар қараңдаршы әжелердің биіне лайк басыпты, әжелердің биіде зың болыпты, бізге қарағанда, әжелеріміз лайкты көп жинапты, олар кімдер болды екен?
(Музыка ойналады ұлдар кіріп келіп)
Ұлдар: Біз басқан лайктыдеп (ұшбұрышты болып жігіттер тұрады)
Хантөре:Сәлеметсіздер ме көрермендер
Бірге: Хәй
Мейірхан: Біз «Жас ізденімпаз» тобының тепсе темір үзетін жігіттерміз
(Күштерін көрсетеді)
Елдар:Қалайсыңдар қыздар - деп айтсақ қалай қарайсыңдар- айналады
(Музыка қосылады залдағы қыздар жүреді, сырттан қыздар қосылады)
Қыздардың кіруі қалған қыздар
Қыздар жігіттердің алдарынан өтеді (Әжелер соңынан ормалдарын лақтырып қыздардың соңынан өтеді)
Елжан: Қазір әжелер жас жігітті көрсе орамалдарын лақтыратын болып кеткен бе ( бәрі бастарын төмен қаратып көздерін жұмады)
Елжан: Қыздар неге бәрің бір жерге жиналып қалдыңдар?
Нұрислам:Елжан әдемі бастадың жүргізе бер,жүргізе бер
Рахош: Бүгінгі тема не жайында? (деп бұрылып қарайды)
Елжан: Аналарымыздың мерекесі ғой,
Хантөре:Ендеше не тұрыс?
Рахош:Құрметті аналар! Мерекелеріңіз
Бірге: Құтты болсын!
Ән: «Мамау» Гүлфайруз, Мүслима
(Өлең айтылып жатқанда әр бала аналардың суретін көрсетеді)
Фар-фар: Екі жүргізуші Елжан, Рахош құттықтау сөз:
Елжан: Құрметті аяулы аналар
Рахош: Аяулы әжелер
Елжан:Қадірменді ұстаздар,
Рахош: Ару қыздар төл мерекелеріңіз
Бірге: Құтты болсын!
Рахош: Мерекеміздің сәнін келтіріп , нәрін беретін
Елжан: Әрқашанда жаны жайраңдап жүретін
Мейірхан: Ақылына көркі сай
Хантөре: Мейірімді
Елдар: Сымбатты
Нұрислам: Адал
Бекжан: Сұлу
Ғабидин: Жаны жайсаң
Бірге: Мейірімді анамыз, панамыз, әділ басшымыз
Елжан: Қарлығаш Қапашқызына сөз кезегін береміз.
1.Елдар:
Сен қуансаң менде бірге қуанам
Саған ғана сенемін, жұбанам
Аспандағы ай күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың анашым!
2.Гүлсая:
Менің анам ардақты
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын
Мәпелейді анашым
3.Айсұлу:
Аяулы ана анашым
Ұйқыңды бөліп түн қаттың
Нәрін берді ақ сүтін
Құшағында гүл бақтың
Армандарға жетерміз
Құстай ұшып кетерміз
Ыстық құшақ анашым
Сізді бақытты етерміз
4.Хантөре:
Анашым менің анашым
Мәпелеп өсірген сен едің
Мейірімің қандай керемет
Анашым менің анашым
Анашым аяулы адам сен едің
Серігі болған біздердің
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршы менің анашым
5.Аяла:
Анашым асыл адам сен едің
Біздерді бесігіңмен тербедің
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің
- Бекжан:
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ анам
Менің анам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
7.Айша:
Мәпелеп мені өсірген
Аяулы менің анашым
Жамандықтан жирен деп
Жақсылықтан үйрен деп
Үйреткен мені анашым
8.Ғабидин:
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам!
9.Нұрислам:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Аналарды ардақтап
Бірге: Әдеппен бас иеміз
Диалог: Анасы, қызы «Ана мен қызы»
Өлең айтып жатқанда киім кигізу;
(Баршагүл, Айша қамзол киеді, Гүлсая, Айсұлу пилотка киеді, Ханшайым кесе, Аяла торсық, Еркежан домбыра ұстайды)
1-ші әзіл: Хантөре, Нұрислам
Хантөре: Нұрислам сен білесің бе?
Нұрислам: Нені?
Хантөре: Қарашы көктемнің келгенін бірінші болып қыздар біледі екен!
Нұрислам: Неге?
Хантөре: Қарамайсың ба бұлар сезонмен киінеді, түрлерінің өзі көктем болып тұр ғой, киімдерін қарасай қандай әдемі, көздің жауын алады
Нұрислам: Шыныменде көктем болса болды қыздардың бәрі гүлдей жайнап шыға келеді,қыздарымыз елдің еркесі, осындай сұлу қыздарымыз аман болсын,
Ән: «Қазақ қыздары» Асыл, Мейірхан, Әмина, Тоғжан, Рахош
- Қамзол кигізу Шумағы Баршагүл, Айша қазақша билейді
- Пилотка шумағына Айсұлу, Гүлсая пилот киеді
- шумағына Ханшайым кесе, Аяла торсық
- шумағына Еркежан домбыра
2-ші Әзіл:
Рахымжан:Елжан балабақшада атамандар бар екен!
Елжан: Олар кімдер? (үш бала шығады Хантөре очки ысқырық , Бекжан кепка, Ғабидин спортивка) отырады алдынан
Елдар өтіп бара жатады Хантөре ысқырып шақырады қасына келеді
Ғабидин: Сен ба балабақшада крашпын деп мақтанып жүрген
Елдар: Я мен. Не істейсің?
Ғабидин: Краш сен емес мына мен. Мен жігіттердің любойын жеңіп сындырам, күшім көп.
Елдар: Сен не деп тұрсың? (Жағадан ұстасады)
Екі қыз Мариям, Айша қойыңдар краштар біздің жігіттердің барлығы красавчиктер жүріңдер биге (сүйреп биге алып шығарады)
Жұптық би Роки-рол: Мариям+Елдар, Гүлсая+Бекжан, Айша+Ғабидин, Аяла+Рахымжан, Сымбат+Хантөре
Ән: «Айналайын ақ мамам» Әдеміай, Еркежан
3ші әзіл: әже Мүслима, Рахош
Мүслима: Балам бүгін балабақшадан қандай тамақ іштің? Күнзипа Үбиқызы саған ұрысты ма, бұрышқа тұрғызған жоқ па? ұрысса маған айт
Рахош:жоқ әжетай Кунзипа Убиқызы ұрыспайды, бұрышқа тұрғызбайды, білесіз бе әже, біздің балабақшаның меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызы бізді үнемі мақтап жүреді, амандасқанда басымыздан сипап өтеді, мен ол кісіні қатты жақсы көрем бүгінгі мерекеге оған кішкене тәттімді алып келдім оған берсем боладыма?
Мүслима: Я балам болады (Рахош төс қалтасынан алып конфетін апарып береді)
Хор: «Аппақ әжем ақ әжем» әні
4-ші Әзілдік қойылым: Отбасылық
(әкесі Мейірхан, екі ұлы Елжан, Нұрислам,Анасы Тоғжан үй жинап жүреді)
Әкесі- Мейірхан:ұлдарым қараңдаршы аналарың таңертеңнен кешке дейін үйдің тірлігімен айналысады, бүгін мерекесі ғой аналарыңа көмектесейікҰлдары:жарайды әке
(әкесі ұлдарын алып кіреді, әкесі гүл береді мерекең құтты болсын, Елжан сыпырғышын алады, Нұрислам алжапқышын алып тағады газдың қасына барады)
Нұрислам: Анашым сіз бүгін достарыңызбен қыдырып демалып келіңіз
Тоғжан: Жоқ балам бүгін үйге қонақтар келеді ғой.
Елжан: Анашым уайымдамаңыз сіз үшін бәріне дайынбыз, жақсылап демалыңыз, тек не істеу керек екенін айтып, тізімін жазыңыз
Тоғжан: Әкесі ау шынымен де кете берейін бе, балаларым демалып келіңіз деп мазамды алып жатыр, олай болса кеттім, не керегінің бәрін жазып кеттім
Мейірхан: Еш қам жеме барып демалып кел, ұлдарыммен бірге бәрін дайындаймыз, не істейтінімізді жазсаң болды
(Тоғжан шығып бара жатып ал мен сендерге сендім не дайындау керек бәрін тізіп жаздым, сау болыңдар, аяғына туфли, басына бас киім киеді)
Мейірхан: Ұлдарым аналарыңның тастап кеткен қағазы қайда екен, оқып көрейік (балалары қағазды әкеледі, Мейірхан ашқан болады да мә- мә мынау не деген списка кәне оқып көрейін, тәтті торт, салаттар, бауырсақ, самса, манты, ет асу ой балалар мынаны бүгін бітіріп оқи алмайды екенмін, қонаққа бастысы торт қой керегі кәне торт дайындайық, жарай ма!
Ұлдары: Жарайды әке
Елжан: Әке тортқа қанша ұн қосады
Әке: Шамасы он келі ау
Нұрислам: Әке тұзды қанша салады?
Әке: Екі пакет сал
Елжан: Әке қанша жұмыртқа салам?
Әке: Жетеу сала сал
Нұрислам: Әке оған қара бұрыш па әлде қызыл бұрыш салама?
Әке: Екеуінен де бір-бір қасықтан сал
Әкесі жүгіріп келіп ойбу тортқа бұрыш салмайтын сияқты еді, Нұрислам ойбу әке салып қойдым,әкесі ештеңке етпес, қантты да сала сал
Нұрислам: қанша салайын?
Әке: Екі килограмм сала сал
Әкесі: Дайын болса пешке салайық, мына шашқан жерді жинайық
Ұлдары: Мә әке анам осының бәріне қалай үлгіреді, таң қалып тұрмыз?
Ойбай әке торт күйді, тамақ тасыды не істейміз әке (абыр-сабыр болып жатқанда, анасы кіріп келеді)
Витастың музыкасы қойылады, стоп дыбысы
Әкесі ұлдары шығып не болғанын әрі қарай айтпасада түсінікті,
Мейірхан: Осындай бәріне үлгіріп жүретін ақ жаулықты аналарымыз аман болсын, аналардың құрметіне «Абзал ана» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Абзал ана» Мариям, Айару
(Ұлдар аналарын биге шақырады)
5-көрініс: (Мүслима, Айсұлу, Гүлфайруз,Әдеміай,Тоғжан, Ханшайым)
Мүслима:Кешжарық оқырмандарым мен балабақшадағы достарыммен мерекелік кештемін, кешіміз өте көңілді өтіп жатыр
Айсұлу: Мүслима сен кіммен сөйлесіп келе жатырсың?
Мүслима: Ой прямойда отырмын
Айсұлу: Бәсепрямой эфир деген осы ма, менің анам әкем жұмысқа кеткенде бірыңғай истаграммда прямойда отырады.
Гүлфайруз: Ал менің әжем атама газет беріп қойып, ал өзі ютуб көріп отырады (бәрі күледі)
Әдеміай:Ал менің анам тик-токты қосып қойып самса, бауырсақ пісіргенін видеоға түсіріп отырады
Тоғжан: Қандай қызық иә қыздар қәне барлығымыз би билеп прямой эфирге кірейік
Би: «Монопад»(Айсұлу, Мүслима, Гүлфайруз, Ханшайым, Әдеміай, Тоғжан)
Тик-ток Әмина кіреді;сәлем достар осы сендер видеоларыңды қандай әлеуметтік желілерге саласыңдар?
Барлығы: Әрине тик-токка, истаграммға, фейзбукқа саламыз
Еркежан: О сен тик-ток емессіңбе, бұнда неғып жүрсің?
Әмина: Сендер мені жақсы көресіңдер ме?
Еркежан: Әрине жақсы көреміз, пайдаңда бар, зиянды жеріңде бар, бірақ тик-токсыз еш нәрсе бітпейді
Әмина: Ал менің қандай зиянды жерім бар?
Еркежан:Зиянды жерің адамдардың миын улап тастаңыз, пайдаңыз сіз арқылы адамдар көп ақша тауып жатыр
Әмина: Жарайды мен сендерді түсінемін, барлық адамдар бізді тек жақсы жақтарына пайдаланса, ұялы телефонды көп көрмесе деймін, мен тек соны айтуға келдім сауболыңдар!
Еркежан: Тик-ток біз бүгін әже, аналарымыздың мерекесін тойлап жатырмыз бізбен бірге болуға келісесің бе?
Әмина: Жарайды қуана, қуана келісемін
Жүргізушілер шығады;
Рахош: - Елжан бүгінгі мерекеге аналарымыздың да айтатын жылы лебіздері бар шығар тыңдасақ қалай қарайсың?
Елжан:Әрине ендеше микрофон ұсынайықата-аналарға микрофон ұсынылады Ата-аналардың жылы лебізі
Би: «Заманауи»Айару , Асыл, Баршагүл, Еркежан, Әмина, Мейірхан, Елжан, Нұрислам
Жүргізушілер ортаға шығады:
Елжан: Құрметті ақ жаулықты аналар, қадірлі ұстаздар «Сен бақытты анасың» атты мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті
Рахымжан: Құрметті қонақтар!біздің мерекелік концертіміз фейзбукка салынады, егер сіздерге ұнаса міндетті түрде лайк басып, пікір жазуды ұмытпаңыздар!
Екеуі бірге: Бұның бәрі әрине қалжын, әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпесін, сау саламатта болыңыздар!
Ән: «Сен бақытты анасың!»